Сабақтың деректі материалдары
Моңғолоидтық қоспаның пайда болуымен бай-
ланысты сақтарда еуропеоидтық белгілер өзгерді.
Қазақстанның әртүрлі аумақтарындағы сақтардың
генетикалық тұрғыдан өзара жақындығын көре ала-
мыз. Таулы Алтай мен Оңтүстік Қазақстаннан алынған
материалдар осы аймақ тұрғындарының өзара ұқсас
екенін көрсетеді. Көне үйсіндердің нәсілдік тұрпа-
ты: моңғолоидтық белгілері жоғары. Әсіресе, әйел
адамдарда моңғолоидтық белгілер анық байқалады.
Қола дәуіріне қарағанда сақтарда еуропеоидтық тұр-
пат әлсіреді.
Сарматтардың да түр-әлпеті үйсіндермен ұқсас,
моңғолоидтық элементтер қосылған.
Моңғолоидтық белгілер Қазақстан аумағына ғұн-
дардың Орталық Азиядан қоныс аударуымен кең та-
ралды. Ғұндардың қорымдарының аз болуы олардың
дене пішімі тұрғысынан қандай болғанын анықтауға
қиындық туғызуда. Ежелгі көшпелілер ұзақ уақыт
аралығында миграциялық үдерістердің нәтижесін-
де өзгеріске ұшырады. Бұл тайпалардың ұлы қоныс
аударуымен байланысты екені күмәнсіз. Нәтижесін-
де еуропеоидтық-моңғолоидтық негізде жергілікті
тұрандық нәсіл нұсқасы қалыптасты.
Сабақ басында оқушыларға М. Жұмабаевтың
«Пайғамбар» өлеңінен үзінді оқып беріп, «Жүзімді
де, қысық қара көзімді» деген өлең жолдары туралы
ойлануды тапсырыңыз. Бұл өлең жолдары арқылы
оқушылар ғұндар – қазақтардың ата-тегі екенін
түсінуі тиіс.
Отты көзді, отты жанды Ғұн туған,
Отты Ғұннан от боп ойнап мен туғам.
Жүзімді де, қысық қара көзімді,
Туа сала жалынменен мен жуғам.
Анықтаңдар
Оқушылар жеке мәтінмен жұмыс негізінде сақтар-
дың тұрпаттық белгілерін және өзгерістерді анықтай-
ды. Оқушылар жұппен мәтіндегі сақтардың тұр-
паттық сипатын Шірік-Рабат қорымынан табылған
адамның суретімен салыстырып, дәлелдейді. Еуропе-
оидтық нәсіл белгілерімен қатар моңғолоидтық бел-
гілер тарала бастағанын түсінеді.
Жауаптары.
Сақтар андрондықтар сияқты еуро-
пеоидтық тұрпатқа жатады. Бірақ кейін сақтарда кей-
бір моңғолоидтық тұрпат белгілері пайда болады.
Ойланыңдар
"Неліктен ерте темір дәуірінің тайпаларында
моңғолоидтық белгілер пайда бола бастады?" де-
ген сұраққа жауап беру үшін, алдымен топтарға
қола дәуірінің, темір дәуірінің сақ, үйсін, ғұн тайпа-
лары өкілдерінің нәсілдік белгілері туралы мәлімет
ұсыныңыз. Қола дәуіріндегі еуропеоидтық нәсілден
темір дәуіріндегі тайпалардың біртіндеп өзгеруін
төмендегі салыстырмалы кестеге түсіртіңіз.
7-тарау.
Достарыңызбен бөлісу: |