7-тарау.
Ежелгі Қазақстан тарихына шолу
163
және найзаның ұштары жасалған. Темір дәуірінде
қару-жарақтар мен еңбек құралдарының барлығы
біртіндеп темірден жасалды. Түрлі металдарды иге-
ру арқылы адамдардың өмірі жақсарды. Көшпелілер
жаңа жайылымдық жер үшін, жаңа жерлерді жаулап
ала бастады. Көршілес елдермен сауда қарым-қаты-
насын орнатты.
2-тапсырма
Сынып оқушыларын топтарға бөліңіз. Оқушы-
лар оқулықтағы сурет бойынша, ежелгі адамдар-
дың кәсібі мен шаруашылық түрлерін еске түсіреді.
«Өзіңді осыдан 7–5 мың жыл бұрын өмір сүрген адам
ретінде елестетіп, егіншінің өмірін сипаттауды сұра-
ныңыз. Бұл тапсырманы рөлдік ойын арқылы көр-
сетуіне болады. Осылай барлық топ өз жұмыстарын
қорғап шығады.
Жауаптары.
Егінші: "Мен таңертең ерте тұрып, қо-
лыма кетпен алып, егістік алқабына барамын. Онда
мен өсімдіктерді сұрыптап, жерге отырғызамын.
Менің ата-бабаларым алғашқы кезде aғаш баcында
өcіп тұpған жeміс-жидектepді тepіп, табиғаттың дай-
ын өнімдерімен қоректенген. Ал мен қазір жеміс-жи-
дектерді өзім егіп, артық өнім жинаймын. Артық
өнімді ұста мен шеберге апарып, қажетті құрал-сай-
мандарға айырбастаймын. Менің жерімнің көлемі
артқан сайын, өнімді де мол алатын боламын.
Достарыңызбен бөлісу: