5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет224/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Сабаққа қатысты ескертпелер 
Оқушылар өткен тақырыптарда ғұндардың қоныс 
аудару себептері, Қазақстан жері арқылы батысқа қоныс 
аудару, олар әкелген өзгерістер туралы қарастырған бола-
тын. Бүгінгі сабақта ғұндардың Еуропадағы жеңімпаз 
жорықтары, әскери өнерінің дами түсуі, ғұн билеушісі 
Аттила туралы мәліметтермен танысады. Сабақ кон-
цептісі – "дәлел" болғандықтан, тақырып көбінесе де-
ректерге негізделіп, оқушылар деректермен жұмыс 
жасап, дәлелдер келтіріп, ой қорытады. 
Сабақ басында тақтаға Аттила бейнеленген су-
рет немесе слайд қойыңыз. Онда кейіпкердің кім 
екені жасырын болуы тиіс. Бұдан соң оқушыларға 
«Бұл кім?» деген сұрақ қойыңыз. Оқушылар болжау 
арқылы түрлі жауаптар береді. Мүмкін кейбір оқушы-
лар дүниежүзі тарихы пәніндегі бойынша немесе 
өздерінің қосымша білімдері негізінде дұрыс жауап
береді. Аттиланың әлем тарихында маңызды орын 
алатын тарихи қайраткер болғанын атап өтіңіз.


5-тарау. 
Ғұндар
139
Уақыт сызығымен жұмыс 
Оқушылар 
«Ғұндар Еуропада»
мәтінімен жеке 
танысады. Еуропада Ұлы ғұн империясы қалай 
құрылғанын түсіну үшін мәтіннен империяның 
құрылуы туралы маңызды оқиғаларды уақыт сы-
зығына орналастырады.
 
Ғұндардың Еуропадағы 
жаулаушылық жорықтарын хронологиялық тәртіп-
пен уақыт сызығына орналастыру арқылы оқушылар 
Аттила басқарған кезең Батыс ғұн империясының 
кемелденген шағы екендігін болжайды. Соңында 
оқушылардың назарын мәтіндегі тас атқыш техни-
ка мен қамал бұзғыш құрылғылар туралы ақпаратқа 
аударыңыз. Яғни, оқушылар ғұндарда соғыс құралда-
рының жақсара түскенін және ол жеңістерінің кепілі 
болғанын түсінеді. 
Жауаптары. 
Ғұндар 370 жылы аландарды, 375 
жылы остготтар мен вестготтарды бағындырды. 430 
жылы Византияны салық төлеуге мәжбүрледі. 445 
жылы Аттила император атанды.
Ойланыңдар 
Оқушыларға Маргус келісімшарты туралы ақпа-
ратты ұсыныңыз. Кейін бұл шарттың қай елге 
тиімді болғанын сұраңыз. Алдымен, оқушылар 4-5
бөлімнен тұратын келісіммен таныса отырып, шарт-
тағы әрбір ұсынысты талдайды. Талдауға бағытталған бұл 
тапсырманы топпен орындаған тиімді. Егер де оқушы 
Ғұн мемлекетіне тиімді екендігін анықтаған жағдайда, 
тиісті дәлелдерін келтіріп өткені жөн. 
Картамен жұмыс
Оқушылардың назарын Ғұн империясы бейнелен-
ген картаға аударыңыз. Ғұндар Еуропаға қай жақтан 
келгенін және Аттила империясының құрамына кір-
ген аймақтарды картадан көрсетсін немесе кескін 
картаға белгілесін. Ғұндардың Еуропаға қай жақтан 
келгенін атай алуы тиіс.
Жауаптары. 
Аттила империясы Орал таулары 
мен Каспий теңізінен Дунайға дейін, оңтүстігінде
Кавказ, Азов теңізі, Қара теңіз және Карпатқа созыл-
ды. Ғұндар Еуропаға Қазақстан аумағы арқылы келді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет