160
7-тарау.
Ежелгі Қазақстан тарихына шолу
7.1.
Ежелгі Қазақстан адамдарының
антропологиялық тұрпаты (2-сабақ)
Оқу мақсаты
5.1.1.2 Ежелгі Қазақстан адамдарының
антропологиялық тұрпатын анықтау.
Тірек сөздер
генетикалық байланыс
Ресурстар
1. Ежелгі Қазақстан
тайпаларының тұрпатын
көрсететін суреттер мен кеспеқағаздар.
2. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге
дейін. I том. – Алматы, Атамұра, 2010.
3. Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. I том. – Ал-
маты, 2005. – 382 б.
Оқулық: Ежелгі Қазақстан адамдарының антропологиялық тұрпаты,
160-161-бет.
Зерттеу сұрағы:
Ежелгі Қазақстан адамдары-
ның антропологиялық тұрпаты қалай өзгерді?
Сабаққа дайындық
Ежелгі Қазақстан
тұрғындарының қалпына кел-
тірілген тұрпатын көрсететін суреттерін қағазға
шығарып немесе слайдты көрсетілім түрінде дайын-
даңыз. Оқушыларға топпен жұмыс орындау үшін
8 кеспеқағаз дайындаңыз. Кеспеқағаздардың төр-
теуінде андрондық, сақ, сармат, үйсін тайпаларының
тұрпатын сипаттайтын мәтін болуы тиіс. Қалған 4
кеспеқағазға қорымдардан
табылған тайпа адамда-
рының реконструкциясының суреті беріледі. Ре-
конструкцияда қай тайпа адамы екенін жұмбақ
қалдырыңыз. Себебі, оқушылар мәтін негізінде кес-
пеқағаздағы сурет арқылы
тайпа адамын анықтауы
тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: