5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ


Оқулық: Ежелгі көшпелілердің материалдық мәдениеті



Pdf көрінісі
бет87/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Оқулық: Ежелгі көшпелілердің материалдық мәдениеті
56-57-бет.
Зерттеу сұрағы:
 
көшпелілер баспанасының 
ерекшелігі неде?
Сабаққа дайындық 
• Сабақтың "миға шабуыл" кезеңіне қажетті бас-
пана түрлерінен жинақ жасаңыз. Онда тас үңгір, 
күрке, қос, лашық, қараша үй, киіз үй, жер үй, қос 
қабатты үйлердің суреттері болуы керек.
• Киіз үйдің даму эволюциясының суреттерінен 
кеспеқағаз жасап, оның артына баспана туралы то-
лық ақпарат жазыңыз.
• ҚР кескін картасының үлгісін сыныптағы оқушы 
санына байланысты дайындаңыз.
Оқушыларға топтық, жұптық жұмыс критерий-
лерін үлгі ретінде жасап ұсыныңыз.
Сабақтың деректі материалдары
Ғасырларды артқа салып, көшпелілер аңшының 
сүйір қосын, егіншінің кепесін жетілдірді. Сөйтіп, 
қазақ даласында тұрғын үйдің жылжымалы және 
тұрақты түрлері пайда болды. Жерді шұңқырлап қа-
зып, алынған топырақтың есебінен биіктетіп жеркепе 
салынған. Оның қақ ортасына кесе-көлденең белағаш 
қойылды, үстіне топырақ салып, лаймен сылаған. 
Түтін шығатын тесігі мен есігі болған. Бұл алғашқы 
тұрақты тұрғын үйдің сұлбасы болатын. Мұндай 
тұрақты тұрғын үйде көшпелілер қыс айларында 
тұрған. Олардың қола дәуірінде өмір сүрген андро-
новтық тайпалардың баспанасымен ұқсастықтары 
бар.
 
Жалпы жылжымалы тұрғын үйдің бастамасы 
қостан басталған. Қос – киізбен жабылатын баспана-
ның алғашқы түрлерінің бірі. Сырты жонылып, ұшта-
рында басын қосып байлайтын арнайы тесіктері бар 
қабырғалармен тұрғызылған. Қос қабырғаларының 
ұзындықтары 2,5–3 метрге дейін жеткен. Күрке – бас-
пананың пайда болуы оның қабырғаларының кереге 
мен уыққа айналуымен байланысты. Ол үш қанат ке-
регенің әр жерінен көтеріліп, тіке уықтардың басын 
біріктіру арқылы құрастырылған. Кейіннен күркелер 
«Абылайша» деп аталатын баспанамен алмасты-
рылды. Оның бастапқы атауы белгісіз. XVIII ғасырда 
ел арасында үлкен абыройға ие болған Абылай хан-
ның есімімен байланысты шыққан. Себебі оны Абы-
лай жорыққа шыққан кезде үнемі уақытша баспана 
ретінде пайдаланған. Осылай күрделі даму үдерісінен 
өткен киізбен жабылатын баспанадан қазіргідей киіз 
үй келіп шықты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет