5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ


Жауаптары.  Негізгі нәсіл түрлері: еуропеоид, не- гроид, моңғолоид



Pdf көрінісі
бет249/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Жауаптары
Негізгі нәсіл түрлері: еуропеоид, не-
гроид, моңғолоид.
 
Адамдардың тұрпатын бас пен 
бет пішініне, дене бітіміне, тері, шаш, көз түсіне қа-
рап анықтайды. Ал табылған ежелгі адамның тұрпа-
тын ғалымдар бас, қаңқа сүйектерін зерттеу арқылы 
анықтайды. 
Сипаттаңдар
Оқушылар андроновтық тұрпаттың белгілерін 
атайды. Тапсырманы орындау үшін, алдымен, орын-
дықтарды шеңбер жасап қойыңыздар. Егер қажет 
болса, сөйлеушіні білдіретін бір затты алыңыз (мыса-
лы, доп). Бөлме ішінде оқушыларға арналған ынта-
ландыру материалдарын орналастырыңыз. 
Жаттығудың сипаттамасы.
Тақырыппен танысты-
рыңыз. Оқушыларға ынталандыру материалдарын то-
лығымен қарауға бірнеше уақыт беру керек. Оқушы-
лар шеңберге оралғанда, жауап беруі тиіс. Тақырыпқа 
қатысты сұрақтарды ойластыру үшін, оларға бір екі 
минут уақыт беріледі. Осылайша дауыс беру және 
сұрақтарды талқылау анықталады. Мұғалім әр оқушы-
ның қатысуын қамтамасыз ету үшін топпен бірге әре-
кет ете отырып, делдал ретінде қатысады. 
Жауаптары. 
Андронов мәдениетіне жататын ар-
хеологиялық ескерткіштер Солтүстік, Орталық және 
Шығыс Қазақстан аумақтарында көп кездеседі. Бұл 
аумақтардан табылған бас сүйектерді зерттегенде 
андроновтық тұрпат анықталды. Андроновтық тұр-
паттың белгілерін академик В.П. Алексеев сипаттады. 
Яғни, олардың бас сүйегі үлкен, беті дөңгелек, мұры-
ны көтеріңкі келеді. Сонымен қатар мәтіндегі андро-
новтық тұрпаттың сипатын Тобыл өзенінің жоғары 
ағысынан табылған андрондық суретімен салысты-
рып, дәлелдейді.
Дәлелдеңдер
Оқушылар ғалымдардың Ойжайлау, Зеваки-
но және қима тайпаларының қорымдарын зерттеу 
арқылы жасаған қорытындыларын атап, мәтіннен 
үзінділер келтіру арқылы және 3-сурет мәліметтері 
арқылы дәлелдейді. Оқушылар өз қорытындылары 
мен дәлелдерін дәптерге жазады. Жұп құрып, жауап-
тарын салыстырады. Жұбымен ортақ қорытындыға 
қол жеткізіп, оны жазып алады. Бұдан соң 4 адам-
нан тұратын топ құрылып, ортақ қорытындыға келіп, 
дәлелдеп, оны жазып алады. 4 адамнан тұратын топ 
8 адамнан тұратын топқа айналады. Осылайша сы-
ныптық қорытындыға жеткенше үдеріс жалғасады. 
Соңында сыныптық қорытынды жасалып, дәлелдер 
келтіріледі.
Жауаптары. 
Ойжайлау, Зевакино қорымдары 
адамдарының тұрпаты андроновтықтарға ұқсас.
Олар Орта Азия халықтарымен тығыз байланыста 
болған. Қима тайпаларының да андроновтықтармен 
ортақ белгілері өте көп. Қорытындылай келе, қола 
дәуірінің барлық тұрғындарына еуропеоидтық тұр-
пат тән болды.
Сабақтың соңында оқушылардан кері байланыс 
алу мақсатында «Білемін. Білдім. Білгім келеді» 
кестесін толтыруды сұраңыз. Бұл кестеде оқушылар 
«Білемін» бағанына жаңа тақырып мазмұны бойын-
ша осы сабаққа дейін білген мәселелерді, ұғымдарды 
жазады. «Білдім» бағанына сабақ барысында білген 
мәселелерді, ұғымдарды жазады. Ал «Білгім келеді» 
бағанына жаңа тақырып бойынша өзіне түсініксіз 
болған, әлі де білгісі келетін мәселелер мен ұғымдар-
ды толтырады. Соңында бағандардағы жазбаларын 
салыстырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет