5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет27/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ
Смагулова 1рк Ги
Бағалау мүмкіндіктері
Оқушылар тапсырманы орындау барысында, тас 
дәуірінің ескерткіштерінің орналасуы, зерттелуі, та-
былған олжалар бойынша ақпараттарды түсінген-
дерін көрсетеді. Оқушылардың сабақ материалын 
меңгергендігі тапсырманы орындау барысында 
мұғалімнің жетелеуші сұрақтары арқылы тексеріледі. 
Сабақ соңындағы тапсырмада ескерткіштерді са-
лыстыру үшін олар оқулықтағы мәтіннен басқа, 
мұғалім берген қосымша ақпараттармен таныса-
ды. Оқушылардың кестедегі археологиялық ескерт-
кіштерді салыстырып, жұппен орындаған тапсырма-
лары бағаланады. 


20
1-тарау.
Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі
1.3.
Адамдардың шаруашылық өміріндегі 
өзгерістер және еңбек құралдарының 
жетілдірілуі 
(1-сабақ)
Оқу мақсаты
5.4.1.1 ежелгі адамдардың кәсібін сипаттау.
Тірек сөздер
мезолит
микролит
Ресурстар
1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 
I том. – Алматы: Атамұра, 2010.
2. Жанайдаров О.К. Көркемсуретті Қазақстан та-
рихы. I том. – Алматы: Қазақстан энциклопедиясы, 
2006.
Оқулық: 
Адамдардың шаруашылық өміріндегі өзгерістер және еңбек құралдарының жетілдірілуі,
20-21-бет.
Зерттеу сұрағы: 
мезолит пен неолит кезең-
дерінде алғашқы адамдардың өмірі қалай өзгерді?
Сабаққа дайындық
Мұз басу дәуіріндегі адамдар бейнеленген ил-
люстрациялық суретті плакатқа желімдеп, қабырғаға 
іліп қойыңыз. Сыныптағы оқушыларға жеткілікті үш-
үштен 4 түсті стикер дайындаңыз. Сабақ барысында 
көрсетілетін суреттер мен фотосуреттер топтамасын 
да дайындаңыз. Мамонт сүйегінен жасалған баспа-
на суреті, Қазақстаннан табылған мезолит дәуірінің 
еңбек құралдары мен қару-жарақтарының фотосу-
реттері жабыстырылған кеспеқағазға "Табиғаттағы 
өзгерістерге байланысты адамдардың еңбек құрал-
дары мен дағдылары қалай өзгерді?" деген сұрақты 
дайындап қойыңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет