5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет25/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Сабаққа қатысты ескертпелер 
Бұл сабақтың мақсаты – Қазақстан археологтары-
ның тас дәуірінде өмір сүрген алғашқы адамдардың 
тіршілігін зерттеудегі ашқан жаңалықтарын білу. Ар-
хеологтар тапқан заттай деректер арқылы алғашқы 
адамдардың тұрмысы, баспанасы, киім-кешектері, 
дүниетанымдарын түсіну. Оқушылар археологтар 
тап қан олжалар мен тас дәуірі тұрақтарымен таныса-
ды. Қазақстан картасында тұрақтардың орналасқан 
аймақтары мен оларды зерттеген археологтар ту-
ралы ақпарат алады. Сабақтың келесі мақсаты – тас 
дәуіріндегі археологиялық ескерткіштерді салысты-
ру. Оқушылар Қазақстаннан табылған тұрақтардың 
зерттелуі, табылған олжалардың бір-бірінен айыр-
машылықтарын сипаттап, артефактілердің қай ке-
зеңге тән екенін біледі. Сабақ барысында оқушы-
лар қазақстандық археологтарды білетін болады, 
Қазақстан аумағынан табылған олжаларды сипат-
тай алады, тас дәуірінің ескерткіштерін бір-бірімен 
салыс ты ра ды.
Ойланыңдар
Қаратау жоталары маңынан тас дәуірі кезеңіне жа-
татын тұрақтар пен үңгірлердің табылуы Қазақстан 
жеріндегі ежелгі адамдардың өмірі туралы қандай 
мәліметтер береді? Бұл айдар оқушылардың сабаққа 
қызығушылығын аудару үшін ұсынылды. Осыған қо-
сымша "Өз өлкеңнен археологиялық олжаның та-


1-тарау. 
Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі
19
былуы туралы мысалдар келтіріңдер" деген тапсырма 
беріледі.
Ақпараттарды толықтырыңдар
Оқушыларды топқа бөліңіз. Оқушыларға фотосу-
реттердегі археологиялық олжаларға мұқият қарап
мынадай сұрақтарға жауап дайындауларын сұраңыз. 
Бұл құралдарды адамдар не үшін жасады? Еңбек 
құралдары қалай жасалды? Неден жасалды? Қалай 
қолданды? Бұл еңбек құралдары терімшілікке қажет 
болды ма, әлде аң аулау үшін қажет болды ма? Ең-
бек құралдары бір-біріне ұқсай ма? Еңбек құралдары 
қанша уақыт жер астында жатқан? Бұл тапсырманы 
оқушылар топпен постер жасай отырып, орындайды. 
Оқушыларға сұрақтарды оқыңыз, постер ортасына 
дөңгелек сызып, оның ішіне сұрақтарды жазып қо-
юын сұраңыз. Дөңгелек сыртына әрбір сұраққа жа-
уап беруді тапсырыңыз. Жұмысты бірінші топ қорғап 
болған соң, келесі топтардан алдыңғы топтарды қай-
таламайтын қандай ерекше жауаптары бар екендігін 
сұраңыз. Осылай топтардың ақпараттарды толықты-
рып отыруын қадағалаңыз.
Жауаптары.
Бұл еңбек құралдарын адамдар азық 
табу, тамырларды қазып алу, тапқан азықтарын кесу, 
аңдардың терісін сылып, еттерін кесу үшін пайда-
ланған. Тасты сындырып, өткірлеп, бір-біріне ұру 
арқылы қолға ыңғайлы болатындай көлемде жа-
саған. Фотосуреттегі еңбек құралдарының барлығы 
тастан жасалған. Дегенмен тастар әртүрлі болып ке-
леді. Көпшілігі шақпақ тастар мен малта тастар. Ең-
бек құралдарын кесу, қыру, ұру, қазу жұмыстарына 
қолданған. Еңбек құралдарын терімшілікте қазу мен 
кесу үшін, ал аң аулауда аңдарды ұруға, кесуге пай-
даланылған. Еңбек құралдары жер астында 1 млн 
жылға жуық жатқан. Олардың пішіндері мен көлем-
дері әртүрлі. Кейбіреулері пышаққа ұқсас, ұзынша 
болып келген. Екіншілері сопақша, жүзі жұқартылған. 
Көпшілігі дөңгелекше, алақанға қысып ұстап, өткір 
ұшымен жерден қажет затты қазып алу немесе сүйір 
ұшы қатты затты соғуға лайықталған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет