5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет243/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Анықтаңдар 
Оқушылар жеке «Сармат жауынгері және оның 
қарулары қандай болды?» деген мәтінмен танысады. 
Сарматтардың әскери өнері халықаралық аренада өте 
жоғары бағаланғанын түсінеді. Сармат жауынгерінің 
әскери шеберліктері қалай қалыптасқанын анықтай-
ды. Сарматтардың жеңімпаз жорықтарына олардың 
әскери өнерін бала күнінен шыңдау, қару-жарақта-
рының ыңғайлы болуы әсер еткенін анықтайды. 
Тапсырманың соңында оқушыларды жұпқа бөліңіз. 
Оларға мәтін бойынша екі тұжырым немесе қоры-
тынды жазуды ұсыныңыз. Екі тұжырымының бірі – 
ақиқат, екіншісі жалған болуы тиіс. Бұдан соң жұптар 
тұжырымдарын екінші жұпқа ұсынады. Екінші жұп 


6-тарау. 
Сарматтар
153
тұжырымдардың қайсысы "ақиқат" немесе "жалған" 
екенін талқылайды.
Сарматтардың жеңістеріне жауынгерлерді бала 
күнінен әскери шеберлікке шыңдау, аң аулау әсер етті. 
Сармат жауынгерлерінің шайқастарда серігі болған 
қару-жарақтар: садақ, жебе, найза, семсер, арқан. 
Ойланыңдар
Оқушылар жұппен
 
«Катафрактарий деген не?» 
деген мәтінмен танысады. Сарматтардың жеңімпаз 
жорықтарына сармат арғымақтарының да ерекше 
қасиеттері әсер еткенін анықтайды. "Катафрактарий" 
ұғымымен танысып, ерекшеліктерін сипаттайды. Бұл 
жаппай салт атты жауынгердің қолданған қаруына 
үлкен өзгерістер енгізіп, әскер басқару мен ұрыс жүр-
гізудің түбегейлі жаңа қағидаларын қалыптастырға-
нын бағалайды.
Жауаптар.
Сармат жауынгерлерінің жеңімпаз жо-
рықтарының құпияларының сыры – олардың жорық 
жылқылары және алғашқылардың бірі болып әлемдік 
әскери салада – катафрактарийлерді пайдалануы.
Сипаттама беріңдер 
Оқушылар Геродоттың сарматтарды "ержүрек 
амазонкалардың ұрпақтары" деп сипаттайтын де-
регінің үзіндісімен танысады. Сармат әйелдерінің 
ерекшеліктерін атап түсінеді. Бестармақ (синквейн) 
арқылы оқушылар сарматтар туралы түйген ойларын 
тиянақтайды. Бестармақ сөз таптарына негізделген 
бес жолдан тұрады: 1-жол – бір зат есім; 2-жол – екі 
сын есім; 3-жол – үш етістік; 4-жол – бірінші жолдағы 
сөзге бір синоним; 5-жол бес сөзден тұратын сөйлем. 
Орындау мысалы: 1 – сармат әйелі; 2 – ержүрек, 
батыр; 3 – садақ атады, найза лақтырады, шайқасады; 
4 – жауынгер әйел; 5 – сармат әйелдері ерлермен бір-
дей ерлік көрсетеді. 
Сабақтың соңында оқушыларға сарматтар туралы 
өткен тақырыптарды еске түсіре отырып, «Сармат-
тардың әскери өнерін көршілер қалай сипаттаған?» 
деген тақырыпта шағын әңгіме немесе эссе жазуды 
ұсыныңыз. Жақсылап ойланып, аргумент келтіру өте 
маңызды екенін ескертіңіз. Оқушылар басқа да ойлар 
мен аргументтерді толық қамтуы, сұраққа сілтеме жа-
сап, өзіндік қорытынды шығаруы қажет. Оқушылар-
дың қалауы бойынша жазба жұмысын сынып алдын-
да оқуға мүмкіндік беріңіз. Оқушылар бірігіп талдап, 
мәліметтер қосып, пікір таластыра отырып, "сармат-
тардың халықаралық аренадағы рөлі жоғары" деген 
шешімге келуі тиіс. 
Сабақтың соңында мүмкіндік болса, оқушылардан 
ортаға шығып, шеңбер жасауды сұраңыз. Қолдарына 
сарматтар туралы суреттерді беріп, «Көршіңе бер» 
ойынын ұйымдастырыңыз. Бұл ойында оқушылар 
сармат әскери өнері туралы зат есім, сын есім неме-
се етістік сөз айтып көршісіне беруі тиіс. Кім көршісі 
сурет берген кезде сарматтар туралы сөз айта алмай 
қалса, сол ойыннан шығып отырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет