5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет47/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ
Смагулова 1рк Ги
Сабаққа қатысты ескертпелер
Бұл сабақта оқушылар археологиялық деректер 
арқылы Қазақстанның әр аймағындағы андронов 
мәдениетінің археологиялық олжаларын сипаттай-
ды. Осы аймақтардағы мәдениеттердің ұқсас бел-
гілерін анықтайды. Қола дәуірінің ескерткіштерінен 
алынған ақпараттардың маңыздылығын түсіндіреді. 
Сабақ барысындағы іс-әрекеттер тақырыпты "дәлел 
және маңыздылық" концептілерінде ашуға бағыт-
талған.
 


1-тарау. 
Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі
33
Сипаттама беріңдер
Төрт топқа Қазақстанның солтүстігінен, орта-
лығынан, батысынан, Жетісудан табылған археоло-
гиялық олжалардың фотосуреттері жабыстырылған 
кестені ұсынып, олардың негізінде Қазақстан ай-
мақтарындағы Андронов мәдениетін сипаттауды 
тапсырыңыз. Сипаттау барысында: "Бұл қандай зат? 
Кімдер қолданған? Не үшін қолданылуы мүмкін? 
Неден жасалған?" – деген сұрақтарға жауап беру 
арқылы қорытынды жасауға болатынын түсіндіріңіз.
Жауаптары. 
1-суретте Қазақстанда табылған ан-
дронов мәдениетінің артефактілері берілген. Қыш 
ыдыстың сырты ромб тәріздес геометриялық сы-
зықтармен безендірілген. Ыдыс өте үлкен. Жақсы 
сақталғанына қарағанда, өте сапалы жасалған. Қыш 
құмыраны қола дәуірі адамдары азық-түліктерін 
сақтауға қолданған. Осы артефакт арқылы қола 
дәуірінде Қазақстанда қыш құмыралар жасаудың 
жақсы дамығанын білеміз. 2-суретте Балқаштың сол-
түстігінен табылған моншақ пен білезіктер берілген. 
Бұл әшекейлер қоладан жасалған. Әшекейлерді әй-
елдер таққан. Білезіктердің екі шеті мүйізге ұқсайды. 
Балқаштың солтүстігінде металлургия орталықтары-
ның болуы зергерлік кәсіптің дамуына ықпал етті. 
Қостанай маңындағы Алексеев қонысынан табылған 
білезікке ұқсас әшекей, жүзік, түймелер мыстан жа-
салған. Бұл суреттен қола дәуіріндегі адамдар әше-
кей бұйымдар тағып жүргенін аңғаруға болады. 
Жетісудағы Тамғалы петроглифтеріндегі бейнелер-
ге қарап, қола дәуіріндегі Андронов тайпаларының 
өмірінде мал шаруашылығы маңызды болғанын 
білеміз. Сонымен қатар оларда бейнелеу өнері қа-
лыптасқанын, жартастарға салынған суреттерінен 
білеміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет