5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ


Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі



Pdf көрінісі
бет52/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ
Смагулова 1рк Ги
Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі
1.7.
Қазақстанның жартастарға салынған ежелгі
суреттері (1-сабақ)
Оқу мақсаты
5.2.1.1 алғашқы адамдардың наным-сенімдерін 
сипаттау.
Тірек сөздер
петроглиф
Ресурстар
1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін.
I том. – Алматы: Атамұра, 2010.
2. Самашев З. Петроглифы Казахстана. – Алматы, 
2006 г.
3. Петроглифтер – ежелгі заманғы және 
ортағасыр лық өнердің бірегей ескерткіштері сай-
тындағы мате риалдар. 
Оқулық: Қазақстанның жартастарға салынған ежелгі суреттері, 
36-37-бет.
Зерттеу сұрағы: 
тасқа салынған суреттер 
ежелгі адамдардың дүниетанымын қалай бейнелей-
ді?
Сабаққа дайындық
Қазақстанда орын алған ежелгі петроглифтердің 
А4 пішініндегі түрлі түсті суретін тақтаға іліп, Қа-
зақстанның ежелгі аумақтық картасын, ермексаз, 
түрлі түсті қағаздар, маркер, ватманды топтарға та-
ратыңыз. 
Сабақтың деректі материалдары 
Арпа өзені таңбалы тастары – қола дәуіріне жа-
татын ескерткіш. Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ 
ауданындағы Қаратау-Келіншектау жотасында ор-
наласқан. Мұндағы суреттердің жалпы саны – 3500. 
Суретте жыл мезгілдерінің ауысуы секілді табиғи 
құбылыстар жақсы бейнеленген. Баянжүрек суреті 
– Алматы облысы, Ақсу ауданы, Жетісу Алатауы 
сілемдеріндегі Баянжүрек тауында сақталған. Мұн-
да 7 сәуле көмкерілген екі ғажайып бейне бар. Су-
реттің негізі салт атты сарбаздар бейнесі. Ақбауыр 
үңгірі – қола дәуірінен сақталған ескерткіш. Шығыс 
Қазақстан облысы, Ұлан ауданындағы Ақбауыр ете-
гінен табылған. Үңгір таудың етегінен 5-6 метр биік-
тікте орналасқан. Қабырғасы қызыл түсті жосамен 
(охра) салынған. Жартастардағы ежелгі суреттердің 
өте қызықты орындарының бірі – Іле Алатауының 
оңтүстік-батыс жағындағы Тамғалы шатқалынан, Ал-
маты қаласынан солтүстік-батысқа қарай 160 шақы-
рым жерден табылды. 1957 жылы А.Г. Максимова 
зерттеген жартастағы бұл өрнектер мазмұнының өз-
геше әрі өте молдығымен бірден мамандар көңілін 
аударды. Бұл шатқалда мыңнан астам сурет зерттел-
ді. Олар қола дәуірінен бастап, түркілер заманына 
дейін екі мың жылдан астам уақыт бойы жасалған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет