5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет260/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ
Смагулова 1рк Ги
Қосымша тaпcырмaлaр 
1.
 
Рөлдік ойынды ұйымдастырыңыз.
 
Сыныппен әр 
тайпаның өкілдері жиналған құрылтайға шақырыңыз. 
Құрылтайға бес тайпаның өкілдері қатысады. Тайпа 
өкілдерін сомдаған топтар өздері жайлы ақпаратпен 
алмасып, сол заманның өзекті мәселелерін (көрші 
мемлекеттердің шабуылдары, әлеуметтік теңсіздік, 
әскери жорықтар, шаруашылық) талқылайды. 
2. «Ежелгі дәуірдегі өмір» тақырыбы аясында ба-
яндамалар дайындайды. Оқушылар ежелгі кезең-
де өмір сүрген адамдар өмірінің бір аясын таңдап, 
оған толық түсіндірме береді. Мысалы, қоғамдық 
құрылыс, әскери өнер, шаруашылықтың дамуы, дү-
ниетаным мен наным-сенім және т.б.
Сынып бірнеше топқа бөлінеді. Тапсырма:
1-топ. Қазақстандағы көшпелі мал шаруашылығы-
ның қалыптасу жолының тарихы.
2-топ. Ежелгі дәуірдегі еңбек-құралдары мен қа-
ру-жарақтардың жетілу кезеңдері.
3-топ. Сарапшы топ. Топ мүшелерінің саны тақ 
болуы керек. 
Тапсырманы орындау үшін пікірталас ұйымдасты-
рылады. 
1. Бірінші және екінші топ өз көзқарастары мен 
ұстанымдарын қорғау үшін жобалық жұмыстар әзір-
лейді. Екі топтың да мақсаты – сарапшы топтың ал-
дында өз тақырыптарына қатысты ақпаратты сенімді 
дәлелдеп, көп дауысқа ие болу. Қай топ көп дауысқа 
ие болса, сол топтың жұмысы жемісті болды деген 
сөз. 
2. Сарапшы топтың қызметі – жобалық жұмысты 
қорғау кезінде сұрақтар қоюы, кейін өзінің қай топ-
ты таңдағанын және оны неге таңдағаны туралы 
дәлелдеп беру. Сонымен қатар екі топты критерий-
лері бойынша бағалап, мұғалімге тапсыру керек.
3. «Сырт көз» – бұл мұғалімнің сарапшылардың 
жұмысын бағалауы.
"Ол сарапшылар қаншалықты сұрақ қоя алды, 
қаншалықты әділ баға берді? Өз таңдауларын ашып 
айта алды ма?" деп, қадағайды.
Екі топ өз жобаларын қорғап болған соң, сарапшы 
топтар өз пікірлерін айтып, екіге бөлініп тұрған топ-
тың бірін таңдап, солардың қасына барып тұрады.
Ойлау картасы.
Топтық тапсырма ретінде тара-
уды немесе пәнді аяқтағанда қайталау тапсырмасы 
түрінде, алған білімдерін жүйелеу үшін өткізуге бо-
лады. Берілген сұрақ төңірегінде миға шабуыл жа-
сап, сұрақтың жауабын жүйелеу үшін тірек-сөздер-
ден ойлау картасын жасайды. Біріншіден, оқушылар 
жеке ойланып, тірек-сөздерді жазып, кейін топта 
бірігіп, тұжырымдарын ватманға ойлау картасы 
ретінде түсіріп, соңынан бүкіл топқа түсіндіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет