7-тарау.
Ежелгі Қазақстан тарихына шолу
165
Критерийді басшылыққа алып, өзара талқылау
жүргізеді. Жұптар өзара пікір алмасады. Соңында
жалпы сыныптық талқылау ұйымдастырыңыз.
Жауаптары.
Ұлы
Жібек жолының бойында ме-
кендеген тайпалардың шаруашылығы өркендеп да-
мыды. Олар шығыс және батыс елдерімен сауда-сат-
тық жасасты. Осы сауда керуен жолы арқылы әлемге
әйгілі болған жібек матасы Қытайдан Орта Азия, ба-
тыс елдеріне тасымалданды. Бұл сауда жолы өнер,
дін, мәдениеттің дамуына зор үлес қосты. Қолөнер
қалыптасып, қала саны өсті.
Көшпелілер құрылтайы
Оқушыларды бірнеше топтарға біріктіріңіз.
Мұғалім оқулықта берілген дәйкесөздерді (цитата)
түрлі түсті парақтарға бөлек-бөлек жазып, парақтар-
ды аударып қояды. Әр топтан бір спикерден шығып,
бір парақты таңдайды. Одан кейін топ мүшелері ор-
таларынан бір оқушыны таңдап, тайпа көсемі рөліне
дайындайды. Көсем рөлін ойнайтын оқушы: «Мен
басқаратын халық ...», – деп өз тайпасын таныстыра-
ды. Рөлдік ойынға мұғалім алдын ала жасалған кри-
терийлерді ұсынады. Мысалы:
• халқының өмір сүру
хронологиясы;
• мекендеген аумағы;
• қоғамдық құрылысы;
•
мәдениеті;
• әлеуметтік жағдайы;
• саяси жағдайы (ішкі және сыртқы).
Топтар өз көсемдерін дайындап болғаннан кейін,
қалған оқушылар құрылтайға қатысушылар болады.
Достарыңызбен бөлісу: