5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет258/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ
Смагулова 1рк Ги
Ықтимал
жауаптары. 
Мысалы,
"
Біз б.з.д. I 
мыңжылдықта Қазақстан мен Орта Азия жерін 
мекендеген ежелгі сақ тайпасы боламыз. Менің 
халқым туралы антик авторларының еңбектері және 
ахеменидтік сына жазбалардан оқып білуге болады. 
Біз көшпелі мал шаруашылығымен айналысамыз. 
Жерімізде алтын мен мыс өте көп. Мал өсіреміз. 
Күнге табынып, оған жылқыны құрбандыққа ша-
ламыз. Менің халқымның бір бөлігі Жетісу өңіріне 
қоныстанған. Оларды парсылар шошақ бөрік ки-
етін тиграхауда сақтары деп атайды. Ал екінші бөлігі 
Арал маңын мекендейді. Парсылар оларды теңіздің 
арғы жағындағы парадарайа сақтар деп атайды. 
Үшінші бөлігі оңтүстікте өмір сүріп, хаум сусынын 
дайындайды. Сондықтан оларды хаумаварга сақта-
ры деп атайды.
Бағалау мүмкіндіктері
«Керуен жолымен саяхат», «Көшпелілер құрыл-
тайы» деген тапсырмаларды орындау барысында 
жыл бойы алған білімдерін еске түсіріп, ойларын 
жинақтап, қорытындылайды. Әр топ рөлдік ойын-
ды критерий бойынша орындайды. Қазақстан ау-
мағын мекендеген тайпалардың әлеуметтік, саяси 
жағдайларына шолу жасайды. Ұлы Жібек жолының 
маңызын ашады. Оқушыларға алдын ала өзін және 
топтық бағалау критерийлерін ұсыныңыз. Әр тапсыр- 
маны критерий бойынша нақты дәлелдер келтіру 
арқылы дәлелдеу керек. Оқушыларға топтық, жұп-
тық жұмысты және өзін-өзі бағалау критерийлерін 
құрастыруды тапсырыңыз. Критерийлер бойынша 
оқушылардың өзін-өзі және бір-бірін бағалау мүм-
кіндігі болады.
Үлгі:
Критерийлер
Менің 
баға-
лауым
Топтың 
баға-
лау
Мұға-
лімнің 
баға-
лауы
Мен топ жұмысына 
өз үлесімді қостым
Мен 
сыныптастарымды 
тыңдаймын, 
ұсынысын қабылдай 
аламын
Мен өз ойымды 
түсіндіріп, нақты 
дәлелдер келтіре 
аламын
Мен жаңа идеяларды 
ұсына аламын


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет