5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет246/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

7.
Ежелгі Қазақстан тарихына шолу 
Тарау мақсаттары
• ежелгі адамдардың алғашқы кәсібін сипаттау;
• көшпелі мал шаруашылығы мен егіншіліктің 
қалыптасуын түсіндіру;
• еңбек құралдары мен қару-жарақ түрлерін си-
паттау;
• Ұлы Жібек жолының пайда болуын түсіндіру;
• нәсілдік ерекшеліктеріне қарай ажырату.
Негізгі ойлау дағдылары
Оқушылар:
• бұл тарауда археологиялық деректермен жұ-
мыс жасай отырып, тайпалық бірлестіктердің қоғам-
дық құрылысын, кәсіптерін, еңбек құралдары мен 
қару-жарақтарын анықтауды;
• түрлі деректерден тақырыпқа сәйкес қажетті 
ақпараттарды анықтап, қолдануды, тұжырым жасау ды;
• өз пікірлеріне дәйектер келтіруді;
• мәтінмен жұмыс жасауды, оның негізгі идеясын 
анықтауды;
• сабақ барысында алған білімі мен түсініктерінің 
негізінде оқиға желісін құрастыруды үйренеді.
Ойланып көрейік
Адамзаттың даму барысында еңбек құралдары 
үнемі жетілдіріліп отырды. Адамның жасағаны, та-
пқаны бәрі еңбек өнімі деп аталады. Тесені ағаш 
соқа алмастырды, нәтижесінде еңбек өнімділігі арта 
түсті. Сол кезеңдерде металдың кейбір түрлері: ал-
тын, күміс, мыс табиғатта дайын күйінде кездесті. 
Ең бірінші қолданылған металл – мыс. Адамдар 
өздері «тас» деп ойлаған заттың отқа балқығанын, 
суыған кезде өз пішінін өзгертіп, жаңа пішін алаты-
нын аңғарған. Адамзат үшін зор маңызға ие болған 
жаңалық осылай ашылған. Сөйтіп, тас пен мыстан 
жасалған еңбек құралы қатар қолданылған энеолит 
кезеңі басталды. Еңбек құралдары мен қару-жарақ 
түрлерінің жетілуі адам өмірін айтарлықтай өзгерт-
ті. Халықтың жартылай көшпелі және көшпелі мал 
шаруашылығына көшуіне, қола металлургиясының 
дамуына, темір өңдеудің жаңа әдістерін игеруге 
байланысты бірлескен ұйымның жаңа бір форма-
сы орын алды. Кейін тайпалық одақтар мемлекеттің 
қалыптасуына негіз болды. Оқушыларға тақырыпқа 
жалпы шолу жасау бағытында сұрақтар беріледі. 
Мысалы, «Неліктен Қазақстан аумағында өмір сүр-
ген тайпаларда моңғолоидтық белгілер басым орын 
алды?» деген сұраққа жауап бере отырып, сынып 
өзара пікір алмасу арқылы ежелгі тайпалардың ан-
тропологиялық белгілерінің әртүрлі болғандығына 
көз жүгіртеді. Моңғолоидтық белгілердің басым тү-
суіне түрткі болған оқиғаларды да анықтай бастай-
ды. «Мемлекеттің қалыптасуына әсер еткен ежелгі 
адамдардың бірлескен ұйымдары қандай?» сұрағын 
талдау барысында ежелгі тас, қола дәуіріндегі тайпа-
лардың бірігу формаларын еске түсіре отырып, мем-
лекеттің пайда болуына түрткі болған себептерді қа-
растырады. Ал «Еңбек құралдары мен қару-жарақ 
түрлерінің жетілуі адам өміріне қалай әсер етті?» 
сұрағын талдау барысында ежелгі дәуірдегі еңбек 
құралдарының даму тарихына көз жүгірте отырып, 
қару-жарақтың түрленуін қарастыра келе, қоғамға 
әкелген өзгерістерін болжайды.
Оқушылар археологиялық деректерге сүйе-
не отырып, алдымен, Қазақстан аумағында ежел-
гі дәуірде өмір сүрген тайпалық одақтарды еске 
түсіреді. Олардың саяси тарихына көз жүгіртіп, ар-
хеологиялық зерттеулер нәтижесіне сүйеніп, нақты 
тұжырымдар жасайды. Қола дәуірімен салыстыр- 
ғанда сақтардың бірқатар бөлігінде елеулі болмаса 
да, айрықша ерекшеліктер аңғарылады. Ерте темір 
дәуірінде сақ тайпаларының жалпы еуропеоидтық 
келбетінің неғұрлым көмескіленуі анықталды. Бас 
сүйек неғұрлым аласа болып, біршама ұлғаяды, 
бет әлпеті жалпақ болып, маңдайының тік еңісі өсе 
түседі. Бұл өзгерістер "сақ тайпаларының құрамында 
аздап моңғолоидтық қоспа болған" деген қорытын-
ды жасауға мүмкіндік береді. Оқушылар өз жауап-
тарында Оңтүстік-Шығыс және Шығыс Қазақстан-
ды мекен еткен үйсін тайпаларының бас сүйектері 
нәсілдік тегі жағынан моңғолоидтық нәсілге ұқсай-
тынын атап өтеді. Үйсін дәуіріне жататын Орталық, 
Солтүстік және Шығыс Қазақстан жерінен табылған 
антропологиялық материалдар да моңғолоидтық 
нәсілдің бұрынғыдан көбейе түскенін көрсетеді. 
Батыс Қазақстан аумағындағы савромат-сармат 
дәуіріндегі тайпалардың дене сипатының өзгеруі 
байқалады. Қазақстан аумағындағы сарматтар мен 
үйсіндер бас сүйектерінің серияларына салысты-
рмалы талдау жасаған кезде, тұтас алғанда, олар-
дың ертедегі темір дәуіріндегі еуропеоидтық негізге 
моңғолоидтық белгінің сәл қосылғаны анықталды. 
Ғұн тайпаларының Қазақстан аумағына басып кіруі 
жергілікті тайпалардың этникалық-мәдени дамуы-
на ықпал етіп қана қоймай, дене ерекшеліктерінде 
моңғолоидтық элементтер үлесін көбейтті. Ғұн-үйсін 
заманында қазақ жерінде өмір сүрген тайпалардың 
¼ бөлігі моңғолоидтік болған.


158
7-тарау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет