5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет48/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ
Смагулова 1рк Ги
Себебін табыңдар
Андроновтықтардың қоғамдағы өзгерістері не-
мен байланысты деп ойлайсыңдар? Оқушылар 
оқулықтағы мәтінге негізделе отырып, андронов-
тықтардың қоғамдық құрылысындағы орын алған 
өзгерістерді талдайды. Тиісті дәйектерді келтіреді. 
Жауаптары. 
Малды туысқандар арасында бөлі-
су жекеменшіктің пайда болуына әкелді. Кейбір 
отбасылардың байлығы өскен сайын, олардың 
қоғамдағы беделі де арта түсті. Ауқатты адамдар-
дың мазарлары биік, аумағы үлкен болған. Қабірден 
табылған олжалар олардың дәулеттілігін көрсетеді. 
Қоғамда діни жоралғыларды сақтаушы және қадаға-
лаушы жоғары дінбасылар – абыздар ерекше орын 
алды. Ал егіншілер және малшылар қарапайым ха-
лық қатарына жатты. 
Бағалау мүмкіндіктері 
Сабақта орындалған іс-әрекеттер барысында 
оқушылар қола дәуіріндегі Қазақстан аумағында 
таралған мәдениеттерді археологиялық олжалар 
арқылы сипаттайды. Алған ақпараттарын жүйелеп, 
топтастырады. Оқушылар сабақтағы іс-әрекеттер 
барысында оқу мақсатына жету деңгейіне қарай, са-
бақ соңындағы тұжырымдары және сұрақтың мағы-
насы мен тереңдігіне қарай бағаланады. 
Қосымша тапсырма
1. Кейбір оқушыларға андронов мәдениетінің 
таралу аймағына қарай көрші елдерден табылған 
археологиялық деректерді жинақтап, әр аймақ ар-
тефактілерінің суреттері бойынша ақпараттық орга-
найзер жасауға тапсырма беруге болады. 
2.
 
Оқушылардан
 
қола дәуірінің археологи-
ялық ескерткіштерінің маңыздылығы бойынша 
тұжырым жасауын сұрауға болады. "Ыстық орын-
дықтағы оқушыға қола дәуірінің ескерткіштерінің 
қазіргі адамдар үшін маңыздылығы неде?" деген 
сұрақты қойып, кемінде үш дәйек келтіріп, түсіндіру-
ді сұраңыз. Әр топ бір-бірінің жауаптарын тыңдап, 
қола дәуірі ескерткіштерінің маңыздылығына байла-
нысты бір сұрақ дайындайды.


34
1-тарау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет