5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет38/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ
Смагулова 1рк Ги
Сабаққа қатысты ескертпелер
Сабақтың оқу мақсаты – Ботай қонысындағы 
олжалар мен археологиялық зерттеулер негізінде 
жылқыны қолға үйретудің маңыздылығын түсіну. 
Сабақтағы іс-әрекеттер арқылы Ботай тұрағындағы 
артефактілердің негізінде жылқыны қолға үйретудің 
адамдар өміріне ықпалын, жылқы шаруашылығы-
ның маңыздылығын талқылайды. Сабақтың кон-
цептісі – маңыздылық. Археологтардың жүргізген 
қазба жұмыстарының нәтижесінде ашылған маңыз- 
ды факт – ол ботайлықтардың Еуразия даласында 
алғашқы жылқы өсірушілер болғандығына оқушы-
лардың назарын аударамыз. Осы арқылы сол ке-
зеңнен бері жылқының адам өміріндегі маңызын 
оқушылар жан-жақты талдау жасап, анықтайды. 
Оқушылар тапсырмаларды мұғалім дайындаған ке-
спеқағаздарды қолданып, орындайды.
Дәлелдеңдер 
Ботайлықтардың жылқыны қолға үйреткенін 
қандай археологиялық олжалар дәлелдейді? Оқу-
лықтағы "Жылқының алғаш қолға үйретілуі" деген 
мәтінмен және Ботай қонысынан табылған олжа-


1-тарау. 
Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі
27
лардың суреттерімен танысқаннан кейін,
 
жұптарға
 
жоғарыдағы сұрақты талқылап, жауап беруді ұсы-
ныңыз. Әр жұпқа кемінде ботайлықтардың жылқы-
ны қолға үйреткендігінің екі дәлелін анықтауды 
тапсырыңыз. Әр жұп дайындаған жауапты сынып 
бірге тыңдап, ең басты дәлелдерді дәптерлеріне жа-
зып алады.
Жауаптары.
1. Ботай тұрағынан 70 мың жылқы 
сүйектерінің табылуы, мұндағы тұрғындардың 
жылқыны қолға үйреткенін дәлелдейді. Себебі, 
шағын қоныста сонша көп жылқы сүйегінің табылуы 
шаруашылықтың болғанын көрсетеді. 2. Қоныстан 
жүген мен кісеннің табылуы осыны тағы дәлелдей 
түседі. 3. Жерлеу дәстүрінде жылқыға баса назар ау-
дарылғандығы ботайлықтар өміріндегі жылқының 
маңызды болғанын анық көрсетті. 4. Қыш құмыра 
бетіне салынған екі дөңгелек және жылқы суреті, 
олардың жылқыны көлік ретінде қолданғанын көр-
сетеді. 5. Тұрақтың жасы шамамен бұдан 5 мың жыл-
дай бұрынғы уақытқа жатады. Бұл уақыт – адамның 
жануарларды қолға үйретуі қарқынды жүріп жатқан 
кезі. 1994 жылдан бастап, ағылшын, неміс ғалымда-
рының жылқы сүйектеріне жүргізген остеологиялық 
зерттеулерінің қорытындысы ботайлықтардың ауыз-
дықты қолданғанын және жылқы сүтін тағам ретінде 
тұтынғанын көрсетті. Оқушылар берілген жауаптар-
дан басқа да дәлелді себептер келтірсе, жауаптарын 
қабылдау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет