5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет252/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ
Смагулова 1рк Ги
Ежелгі Қазақстан тарихына шолу
161
Тайпа атаулары
Антропологиялық 
ерекшеліктер
Андрондықтар
Сақтар
Ғұндар
Ой-түйін 
(екі сөйлемнен аспайтын қорытынды жазу)
Кейін алдын ала дайындалған себептер жазылған 
кеспеқағаздарды таратыңыз. Оқушылардың міндеті: 
топта талқылап, осы себептердің ішінен негізгі екі се-
бепті анықтау. 
Мысалы:
1) тайпалардың қоныс аударуы;
2) табиғи-географиялық жағдай;
3) тайпалардың бір-бірімен араласуы (ассимиля-
ция).
Жауаптары. 
Моңғолоидтық белгілер ғұндар-
дың ықпалына байланысты пайда болды. Қазақстан 
аумағын мекендеген тайпалар олармен тығыз қа-
рым-қатынаста болған.
Салыстырыңдар 
Оқушылар жұппен мәтіндегі суреттерді салыс- 
тырып, оларды өзара сәйкестендіреді. Үйсіндердің 
тұрпатын анықтайды. Яғни, үйсіндердің еуропеоид-
тық нәсілге жатқанын, бірақ моңғолоидтық белгілер
басым болғанын түсінеді. Үйсіндерде моңғолоидтық 
белгілердің басым болу себебін түсіндіреді. Бұдан 
соң сарматтардың тұрпаттық белгілерін сипаттайды. 
Үйсіндермен салыстыра отырып, ұқсастықтары мен 
айырмашылықтарын атап, түсіндіреді. Сонымен қа-
тар мәтіндегі үйсіндер мен сарматтардың тұрпаттық 
сипатын суретімен салыстырып, дәлелдейді.
Жауаптар. 
Үйсіндердің бас сүйегі орташа, 
маңдайы тайқы, бет сүйегі мен кеңсірігі шығыңқы, 
қабағы дөңес, мұрны орташа. Үйсіндер ғұндармен 
бір мезгілде, көршілес өмір сүргендіктен, моңғо-
лоидтық белгілер көбейе түседі. Сарматтардың бас 
сүйегі үлкен, мұрын сүйегі дөңес, көз ұясы биік. Ұқ-
састықтары: екеуінің де мұрындары дөңес, орташа. 
Айырмашылықтары үйсіндердің бас сүйегі орташа, 
сарматтардың бас сүйегі үлкен және т.б. 
Бағалау мүмкіндіктері
Оқушылардың андроновтық тұрпатты сипаттауы; 
андрондық және сақ тайпаларының тұрпатын мәтін 
және сурет арқылы тегімен салыстырып, дәлелдеуі; 
үйсіндердің тұрпатын анықтауы; үйсіндерде моңғо-
лоидтық белгілердің басым болу себебі – олардың 
ғұндармен бір уақытта, көршілес өмір сүргенін түсін-
діруін; сарматтарды үйсіндермен салыстыруын; темір 
дәуірі тайпаларының тұрпаттық өзгерістерге ұшырау 
себептерін анықтап, маңыздылығына сәйкес орна-
ластыруы; кеспеқағаздармен сәйкестендіру тапсыр-
маларын орындау барысында жеке, жұптық, топтық 
бағалау ыңғайлы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет