Себептерін талдаңдар Оқушылар "Шығыс сарматтары" мәтінімен жұппен
танысады. Сарматтардың Алдыңғы Азия елдерімен
қатынасын анықтайды. Осылайша сарматтарда ала-
уыздық күшейгенін, яғни әлсіреу басталғанын түсі-
неді. Сарматтардың тарихи сахнадан дербес күш
ретінде жойылу себебін анықтап, талдайды. Мәтін-
мен жұмысты ұйымдастыру үшін мынадай тапсыр-
маларды ретімен орындауды ұсыныңдар.
Мәтін атауы__________________________________________
Мәтінді мұқият оқыңдар. Алғашқы алған әсеріңе
назар аударыңдар. Негізгі идеяларды анықтап,
мәтінді қайтадан оқыңдар. Берілген сұрақтарға
қысқаша жауап беріңдер.
А. Мәтін не туралы?_________________________________
В. Мәтіндегі негізгі ой:
1._____________________________________________________
2._____________________________________________________
3._____________________________________________________
Мәтін бойынша қорытынды:_______________________
Жауаптары. Б.з.д. І ғасырдың соңына қарай әуелі Дон маңын-
да, кейінірек Қара теңіз өлкелерінде олардың ішінен
"алан" тайпалық одағы қалыптасып, көп ұзамай сар-
маттардың басқа да топтарын өзіне қосып алады.
Еуропадағы сармат-аландар патшалығының Сол-
түстік Қара теңіз жағалауындағы үстемдігін ІІІ ғасыр-
да готтардың жорығы бұзды. ІV ғасырдың соңында
ғұндар аландарды талқандап, өздеріне қосып алды.
Сарматтардың тарихи сахнадан дербес күш ретін-
де жойылуына әкелген себептер: сармат тайпалары
арасында алауыздықтың күшеюі, бір-біріне қарсы
соғысуы, ғұндардың жорықтары.
Бағалау мүмкіндіктері Оқушылардың қандай нәтижеге қол жеткізгенін
қалыптастырушы бағалау арқылы анықтаймыз. Са-
бақ барысында барлық тапсырмалардың соңында
бағалауды ұйымдастыруға болады.
"Фактілерді тұжырымда" тапсырмасында оқушы-
лар сарматтар мен скифтердің қарым-қатынасын
сипаттайтын тұжырым жазады. Анықтау тапсыр-
масында оқушылардың фактілерді табу, жағымды
және жағымсыз фактілерге ажырату дағдыларын
жұппен бағалауды ұйымдастыруға болады. "Әңгіме-
леп беріңіз" тапсырмасында жұптық бағалағандары
жөн. "Себептерді талдаңдар" тапсырмасында оқушы
өзін-өзі бағалайды. Яғни, оқушы мәтіннен сармат-
тардың тарихи сахнадан дербес күш ретінде жой-
ылуының кем дегенде үш себебін тапса, өзін мақ-
сатқа жеттім деп бағалай алады.