5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет44/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ
Смагулова 1рк Ги
Сабаққа қатысты ескертпелер
Сабақтағы оқу мақсаты қола дәуірінің археология- 
лық ескерткіштерімен танысып, қола дәуірінде ша-
руашылықта, кәсіпшілікте, қоғамдық қатынастарда 
орын алған өзгерістерді анықтауға бағытталған. Бұл 


1-тарау. 
Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі
31
сабақ "Өзгеріс және сабақтастық" концептісінің не-
гізінде құрастырылған. 
Сипаттаңдар
 
Қола дәуірінің ескерткіштерін екі сөйлем арқылы 
сипаттаңыз. Оқушылар оқулықтағы мәтінді пайдала-
на отырып, Орталық және Шығыс Қазақстанда та-
былған қола ескерткіштерін салыстыра алады. Қола 
дәуірінің археологиялық ескерткіштері тақырыбы
5-сынып оқушысына түсінуге күрделі болғандықтан, 
оларға тек қолжетімді әрі түсінікті мәліметтерді бе-
руге тырысыңыз. Оқушылар бұл тапсырмада 2 сөй-
лем шеңберінде бұл тақырыпшаны қорытындылап, 
түйінін шығаруы тиіс.
Жауаптары. 
Қазақстанның әртүрлі аймақтарын-
да табылған қола дәуірінің археологиялық ескерт-
кіштерінің құрылысы табылған олжалары бойын-
ша ерекшеленеді. Мысалы, Орталық Қазақстанда 
тұрғын үйлер мен қоралардың қалдықтары бар 
қоныстар, көне кен орындары, жартастағы сурет-
тер мен құрбандық шалу орындары сияқты көп-
теген ескерткіштер кездеседі. Шығыс Қазақстанда 
табылған олжалар бойынша, бұл аймақтың мыс, қа-
лайы кендерін және алтын өндіретін орталықтардың 
бірі болған деп айта аламыз. 
Анықтаңдар
Алғашында адамдар егінді қалай екті? Оқушылар 
оқулықтағы мәтіннің негізінде сұраққа жауап береді, 
фактілер келтіреді. 
Жауаптары. 
Қола дәуірі адамдары мал шаруа- 
шылығымен қатар егіншілікпен де айналысты. 
Бірақ ол қосалқы шаруашылық болып қала берді. 
Адамдар бидай, қарабидай, тары екті. Егіншілік өте 
қарапайым болды. Өзен жағалауларындағы жұмсақ 
топырақ тесемен қопсытылды. Қола дәуіріндегі егін-
шілікті "теселі егіншілік" деп атайды. Қоныстардан 
қола дәуірінің егіншілікке қолданған еңбек құрал-
дары табылды. Олар: орақ, тесе, кетпен, шалғы, келі 
және келсаптар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет