№5 практикалық жұмыс Тақырыбы: «Сандар және өлшемдер



Дата29.10.2022
өлшемі0,88 Mb.
#155568
Байланысты:
5 практикалық Диана Қ


№ 5 практикалық жұмыс
Тақырыбы: «Сандар және өлшемдер (сандармен амалдар қолдану)» мазмұндық-әдістемелік желі материалдарын оқыту технологиясы.
Тапсырманың берілгені:
1. Арифметикалық амалдардың қарастырылу ретiн анықтаңыз.
2. Амалдардың қасиеттерін оқытудың мерзiмi, мақсаты, қолдану тәсiлдерi, әдiстемесi.
3. Арифметикалық амалдар мен қасиеттерiн оқытуға қажеттi көрнекіліктер мен дидактикалық ойындарды іріктеңіз.
4. Әр сыныпқа арналған қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын (дескрипторлар, бағалау критерийлері, бал саны, бағалау механизмі) құрастырыңыз.
5. «Қосу», «Азайту», «Көбейту», «Бөлу» кластерлерін дайындаңыз.
1.Арифметикалық амалдардың қарастырылу ретiн анықтаңыз.
Арифметикалық амалдар -
берілген сандар бойынша тиісті шартты қанағаттандыратын басқа бір санды табу әдісі. Мектеп арифметикасында натурал сандар мен оң бөлшектерді қосу, азайту, көбейту, бөлу амалдары қарастырылады. Берілген натурал сандарды қосу деп сол сандарда қанша бірлік болса, сонша бірліктерден құралған санды табу амалын айтады. Берілген сандар қосылғыштар, ал қосу нәтижесі қосынды деп аталады.
Мыс., 5+7+8=20, мұндағы 5, 7, 8 — қосылғыштар, 20 — қосынды.
Қосу амалы ауыстырымдылық (коммутативтілік) және терімділік (ассоциативтілік) заңдарына бағынады. Ерте кезде сандарды сол жақтан бастап қосатын болған. Өзімізге үйреншікті түрдегі қосу тәсілі жәпе оның таңбасы (+) 15 ғасырда енгізілген.
Азайту амалы деп берілген қосынды мен бір қосылғыш бойынша екінші қосылғышты табу амалын айтады. Берілген қосынды азайғыш, берілген қосылғыш азайтқыш, ал азайту нәтижесі айырма деп аталады. Сонымен, азайту амалы — қосу амалына кері амал. Мыс., 15—8=7; 15 — азайғыш, 8 — азайтқыш, 7 — айырма. Ертеректе азайту амалы да қазіргіге керісінше, сол жақтан басталып орындалатын. Қазіргі үйреншікті тәсіл Европада 15 ғасырдан бастап қолданылған. Азайту таңбасының (—) да шыққан кезі — сол уақыт.
2. Амалдардың қасиеттерін оқытудың мерзiмi, мақсаты, қолдану тәсiлдерi, әдiстемесi.
Әрбір арифметикалық амал, басқа да математикалық ұғымдар сияқты жиындарға қолданылатын амалдарды орындау процесінде нақтылы негізге сүйеніп айқындалады. Сонда:
- қосу – ортақ элементтері жоқ жиындарды біріктіру;
- азайту – жиынның бір бөлігін (ішкі жиынды) айырып алу;
- көбейту – элементтерінің саны бірдей жиындарды біріктіру;
- бөлу – жиынды саны бірдей қиылыспайтын жиындарға айыру ретінде анықталуы мүмкін.
Бұл балалардың тәжірибесі негізінде қалыптасқан білімнің көрнекі негізін салуға мүмкіндік береді. Сондықтан да қосу амалын оқып – үйрену заттардың әр түрлері топтарын біріктірумен, ал азайту – заттардың тобынан қандай да бір белгісіне қарай біраз заттарды алып тастаумен байланысты орындалатын практикалық жұмыс болып табылады.
Сонда заттардың тобымен жүргізілетін нақты іс - әрекеттермен санау қатар жүргізіледі.
Мұндай жаттығуларды орындау қосу және азайту амалдарын оқып – үйренуге дайындайды, яғни олардың мән – мағынасын ашуға негіз қалайды да, әрі қарай мәтінді жай есептерді шығару барысында жалғасады.
Бұл балалардың тәжірибесі негізінде қалыптасқан білімнің көрнекі негізін салуға мүмкіндік береді.Сондықтан да қосу амалын оқып үйрену заттардың әр түрлі топтпарын біріктірумен,ал азайту заттардың тобынан қандай да бір белгісіне қарай біраз заттарды алып тастаумен байланысты орындалатын практикалықжұмыс болып табылады.Сонда заттардың тобымен жүргізілетін нақты іс әрекеттермен санау қатар жүргізіледі.Мұндай жаттығуларды орындау оқушыларды қосу және азайтуамалдарын оқып үйренуге дайындайды,яғни олардың мән мағынасын ашуға негіз қалайды да,әрі қарай мәтінді жай есептерді шығару барысында жалғасады. Бастауыш сыныптарда көбейту қосу арқылы,ал бөлу азайту арқылы анықталады және олардың да мән мағынасына қарапайым мәтінді жай есептер арқылы ащылады,
Сонда көбейту амалы элементтері бірдей топтарды біріктіру ,яғни қосу амалы арқылы жүзеге асырылады.Ал бөлу жайындағы түсінік заттардың тобымен жүргізілетін практикалық екі іс әрекетке :тең бөліктерге бөлуге сүйеніп қалыптастырылады.Арифметикалық амалдардың мән мағынасын ашу ,олардың таңбаларын және сәйкес терминдерді енгізумен жалғасады.
Көрнекі құралдар,оқулықтағы суреттер мен үлгі жазулар және нақты мысалдарарқылы түсіндіріліп ,ілгеріде енгізілетін есептеу тәсәләнәң негізіне алынады, Арифметикалық амалдардың компоненттері мен нәтижелері арсындағы байланыстар ,арифметикалық амалджардың дұрыс орындалғанын тексеру және белгісіз компоненттерін табу үшін пайдаланылады.Сондықтан әрбір арифметикалық амалдың нақтылығы мағынасын айқындаумен бірге ,олардың белгіленуі,яғни амал таңбасы және терминалогия ,амалдардың ,амалдардың компоненттері мен нәтижелерінің атаулары енгізіледі.
3. Арифметикалық амалдар мен қасиеттерiн оқытуға қажеттi көрнекіліктер мен дидактикалық ойындарды іріктеңіз.
«Сандар диірмені»Рационал сандарға арифметикалық амалдар тақырыбы бойынша. Шеңберлеріне рационал сандар жазылған диірменнің шеңбері. Осы шеңберлерді қосатын көрсеткілер әрекеттерді көрсетеді. Орталықтағы шеңберден бастап, көрсеткі бағытына байланысты сыртқы шеңберге операцияны орындауға және жауап ретінде төменгі шеңберлердің ішіндегі сандардың бірін алуға болады.
«Қосу», «Азайту», «Көбейту», «Бөлу» кластерлерін дайындаңыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет