3-тарау.
Сақтар
89
2-топ. Ат-әбзелдері: ауыздық, үзеңгі. Ғұрыптық, тұр-
мыстық бұйымдар: айна, қазан, әшекей бұйымдары.
3-топ. Темір және қола құю шеберлері болған.
Қола айна, құрбандық табақтар сақтардың на-
ным-сенімдерін білдіреді. Діни ғұрыптарды сақтаған:
өлген адаммен заттарды бірге жерлеу о дүниеде өмір
бар дегенге сенген. Ауыздық, жүгендердің
табылуы
мал шаруашылығының дамығандығын, көшпелі мал
шаруашылығы негізгі кәсіптің түрі болғандығын біл-
діреді. Қару-жарақтардың табылуы сақтардың жа-
уынгер халық болғандығын айғақтайды.
Ойланыңдар
Сіздің
ойыңызша, «мұртты» обалар сақтардың
діни
наным-сенімі, дүниетанымы туралы жеткілікті
ақпарат береді ме? Сынып бөлмесінің төрт бұрышы-
на ғалымдардың пікірлері және «мұртты» обалардан
табылған бұйымдар туралы ақпарат жазылған А3
пішініндегі парақты іліңіз. Оқушылар, алдымен, 3 ми-
нут ішінде барлық пікірлермен таныссын. Кейін қай
көзқарасты
жақтайтындығын шешіп, сол бұрышқа
барып қосылуы керек. Түрлі көзқарастарды ұстанған
оқушылар сыныптың бұрышына барып тұрады.
Оқушылар шағын топ
ішінде өздерінің көзқараста-
рын қуаттайтын дәлелдер іздейді. Топтарға мәтіндер
беріңіз. Спикерлер 1-2 минут аралықта өз топтары-
ның ұстанымдарын айқындайды. Пікірталас кезін-
де оқушыларға
өз көзқарастарын өзгертіп, басқа
топтарға ауыса алатындығын ескертіңіз.
Бұл жағдай
топтың басқа мүшелерінің жауапкершілігін көтереді:
олар жақтастары көбейту үшін пікірталаста дәлелді
болуға тырысады.
Достарыңызбен бөлісу: