5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет14/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Сәйкестендіріңдер
Алдын ала дайындалған сөйлемдер жазылған 
кеспеқағаздарды оқып беріңіз немесе осы сөйлем-
дерді тақтаға жазып көрсетіңіз. 1-кеспеқағазда пи-
текантроп адамы, оның қолы ұзын, маңдай сүйегі 
шығыңқы. Шамамен Қазақстан жерінде 1 млн жыл 
бұрын өмір сүрген. Ең алғаш қаңқасы Ява аралынан 
табылған.
 
2-кеспеқағазда неандерталь адамы, оның 
ми көлемі питекантроптан үлкенірек, денесінде түгі 
азайған, иек сүйегі қалыптаса бастаған. Жер бетінде 
100–35 мың жыл бұрын өмір сүрген. Қаңқасы Герма-
ниядағы неандерталь жазығынан табылған. 3-кес- 
пеқағазда кроманьон бейнеленген. Оның маңдайы 
жазыңқы, денесі тік, қолдары қысқарған. Жер бетін-
де 40–35 мың жыл бұрын өмір сүрген. Қаңқасы 
алғаш Франциядағы кроманьон үңгірінен табылған. 
Енді осы сөйлемдер жазылған кеспеқағаздарды 
топта талқылап, суреттермен дұрыс сәйкестендіруін 
сұраңыз.
Жауаптары
. 1-кеспеқағазда питекантроп, 2-кес- 
пеқағазда неандерталь, 3-кеспеқағазда кромоньон 
адамдарының суреттері болса, дұрыс жауап ретінде 
қабылданады.
Анықтаңдар 
Алғашқы адамдардың даму сатылары мен сыртқы 
өзгерістері, табылған жерлері, өмір сүрген мерзім-
дерін білгеннен кейін, оқушылардың назарын кро-
маньон адамының өзгерістеріне аударыңыз. Ең 
маңыздысы кроманьон адамында қалыптасқан қа-
білеттерді анықтайтындай талқылау жүруін қадаға-
лаңыз. Тапсырманы оқушылар жұппен орындайды. 
Венн диаграммасындағы 3 дөңгелекке "питекан-
троп", "неандерталь", "кроманьон" адамдары деген 
сөздер жазылады. Осыдан кейін олардың ұқсас- 
тықтары мен айырмашылықтарын жұптар стикер-
ге жазып, дөңгелектерге жабыстырады. Тапсырма 
саралауға бағытталған. Кейбір оқушылар 1-2 айыр-
машылық пен ұқсастықты анықтаса, деңгейі жоғары 
оқушылар ізденіп, көбірек айырмашылық пен ұқсас- 
тықты анықтайды. 
Оқушыларға "Уақыт сызығы" суретін көрсетіңіз. 
Бұл уақыт сызығы саналы адам қалыптасқанға дей-
ін алғашқы адамдар өте ұзақ уақытта баяу өзгеріске 
ұшырағанын пайымдауға көмектеседі. Әлемнің 
түкпір-түкпірінен табылған алғашқы адамдардың 
қаңқалары бұл үдерістің қанша уақытқа созылғанын 
анықтауға мүмкіндік берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет