5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет36/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ
Смагулова 1рк Ги
 
Анықтаңдар 
Бұл тапсырманы оқушыларға жеке жұмыс түрін-
де беріңіз. Қоныстағы адамдардың күнделікті өмірі 
қандай болғанын табылған артефактілермен байла-
ныстырып, олардың кәсіптері туралы шағын мақала 
жазуды ұсыныңыз. Тапсырма саралауға негізделген.
Ботайлықтар өзен жанында қоныстанғандықтан, 
аң аулау мен балық аулау кәсібімен айналысқан. Та-
былған олжалардың арасында аң аулау мен балық 
аулауға қажет құралдар жеткілікті. Олар: найза, жебе, 
болас, қанжар, қырғыштар. Тігін тігуге қолданылған 
инелер, тескіш біз адамдардың тері өңдеуді жақсы 
білгенін дәлелдейді. Ши тоқу үшін сүйек ілмектер, 
жіп иіру үшін ұршықбастар қолданылған. Бұл кезең-
де Қазақстан климатында жыл мезгілдерінің ауысуы 
қалыптасқандықтан, әр мезгілге сай киімдерін өздері 
тіккен. Мұны теріні өңдеуге керек қырғыштар, ине 
мен біздің табылуынан білеміз. Жылқы сүйектерінің 
көптігі ботай тұрғындарының жылқыны өсіріп, оны 
көлік ретінде пайдаланғанын, сүті мен етін тағамға 
қолданғанын дәлелдейді. Олардың діни түсініктері то-
темизммен байланысты болған. Иттерге ботайлықтар 
ерекше мән берген. Тіл-көзден сақтау үшін бойтұмар 
таққан. Бойтұмар және моншақтар энеолит дәуірін-
дегі адамдардың зергерлік кәсіппен айналысқанын 
дәлелдейді.
Бағалау мүмкіндіктері 
Оқушылардың Ботай қонысындағы адамдардың 
кәсіптерін сипаттау кезінде артефактілер арқылы 
олардың күнделікті өмірін түсіндіре алуы, жылқының 
қолға үйретілгендігі және оны қандай мақсаттарға 
қолданғандығын түсіндіруі оқу мақсатына жеткен-
дігін көрсетеді. Ұсынылған бағалау критерийлеріне 
сәйкес білім мен дағдыны көрсете алмаған оқушы-
ларға қатемен жұмыс жасауға бағыттайтын кері бай-
ланыс беріңіз.


26
1-тарау.
Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет