5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ


Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі



Pdf көрінісі
бет12/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі
1.1.
Алғашқы адамдардың өмірі (1-сабақ)
Оқу мақсаты
5.1.1.1 Алғашқы адамдардың антропологиялық 
белгілерін сипаттау.
Тірек сөздер
антропология
питекантроп
неандертальдық
кроманьондық
Ресурстар
1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дей-
ін. І том. - Алматы: «Атамұра» 2010.
2. Жанайдаров О.К. Көркемсуретті Қазақстан та-
рихы. - І том. Қазақ энциклопедиясы, 2006. 
Оқулық: Алғашқы адамдардың өмірі, 
10-11-бет.
Зерттеу сұрағы:
 
алғашқы адамдар қалай 
өмір сүрді?
 
Сабаққа дайындық
Сабаққа дейін алғашқы адамдар: питекантроп-
тың, неандерталь адамының, кроманьонның су-
реттерін тақтаға іліп қойыңыз. Осы адамдардың 
сипаттамалары жеке жазылған 3 кеспеқағаз дай-
ындаңыз.
 
1-кеспеқағаз.
 
Бұл – питекантроп адамы. 
Оның қолы ұзын, маңдай сүйегі шығыңқы. Шамамен 
Қазақстан жерінде 1 млн жыл бұрын өмір сүрген. 
Ең алғаш қаңқасы Ява аралынан табылған.
 
2-кес- 
пеқағаз. Бұл –
 
неандерталь адамы. Оның ми көлемі 
питекантроптан үлкенірек, денесінде түгі азайған, 
иек сүйегі қалыптаса бастаған. Жер бетінде 100–35 
мың жыл бұрын өмір сүрген. Қаңқасы алғашқы рет 
Германиядағы Неандерталь жазығынан табылған. 
3-кеспеқағаз.
 
Бұл –
 
кроманьон. Оның маңдайы жа-
зыңқы, денесі тік, қолдары қысқарған. Жер бетінде 
40–35 мың жыл бұрын пайда болған. Қаңқасы алғаш 
Франциядағы Кро-Маньон үңгірінен табылған. Пла-
катқа питекантроп, неандерталь, кроманьон адамы-
ның қалыптасып, өмір сүрген кезеңдері көрсетілген 
уақыт сызығын дайындаңыз. 
Сабақтың деректі материалдары
Қазақстан аумағында алғашқы адамдар бұдан
1 миллиондай жыл бұрын пайда болған. Бұл кезең 
– жер бетінде питекантроп адамының өмір сүр-
ген мерзімі. Қазақстаннан тас дәуіріндегі алғашқы 
адамдардың қаңқасы табылмаған. Дегенмен бұл 
мәселені тарихшылар дүниежүзілік контексінде қа-
растырып, питекантроп адамы – Қазақстан жерін 
алғашқы қоныстанушылар деп негіздеген. Пите-
кантроптан кейін, мұз басу дәуірімен тұстас неан-
дерталь адамы қалыптасқан. Ал кейінгі палеолитте 
кроманьон адамы өмір сүрді. Кроманьон қалып-
тасқанға дейін, алғашқы адамдар өте ұзақ уақытта 
баяу өзгеріске ұшырады. Әлемнің түкпір-түкпірі-
нен табылған алғашқы адамдардың қаңқалары бұл 
үдерістің қанша уақытқа созылғанын анықтауға 
мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет