5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет13/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Сабаққа қатысты ескертпелер
Оқушылар оқу мақсатына жету үшін алғашқы 
адамдардағы өзгерістердің мыңдаған жылдар бойы 
баяу өткенін түсінуі керек. Сабақ барысында орын-
далатын іс-әрекеттер алғашқы адамдардың өзгеріс- 
терінің прогрессивті екенін түсінуге бағытталады. Әр 
даму сатысында адамның жаңа дағдыларды меңге-
руі оның тіршілігін жеңілдетті. Антропологтардың 
зерттеуіне сүйеніп, осы сабақта үш алғашқы адамдар 
өкілінің өзгерістері туралы оқушылар өздері түсі-
нетіндей тапсырмалар ұсыну қажет. Суретте беріл-
ген питекантроп, неандерталь, кроманьон адамдар-
дың тұрпатына антропологиялық сипаттама жасап, 
олардың әр сатыдағы өзгерістерін ажырата алады. 
Мәтіндегі ақпараттар мен орындалатын тапсырма-
лар арқылы оқушылар алғашқы адамдардың санасы 
мен қабілетінің де өзгергенін түсінеді.
"Сабақтың басында оқушылардан алғашқы 
адамдар жайлы не білесің?" – деп сұрап көріңіз. 
Оқушылар бастауыш сыныпта алғашқы адамдар 
бойынша танысқан ақпараттарын есіне түсірулері 
керек. Бұл оқушылардың жаңа сабаққа ынтасын ау-
дартады. 
Суреттерді салыстырыңдар
Оқушыларға тақтадағы 3 адамның суретін көр-
сетіңіз. Оларға: "Осы адамдардың ішінде қазіргі 
адамға көбірек ұқсайтыны қайсысы?" – деген сұрақ 
қойыңыз. Оқушылар дамыған адамды көрсете 
отырып, өз жауабын түсіндіруі тиіс. Осы тапсырма 
арқылы оқушылар әр адам өкілінің сыртқы келбеті-
не, олардың айырмашылықтарына назар аударады. 
Яғни, суреттегі алғашқы адамдардың тұрпатын салыс- 
тырады. Осы тапсырмадан кейін оқушыларға "ан-


1-тарау. 
Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі
11
тропология" ұғымын түсіндіріп кетіңіз. Жаңа ұғымды 
дәптерлеріне жазып қоюды сұраңыз.
Жауаптары
. Үшінші суретте ең дамыған адам 
көрсетілген. Бұл адам қазіргі адамдарға көбірек 
ұқсайды. Оның бет-пішіні мен дене құрылысынан 
қазіргі адамдарға ұқсастығын байқаймыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет