5-сынып
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Аспан әлемінің құпиялары. Саяхат және демалыс. Синтаксис
Тапсырма
Оқылым
Мәтіндерді оқып, олардың жалпы қысқаша мазмұны мен нақты ақпараттарды ажыратып көрсетіңіз.
А мәтіні
[10]
Жер - ғарыш денесі
Бұлтсыз ашық айлы түнде аспан әлемінде сансыз жаркырап тұрған жұлдызды көресің. Жұлдыздар жерден өте алыс орналасқан. Сондықтан олар біздің көзімізге кішкене жылтыраған ноқат сияқты болып көрінеді. Жай көзбен қарағанда аспан әлемінен 3 мыңға тарта жұлдыз көрінеді. Ал қазіргі заманғы ең жаңа құралдармен есепке алынғандарының саны бірнеше миллион. Ғалымдардың болжауынша, жұлдыздардың жалпы саны әлденеше миллиардтан асып кетеді. Жұлдыз газдан тұратын аспан денесі. Жерге ең жақын жұлдыз Күн. Күн, ай, жер - ғарыштық денелер. Күнді 9 ірі аспан денелері айналып жүреді. Олар ғаламшарлар (планета) деп аталады. Ғаламшарлар «адасушы жұлдыз» деген сөз. Ғаламшар өздігінен жарық шығармайтын салқын денелер. Ғаламшарлардың жұлдыздан айырмашылығы өздігінен жарық шығару мүмкіншілігі жоқ, күн сәулесінің шағылысуынан жарқырап тұрады. Енді планеталарға тоқталып өтейік. Күн және оны айналып жүретін ғаламшарлар мен олардың серіктері күн жүйесін құрайды. Күн жүйесі - әлем кеңістігінің немесе ғарыштың бір кішкене шағын мүйісі ғана. Ол Галактика деп аталатын жұлдыздар жүйесіне кіреді. Ғарыш кеңістігінде шек жоқ. Жерді қоршаған бүкіл дүние элем немесе ғарыш деп аталады. (157 сөз)
Ә мәтіні
2-мәтін
Шоқ жұлдыздар
Жұлдыздар ежелгі ғалымдардың қызығушылығын туғызды, бірақ телескоптар жоқ болғандықтан, олар көзге көрінетіндерге ғана aray берді. Шоқжұлдыздардың пішіндері мен өлшемдері әр түрлі болып келді. Егер шоқжұлдыздарды құрайтын жұлдыздары сызықтармен біріктірілмесе, аты берілген жануарды немесе заттарды тану әрдайым мүмкін бола бермейді. Кейбір шоқжұлдыздардың екі немесе одан да коп атауы бар. Ежелгі гректер Орион шоқжұлдызын Аңшы шоқжұлдызы деп атаса, ежелгі мысырлықтар Осирис деп атаған. Жұлдыз өте күшті қызған газдан (плазмадан) тұратын, өзінен жарық шығаратын және табиғаты жағынан Күнге ұқсас аспан денесі.
Вавилон, Мысыр, Қытай және Грецияның алғашқы астрономдары жұлдыздарды қарастырған кезде олардың кейбірінің жануарларға немесе аңыз- әңгімелердің кейіпкерлеріне ұқсас екенін аңғарған. Сөйтіп, оларға Торпақ (өгіз) немесе Персей (грек кейіпкері) деген сиякты атаулар берді. Кейіннен Телескоп сиякты өзге шоқжұлдыздар табылып, ат қойылды. Көптеген шоқжұлдыздарды осыдан 2000 мың жылдан астам уақыт бұрын алғаш тапқан Қытай мен Вавилонның астрономдары еді. (132 сөз)
Тапсырма
Оқылым
Мәтіндерді оқып, олардың жалпы қысқаша мазмұны мен нақты ақпараттарды ажыратып көрсетіңіз.
А мәтіні
Жұлдыздар адам өміріне әсер ете ме?
Соңғы жылдары жұлдыздар мен аспан денелерінің Жерге және адам өміріне тікелей әсер етуі туралы жиі айтылып жүр. Бұл жайында фильмдер түсіріліп, жазылып та жүр. «Планеталар шеруі» немесе «Метеориттік соқтығысу» сиякты ақпараттармен қоғамда қорқынышты тудырып та жүргендер бар. Бүгінде адам санасын коркынышпен ұстағысы келетіндердің қатары көбеюде.
Бұл тақырыпта зерттеу жұмыстарымен айналысып жүрген ғалымдарымыздың еңбектері де жетерлік. Алайда, өздерінің ғылыми жұмыстарына
2-мәтін
Қазақ ел басына күн туғанда жалғыз жанын ку шүберекке түйген жауынгер халық болған. Ұлан байтақ даласының бір тұтам жері үшін корку деген сезімді жүрегінен жұлып алып тастаған. Тіпті, арыға бармай-ақ кешегі Ұлы Отан соғысының әлі сарғайып үлгермеген қатпарлы парақтарына үңіліп қарасақ, қазақтардың канды қырғында қаймықпай соғысқанына анық көзіміз жетеді. Оған мысал айқас алаңдарында өшпес ерлік жасаған қайсар жауынгерлеріміздің бірі Бауыржан Момышұлы еді. Ұзын бойлы, қара сұр Момыштың ұлы Бауыржан сол кезде отыздың үстіндегі жас жігіт болатын. «Өз халқын құрметтеп, сүймеген адам опасыз, оңбаған адам», деп Бауыржан Момышұлы - айтқандай, Отан үшін өз басын өлімге байлап, ажалмен алысып, өз ұрпақтарының, өз халқының намысын қорғағаны өз халқын шын сүйетіндігінен болса керек. Бауыржан Момышұлының тұлғасы кімге болса да мұзарт шыңның басында, мұнартып қалықтаған ақиық, мұзбалақ қыран болып елестейді. 1941 жылы Мәскеу түбіндегі қанды шайқастарда теңдесі жоқ ерлігімен әлемді дүр сілкіндірген казакстандык 316-атқыштар дивизиясының батальон командирі ретінде капияда ой тауып, қараңғыда жол тауып, ерен ерлігімен аты әлемге аңыз болып, батыр қолбасшы атанды. Жеңістің 65 жылдық мерейтойы қарсаңында қаһармандық пен өшпес ерлігі үшін Мәскеу халқы құрметтеп, үлкен сый жасады.
Сұрақ:
Неліктен адамзат баласына ұлы есімдерді тудыру үшін бейбіт өмір жеткіліксіз болады да тұрады?
Соғыс жағдайында отанын сүю қандай әрекеттермен өлшенген, ал бейбіт өмірде немен өлшенеді деп есептейсіз?
"Ел басына күн туған күн" деген сөздің мағынасын қалай ашар едіңіз?
Достарыңызбен бөлісу: |