Себебін анықтаңдар
Бұл тапсырманы орындау үшін, оқушыларды топ-
тарға бөліңіз. «Не себепті ежелгі дәуір адамдарының
кәсіптері мен шаруашылықтары өзгеріске ұшы-
раған?» – деп сұраңыз. Топтарға зияткерлік карта
арқылы түсіндіру керек екенін сұраңыз. Постерлерді
сынып қабырғасына іліп қояды. Әр топтан бір спи-
кер топ жұмысын қорғайды. Қалған топтар тыңдай-
ды. Спикер жұмысты қорғап болған соң: «Сендер
келісесіңдер ме?" – деп басқа топтардан сұраңыз.
Келесі топтардан келіспейтін оқушы немесе толықты-
рамын деушілер болса, қол көтеріп айтуын сұраңыз.
Осылай барлық топ өз жұмыстарын қорғап шығады.
Жауаптары.
Қола дәуірінде мал шаруашылығы қа-
лыптаса бастады. Уақыт өте келе, ерте темір дәуірінде
ауа райы күрт өзгеріске ұшырайды. Енді бұрынғыдай
егін егу тиімді болмай қалды. Себебі, жауын-шашын
аз жауып, қуаңшылық пайда болды. Мұндай жағдай-
да адамдар шаруашылықтың жаңа тәсілі – көшпелі
мал шаруашылығына көшті. Адамдар жылқы, түйе,
сиыр, қой асырады. Мал жайылымына байланысты
көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшы шару-
ашылық түрлері қалыптасты.
3-тапсырма
Сынып тақтасына жазылған "көшпелі, адамдар,
азық, кәсібі, шаруашылық, мал, егіншілік» деген тірек
сөздерді пайдаланып, сөйлем құрастыруды оқушы-
ларға тапсырыңыз. Бұл тапсырманы оқушылар жеке
орындайды.
Жауаптары.
Ежелгі адамдардың
кәсібі
терімшілік
болған. Олар шөптің тамырларын, құстың жұмыртқа-
сын және жеміс-жидектерді
азық
етті. Темір дәуірінде
Қазақстан аумағында дамыған
шаруашылық
түрі –
көшпелі
мал
шаруашылығы болды. Сонымен бірге
тайпалар қосымша
егіншілікпен
де айналысқан.
Бағалау мүмкіндіктері
Оқушылар: сабақта берілген жинақтаушы тапсы-
рмалар арқылы жыл бойы алған білімін еске түсіріп,
ойларын жинақтайды. Оқушыларға алдын ала жеке
топтық бағалау критерийлерін ұсыныңыз. Оқушы
тапсырманы критерий бойынша дәлелдеуі керек.
Үлгі:
Критерийлер
Менің
баға-
лауым
Топты
баға-
лау
Мұға-
лімнің
баға-
лауы
Мен топ жұмысына өз
үлесімді қостым
Мен
сыныптастарымды
тыңдаймын,
ұсынысын қабылдай
аламын
Мен өз ойымды
түсіндіріп, нақты
дәлелдер келтіре
аламын
Мен жаңа идеяларды
ұсына аламын
Достарыңызбен бөлісу: |