5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет247/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

 
Ежелгі Қазақстан тарихына шолу
7.1.
Ежелгі Қазақстан адамдарының 
антропологиялық тұрпаты (1-сабақ)
Оқу мақсаты
5.1.1.2 Ежелгі Қазақстан адамдарының 
антропологиялық тұрпатын анықтау.
Тірек сөздер
антропологиялық тип
моңғолоидтық
еуропеоидтық
андроновтық тұрпат
Ресурстар
1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге 
дейін. – Алматы, Атамұра, 2010. I том.
2. Қазақстан . Ұлттық энциклопедия. I том. –
Алматы, 2005. – 382 б.
3. Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. VII том. – 
Алматы, 2005. – 32 б.
Оқулық: Ежелгі Қазақстан адамдарының антропологиялық тұрпаты,
158-159-бет.
Зерттеу сұрағы:
 
Ежелгі Қазақстан адамдары-
ның антропологиялық тұрпаты қалай өзгерді?
Сабаққа дайындық
Қола дәуірі тайпаларының антропологиялық ерек-
шеліктері айқын көрінетін реконструкциялардың су-
реттерін дайындаңыз. 
Сабақтың деректі материалдары
Тақырыпқа кіріспе қосымша материал. Адамдар-
дың тұрпатын зерттейтін ғылым
антропология
деп 
аталады. Антропологияда көбінесе биологиялық және 
тарихи әдістер қолданылады. "Антропология" ұғымын 
қолданысқа Аристотель енгізген. Ежелгі адамдардың 
бас, қаңқа сүйектерін зерттей отырып, олардың нәсіл-
дік ерекшеліктерін ажыратады. Түрлі кезеңдерде өмір 
сүрген халықтардың тұрпатындағы ұқсастықтар мен 
өзгерістерді зерттейтін ғылымды 
тарихи антропо
-
логия
деп атайды. Адамдардың тұрпатының қалып-
тасуына табиғи-географиялық жағдай, қоныс аудару, 
халықтармен араласу әсер етеді.
Ғалымдар әлемде, негізінен, үш: еуропеоидтық, 
моңғолоидтық және негроидтық нәсілді бөліп көрсе-
теді. Қазіргі уақытта зерттеушілер нәсілдердің басқа 
да түрлерін анықтауда. Мәселен, аустролоидтық 
нәсіл. Нәсілдерді, негізінен, дене пішіні мен бойы-
на, терісінің түсіне, шашы мен көзіне қарап анықтай 
аламыз. Нәсілдердің белгілі бір таралу аймақтары 
бар. Нәсілдік белгілер тұқым қуалайды және көбіне-
се қоршаған ортаға бейімделу арқылы қалыптасқан. 
Мысалы, негроидтардың қара түсті терісі күннің тік 
сәулесінен қорғаса, бұйра шаштары ыстықтан сақтай-
ды. Ал үлкен мұрны мен қалың еріндері ауаның 
ылғалдануына әсер етеді. Еуропеоидтардың ақшыл 
терісі ультрасәулелердің ағзаға өтуіне ықпал етіп, D 
дәруменін сіңіріп, адамды мешел ауруынан сақтайды. 
Моңғолоидтардың нәсілдік ерекшеліктері Орталық 
Азияның қатал ауа райына бейімделген. Кейбір ға-
лымдардың пікірінше, нәсілдердің белгілері тұрақты 
емес, өзгеріп отырады. Бұл өзгерістер жаhандану 
үдерісінде жаппай көшіп-қону (миграция) мен нәсіл-
дердің араласуы нәтижесінде күшейе түседі. Деген-
мен, нәсілдердің негізгі белгілерінің жиынтығы олар-
ды ажыратуға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет