5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет259/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Қосымша тапсырма
Оқушыларға «Менің елімнің көне дәуірдегі та-
рихы» деген тақырыпта эссе жазуға тапсырма бе-
руге болады. Эссе 50–80 сөз көлемінде болады. 
Сынып оқушыларын бірнеше топқа біріктіріп, әр 
топқа бөлім бойынша алған білімдерін тірек-сызба 
арқылы көрсетуін сұраңыз. Бұл тапсырма арқылы 
оқушылардың жыл бойы алған білімін жинақтап қо-
рытуға болады.
Сандық білім беру ресурсы
«Ежелгі Қазақстандағы мәдениет. Көшпенділердің 
салт-дәстүрлері мен сенімдері» сандық білім беру 
ресурсы http://play.nis.edu.kz. сайтында орналасқан. 
Осы сілтеме және ресурс атауы бойынша ақпаратқа 
қол жеткізе аласыз. Сандық білім беру ресурсы ұсы-
ныс ретінде беріледі. Оны қосымша тапсырма не-
месе оқушылардың өзіндік жұмысы ретінде қолда-
нуыңызға болады.


166
166
Оқу нәтижeлері
Оқушылар:
• ежелгі адамдардың айналысқан алғашқы кәсіп-
терін сипаттады;
• көшпелі мал шаруашылығы мен егіншіліктің 
қалыптасуын түсіндірді;
• еңбек құралдары мен қару-жарақтардың 
жетілуін анықтады;
• Ұлы Жібек жолы туралы білді;
• тайпаларды нәсілдік ерекшеліктеріне қарай 
ажыратты.
Өздеріңді тексеріңдер
Оқушылар aлғaн білімдeрін қорытындылaп, нeні 
білгeндeрін, нeні үйрeнгeндeрін ecкe түcіру үшін мы-
надай тaпcырмaны орындaуды ұcыныңыз. Алдымен, 
сыныпқа темір дәуірі тайпаларының бейнеленген 
суреттерін көрсетіңіз. Суреттерді салыстырып, бет 
пішіндеріндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтарды 
анықтауға тапсырма беріңіз. «Ойланыңдар", "Талқы-
лаңдар", "Ойыңмен бөліс" тапсырмасын орындай 
отырып, оқушыларға тақырып туралы өз бетімен 
ойлануға мүмкіндік беріңіз. Сынып оқушыларына, 
алдымен, жұппен, кейін көрші жұптармен ойларын 
бөліске салуға ұсыныс жасаңыз. Осылайша екі жұп-
тан құралған бір топ ортақ ең үздік үш ойды таңдап, 
сынып алдында қорғайды. Зерттеу сұрақтары: "Темір 
дәуірі тайпаларының қоғамдық құрылысында қандай 
ерекшеліктер орын алады? Нәсілдік белгілерінің өзге-
руіне қандай жағдайлар түрткі болды? Тайпалардың 
мәдени ескерткіштерінде ортақ белгілер орын алды 
ма?" деген сұрақтар төңірегінде ой қозғау арқылы 
оқушылар темір дәуірінің сақ, үйсін, қаңлы, ғұн, сар-
мат тайпалары туралы ақпаратты еске түсіре отырып, 
ұсынылған салыстырмалы кестені толтырады. Кесте-
ге әр тайпа өкілдерінің нәсілдік ерекшелігін, қоғам-
дық-саяси құрылысын, мәдени жетістіктерін жазады. 
Соңында ортақ ой түйіндейді. Тайпаларды өзара са-
лыстыра отырып, ортақ ұқсастықтарын шығарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет