5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ


Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі



Pdf көрінісі
бет49/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі
1.6.
Андронов және Беғазы-Дәндібай
мәдениеттері (2-сабақ)
Оқу мақсаты
5.2.2.5 – Ә. Марғұланның Қазақстан 
археологиясының дамуына қосқан үлесін 
айқындау;
5.2.2.2 – Археологиялық деректерге сүйене 
отырып, Андронов және Беғазы-Дәндібай 
мәдениеттерінің белгілерін анықтау.
Тірек сөздер
қорым
оба
Ресурстар
1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дей-
ін. І том. – Алматы, 2010.
2. Марғұлан Ә.Х., Ақышев К.А., Қадырбаев М.Қ., 
Оразбаев А.М. Орталық Қазақстанның ежелгі мә-
дениеті. – Алматы, 1966 ж.
Оқулық: Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттері
34-35-бет.
Зерттеу сұрағы:
 
Қазақстандағы қола дәуірі 
ескерткіштерінің қандай ерекшеліктері бар? 
Сабаққа дайындық
Сабақ басталғанға дейін Ежелгі Қазақстанның 
картасын тақтаға іліп қойыңыз. Қазақстанның кескін 
картасын, төрт топқа үш стикер дайындаңыз. Үлкен 
флипчарт парағының ортасына Әлкей Марғұланның 
суретін жабыстырыңыз. Беғазы-Дәндібай мәдени-
етінің ескерткіштерінің суреттерін дайындаңыз. 
Сабақтың деректі материалдары
Қола дәуірінде Орталық Қазақстанды мекенде-
ген тайпалардың қоныстары мен жерлеу құрлыста-
ры, ежелгі кен орындары, тасқа салынған суреттер, 
құрбандық шалу орындары сақталған. Орталық 
Қазақстан аумағын қазақтар Сарыарқа деп атаған. 
Мұндай ұлан-ғайыр аумақты тайпалар біркелкі қо-
ныстанбаған. Ежелгі адамдар, негізінен, өзен бой-
ларында және тау аңғарларында жиі қоныстанған. 
Сарыарқа обалары жерлеу құрлысының күрделілі-
гімен, ескерткіштердің зәулімдігімен және құрлыс 
техникасының жоғары болуымен ерекшеленеді. 
Бұл мәдениет Әлкей Марғұлан зерттеулерінен кей-
ін кеңінен танымал болды. Мәдениеттің атауы 
алғашқы ескерткіштері табылған жерлердің атымен 
Бегазы-Дәндібай мәдениеті деп аталды. Мәдениет-
тің таралу аймағы батысында – Ұлытау, шығысын-
да – Ертіс, солтүстігінде – Есіл, Тобыл өзендерімен
оңтүстігінде Бетпақдаламен шектелген (
картадан 
көрсетуге болады
). Беғазы-Дәндібай мәдениетінің 
Андрон мәдениетіне қарағанда өзіндік ерекшелі-
гі бар. Академик Әлкей Марғұлан Бегазы-Дәндібай 
мәдениетінің ерекшеліктерін ғылыми еңбектерін-
де жариялады. Бұл археологиялық зерттеу тарих 
ғылымында үлкен жаңалық болды. Археологтар 
Беғазы, Дәндібай, Ақсу-Аюлы, Ортау, Байбала, Бесо-
ба, Бұғылы кешендерін зерттеді. Обалардағы жер-
леу ғұрпының өз ерекшелігі бар. Зираттарда қол- 
аяғы созылып, шалқасынан жатқызылып жерлен-
ген адамдардың қаңқалары кездеседі (Ақсу-Аюлы 
ІІ). Бұл ерте темір дәуіріндегі көшпелілердің жерлеу 
дәстүрлерімен үндес келеді.
Обалардың бір ерекшелігі екі дуалмен қоршалып, 
айналма галереямен үй тәріздес салынған.
Жерлеу ғұрпында мал сүйектерінің көптеп кезде-
суі көшпелі мал шаруашылығымен байланысты. Тіп-
тен құрбандыққа шалынған малдарды арнайы тас 
жәшіктерге қойған. 
Осы сабаққа қатысты толық ақпараттарды "Қа-
зақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. І том. 
- Алматы: Атамұра, 2010." кітабының 101–116-беттен 
алуға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет