5 сынып. Қасірет шегіп, қан кешіп, Жеңіске жеткен күн еді…



бет12/12
Дата25.12.2021
өлшемі43,91 Kb.
#104848
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
интернет сабактар

Қортынды: Құрметті ұстаздар,
оқушылар осымен 5 сынып оқушыларының «Ер есімі, ер есінде» атты тәрбие
сағатымызды аяқтаймыз. Әрқашан еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Тақырыбы: Желбіре, Жеңіс жалауы


Тәрбиеші: Бүгін жеңіс күні –адамзат аңсап күткен күн, жеңістің туын тіккен -1945 жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды күні. Иә, содан бері 67 бейбіт жыл артта қалды. Бүгінгі мерекеге балалар өздерінің өлең жолдарын арнайды.
Аңсар: Алақай –ай! Әйгілі!
Тоғызыншы май бүгін
Алғаш күні шаттықтың
Соңғы күні қайғының

Анель: Жеңіс келді далама


Жеңіс келді қалама
Жеңіс келді әке боп
Елдегі бар балаға
Ануар: Жеңіс келді ән болып
Келді ауылға сән болып
Жеңіс келді, алақай!
Тоя жейтін нан болып
Алан: Әлем бізді ұққан күн
Жауды ініне тыққан күн
Батыр атам алдынан
Әжем күліп шыққан күн
Тәрбиеші: Жеңіс атылған оқпен ғана келген жоқ, әнмен де келді. Жауынгерлерді ән алға жетеледі, жігерлендірді. Жаңа ерліктерге көтеріп, үлкен ұрыстарға жеңіс дабылын қақты.

Ән: «Солдат болам мен ертең»


Тақпақтар:
Расул: Баламын мен бүгінде
Кіп-кішкентай баламын
Ертең менде өскенде
Ел қорғауға барамын
Жібек: Туған жердің әр тасы
Маған ыстық қашаннан
Бұйраланған аршасы
Қорғайтын –ер боламын!

Малик: Елін жерін сүйетін


Ертеңі үшін күйетін
Рухы биік ұланбыз
Болашаққа сенетін!

Тәрбиеші: Бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Ұлы Отан соғысына қатысқан батырларымыз кімдер еді?


-Ә. Молдағұлова. М. Мәметова. Б.Момышұлы, Н. Әбдіров т.б
- Дұрыс айтасыңдар, балалар есімдері аңызға айналған ағаларымызды, әкелерімізді, аналарымызды, тарих бетінде «Батыр» деп жазып кетті. Батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкімде, ешқашан ұмытпақ емес. Олар еліміздің бақыты үшін, ерлікпен қаза тапқан. Кіндік кескен жері, аялап, әлпештеп өсірген елі үшін, жанған отқа түсіп жалын кешкен ер –азаматтар әр уақытта естен шықпайды. Бүгін сол жауынгерлер рухына бас иіп, еске алайық. (1 минут үнсіздік)
Тәрбиеші: Әр азамат туған елінің өткені мен бүгінін біле отырып, болашаққа қадам басады. Халқымыздың біртуар ұлы ержүрек қолбасшы, жазушы, батыр, Қазақстанның халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы кейінгі ұрпаққа үлгі етіп қалдырып кеткен өсиеттері ерлікке толы және патриоттыққа тәрбиелеуде көптеген мақал –мәтелдер қалдырған.

Олжас: Отанда –опасызға орын жоқ


Дана: Ерлік –бірлікте емес жүректе
Лиза: Ерлік –тәрбиеден туады
Сағыныш: Үлкенді ізетте
Кішіні күзетте көр
Тәрбиеші: Балалар жер шары балаларының тілегі не?
- Бейбітшілік болсын!
- Соғыс болмасын!
- Достық болсын!
- Адамдар бір –бірімен тату, дос болсын!
- Дұрыс айтасыңдар, балалар барлық жер шарындағы балалардың тілегі осындай екен. Ендеше, балалардың тілегіне би ұсынамыз.

Би: «Катюша» «Вальс»

Тәрбиеші: Отаным еркелеймін енді кімге
Өзіңмен нені болса көрем бірге
Қалайша қабырғама батпас менің
Басына қатер болды төнген күнге – дей отырып келесі өлең жырларына берейін.
Ақерке: Ағалар саптан шықпасын
Аналар қабақ шытпасын
Бақытқа жетіп бар адам
Сәбилер тыныш ұйықтасын

Жанель: Тыныштық! Жаса тыныштық!


Осы сөз бізге тым ыстық
Көркейе берсін еліміз
Көркейе берсін ырыс –құт!
Бекзат: Жер бетінде тыныштық
Баянды бақыт адамға
Орнатуға далаға
Сәбилік таза көңілмен
Ант етеміз!

Тәрбиеші: Әрқашан еліміз, тыныш болсын! Күніміз ашық, жарқын, шуақты болсын! –деп «Әрқашан күн сөнбесін» әнін орындаймыз.



Ашық тәрбие сағатының жоспары
Сабақтың тақырыбы: «Біз Жеңістің ұрпақтарымыз».

Сабақтың мақсаты: 1941-1945 жылғы Ұлы отан соғысында неміс басқыншыларын талқандауда Қазақстан халқының майданда және тылда көрсеткен ерен ерлігін паш ету, жас ұрпақты отансүйгіштікке, ел жандылыққа тәрбиелеу.
Пайдаланылған оқулықтар: « Жеңіс нұры» - жыр жинағы Алматы «Жазушы» 1985ж; «Өмір – бақыт» Есет Әукебаев «Жазушы» баспасы Алматы-1983ж. «Сыныптан тыс тәрбие жұмыстары», аудандық «Толқын» газеті.
Қолданылған көрнекіліктер;мультимедиялық аппарат, «Жеңіс», «Отан» туралы жазылған нақыл сөздер, т.б.

Барысы:
1-жүргізуші: Жеңіс күні бар әлемге әйгілі,
Көктем шуақ-9май күні.
Айтшы, кәне, біздің жеңіс шеруі, 
Кездейсоқ па көктемге сай келуі.

2-жүргізуші: Біздің Ұлы Жеңісіміз көктем боп,
Көңілдерге шұғыласын төккен көп.
Сонау жылы 9 май күні,
Алмастырған қуанышқа қайғыны.

1жүргізуші:Бүгінгі күн – көптен күткен салтанатты күн, зымыраған уақыттың қанатында Жеңістің міне 65- көктемі де келіп жетті.
65 жыл - бейбіт көктем таң атқалы,
65 жыл - шуақты күн таратты әнін.
65 рет - көктемде сонан бері, 
Ашылды Жеңіс күннің парақтары.

2-жүргізуші:Фашистік Германияның мақсаты бүкіл кеңес халқын құлға айналдыру, жерін басып алу еді.Германия фюрері Адольф Гитлердің қанқұйлы саясаты кеңес халқын дүр сілкіндірді. Сол сұрапыл соғысқа біздің ауданнан 11 мың адам аттанып, 6 мыңы майдан даласында ерліктің үлгісін көрсетіп қаза болды. Ұлы Жеңістің 60 жылдығында 6 мың боздақтың, 2 мың кеңес Одағының Батыры, 16 Еңбек Ерінің есімдері алтын әріппен жазылды . Осыдан бес жыл бұрын Елбасы Н.Назарбаев Аралға келгенде «Тағзым» алаңын ашып, алғаш гүл шоғын қойды. Жеңістің 61 жылдығында «Алып анаға» арналған ескерткіш тұғырына «Ұлы Жеңістің 100 жылдығында болашақ ұрпақ ашып оқысын» деген мақсатта хат жазып қалдырылған. Бұдан бес жыл бұрын Ұлы Отан соғысының ардагерлері 200 болса, бүгінгі таңда ауданымызда 50-і, қалада 21-і қалып отыр.

Осындай бақытты күнді елі мен жері үшін арыстандай алысқан жеңімпаз жауынгерлер біз үшін, келер ұрпақ үшін сыйлады. Сондықтан да, бұл күні барлығымыз Отан үшін мерт болған қаһармандардың ерлік рухына бас иіп, көзі тірі ардагерлерге құрмет көрсетейік.

Көрініс: «21 июнь 1941 жыл»
21 маусым күні Оқушылардың мектеп бітіру кешінен қайтып келе жатқан сәті. Кенет радиодан:»тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва!1941 жылы 22 маусым фашистік Германия тұтқиылдан соғыс жариялап, елімізге басып кірді.»
1 әйел: «Соғыс, соғыс дейді, естідіңдер ме? Сұмдық-ай енді қайттық? Күніміз не болар екен?»
2 әйел: «Қойыңдар жамандық шақырмай. Ел шетіне жау тисе, арқа сүйер азаматтар бар емес пе?»
1 азамат:
Ат басына күн туса, 
Ауыздықпен су ішер
Ер басына күн туса, етігімен су кешер – деген бар емес пе, жыламаңдар, жастарыңды тиыңдар?
Бәрі: Отан үшін аттанайық!

1 жүргізуші:
Уа, халқым!
Күн туды сенің басыңа,
Жау кірді сенің жеріңе,
Сұм фашистен қорғауға,
Аттан, халқым майданға!

Берқайыр Аманшин «Сақ болыңдар, тірілер!» атты өлең оқылады.

1 жүргізуші:
Солдаттың көкірегі толы арманы,
Оқ жаңбыр астында да жоғалмады,
Отан мен анасы үшін «Алға» деді
Амал не,
Көпшілігі оралмады.

«Алар жау сыбағасын оңбай бізден»,
Шығамыз
Соңғы күшпен,
Соңғы айбынмен,
Қорғаймыз байтақ елді,
Өйткені оны
Әр ұрпақ өз тұсында қорғай білген.

Көрініс: «Соғыста». Екі жауынгер солдаттың келе жатқан танкіні жарып, өздері жараланып, ерлік көрсеткендері бейнеленеді.

2 жүргізуші:
Жабады дала төсін нала, қайғы,
Шын қайғы жөн кәріге қарамайды,
Қып-қызыл көлдің бетін сұңқылдаған
Аққулар қанатымен сабалайды

Би: «Катюша»
1 жүргізуші:
Ашу менен кек оятты ел намысын,
Отан үшін жан пида болды үлкен сын.
Ер азамат жауменен арпалысса,
Әйелдер терін төкті майдан үшін

Аналар қоштасқанда асылымен,
Арулар қош айтысты ғашығымен
Балалықтың базарын ерте жауып,
Талай жұмыс істеді бала өркен.

Үдетіп соғыс оты қайғы мұңды,
Төрт жыл өтті, соғыс әлі бітпей қойды,
Кемпір шал, әйел бала ауылдағы,
Сеніммен күтуші еді Жеңіс тойды.

Көрініс: «Тылда». Тылдағы қазақ қыздары мен әйелдерінің Жеңісті жақындату үшін жасалған еңбектері мен ерліктері туралы бейнеленеді.

Ән: «Мен қазақ қыздарына қайран қалам!»
1Жүргізуші:Соғыс...Сұрапыл соғыс қанша үйдің адамын ұрлады,қанша үйде оттар сөнді, қанша аналар ұрыс даласынан келген қаралы қағазға сенбей ұлдарын күтумен өмірден өтті, қаншама арулар жесір қалып, сәбилер жетімдіктің зарын тартты.

Ән: «Соғыстан қайтқан солдаттар»

Көрініс: «Жеңіс»
Радио: «Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!Сөйлеп тұрған Москва!1945 жылы 8 мамырды Германияның жоғарғы командованиесі жеңілгендігін мойындап Актіге қол қойды. 9 мамыр Жеңіс күні!

Халық қуанысып, бір-бірінен сүйінші сұрасып жатады.
«Сүйінші! Халқым, жұртым, сүйінші! Неміс фашистері кеше тізе бүгіп, жеңіліпті! О,жасаған, шынымен қарғыс атқыр соғыстың аяқталғаны ма?»

Күткен Жеңіс жарқ етті сәуле шашып,
Жеңіс келді, қуандық көңіл тойып,
Жауды жойып батырлар елге оралды,
Ата-анамен қауышты құшақ жайып.

Мамыр келді ағаштар бүрін жарып,
Бейбіт өмір оралды күні жарық.
«Шүкір» деп әжелер жүр ақ жаулықтың
Ұшымен көздің жасын сығып алып.

Аспанда күн жарқырап күліп тұрды,
Бейбіт өмір шаттығы тұнып тұрды.
Соғыстан соңғы сәби күлкісімен
Қара күндер қайғысын ұмыттырды.

Ән: «День Победы»

Көрініс: «Жеңіске 65 жыл»
Оқушылар қарт майдангерді қарсы алады, гүл шоқтарын мәңгілік алауға қояды. Жастарға батасын береді.

Ән: «Көгершін»
Оқушылардың барлығы ортағы шығып хормен әнді орындайды.

Ынтымақ- достық кепілі.


Мақсаты: 1- мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні екенін оқушыларға жеткізу; Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: плакат, нақыл сөздер,еліміздің рәміздері, әр ұлттың киімі, гүлдер.
Барысы:
Мұғалім: «Бірлік бар жерде бақыт бар»
«Ынтымақ-достық кепілі»
Отан- әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Адам жүрексіз өмір сүре алмайды.Отан- біздің туған жеріміз, өзіміздің туған- туысқанымыз, дос- жаранымыз бен тұратын еліміз.
Біздің Отанымыз- Қазақстан.
Бүгінгі Қазақстан дүние жүзіндегі көптеген мемлекетер таныған ел. Оның өз Елтаңбасы, Туы, Әнұраны бар.Еліміз өз егемендігін, тәуелсіздігін 1991 жылы 16 – желтоқсанда алды.
Оқушы:
Тәуелсіздік кіндігін
Кескен халық бірлігі.
Ынтымағы барша ұлттың
Нұрын шашқан күн бүгін.
Әнұраным- біздің Отанымыздың салтанатты үні. Өр үні. Өміршең үні. Оның қалықтай көтерілген әуеніне туған жердің рухы мен сазы шымырлай шалқиды.Кеудені мейірлі мақтанышқа бөлейді, арманыңды аялай самғады.
Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады.
Елтаңбам қандай тамаша!
Елтаңбамызға көз салсақ ортада қазақтың қарашаңырағы, күн сәулесіндей уықтар шашырай шапағын шашқандай, екі жақтағы қанатты пырақтар арынды да қарымды, жоғарыда бес бұрышты жұлдыз жарқырайды. Жарығымен «Қазақстан» жазуы жарқырай түскендей.
Оқушы:
Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбат әдемі.
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі.
Жалауыма қарасам көңілімді мақтаныш кернейді. Ол шарықтайды, көңіл қалықтайды. Жалауым- жасыл байрағым, әлемнің барша елдерімен терезе теңестіріп, асқақ желбіреп тұр.
Оқушы:
Жарасқан байрақтың мәні бар,
Көк аспан,күн- қыран сәні бар.
Көк байрақ ашық күн кеңісім,
Алтын күн белгісі жеңістің.
Арқаның қақ төріне қоныс тепкен құт мекеннің құйқасы құнарлы, төскейі шұрайлы.
Осынау өлкеде жас қала бас қалаға айналды.Келбетіне көрік қосты,келешегіне сенім әкелді. Зәулім үйлер көбейді, оқтай түзу даңғылдары ұзарды. Шаңырағы биіктеп,шаттығы әуелеген қала күннен өсіп келеді. 1997 жылы Ақмола мекені Астана шаһарына, Елордасы Астана қаласына айналды.Қазақстан Республикасының өмірінде бұл – төртінші астана.Алғашқы астанасы- Орынбор қаласы, екінші астанасы- Қызылорда қаласы, үшінші астанасы- Алматы қаласы болса, төртінші астанасы осы Астана қаласы болып отыр.

Оқушы:
Заман жаңа,ел жаңа,


Күлімдейді кең дала,
Өз Астанам- өз Ордам,
Сүйенерім сен ғана !
Далам! Кең –байтақ.Сондықтан ғой,күмбір-күмбір көне күй мен толғауы тоқсан жырларымызда- «Ұшса құстың қанаты талады,шапқан аттың тұяғы тозады, Атырауы – айшылық, Қаратауы толғаған.»
Оқушы:
Көрікті өлкеме қарашы,
Тізілген орман- тау, қаласы.
Алтай мен Атырау арасы,
Қазақтың кең- байтақ даласы.
Республика халқының саны 15 миллиондай.
Жергілік ұлт қазақтармен бірге басқа да 130-дай ұлт өкілдері тұрады. Мұнда ұлтына, нәсіліне қарамай барлық халық өкілдері бір-бірімен туысқандай болып кеткен. Қазақстанның шаруашылығы мен мәдениетін дамытуға барлық ұлт өкілдері белсене қатысып,бірлесе еңбек етіп келеді.Сондықтан 1- мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні болып аталады.Бүгінгі жиналған ұлт өкілдері өздерінің бірлік, достық мерекесін тойламақ.
Оқушы:
Ақ қара деп алдымен,
Елім бөлмес адамды,
Дәстүр, өнер, салтымен
Таңқалдырған ғаламды.
Оқушы: Жырласа қазақ, түркімен,
Молдаван,тәжік үн қосқан.
Дос жүректер біріккен,
Мейірлері жарасқан.
Оқушы: Тыңда, тыңда, тыңда мені,
Ұлы жұртым орыс халқым.
Сен тербетіп өсіргенсің,
Сенің даңқын, менің даңқым.
Оқушы: Кім сүймейді ет жақынын, туысқанын,
Украина туысымның бірісің.
Тұрды биік туымыздай бұл достық,
Ел басына төнгенде де ұлы сын.
Ән: «Ел қорғауға әзірміз»
Оқушы: Қадірменді бір досымыз- өзбегім,
Қалтқысы жоқ демің бейне өз демім.
Өз сөзімдей жаңға жайлы сөздерің,
Өз көзімдей күлімдейді көздерің.
Дәм тұзымыз араласпыз әріден,
Дастарқандар жайылады сәнімен.
Палауыңмен бесбармағым сыбайлас,
Кезек жейміз алма, өрік дәміңнен.
Түрік биі. (1-сынып оқушыларының орындауында би)
Оқушы: Жолым түсіп, тағдыр талап,
Грузин дос болдым қонақ ,
Қазағымдай кең пейілің,
Дастарханды жайдың мол- ақ.
Оқушы: Қазақ, қырғыз бір сананың егізі,
Екі жұрттың бірге екен негізі.
Қазақ озса – ол қырғыздың мерейі,
Қырғыз озса- ол қазақтың жеңісі.
Қазақ- қырғыз туыссыңдар , доссыңдар,
Бір тамырдан сендер өскен қос шынар.
Дос туыстар көп болса да дүниеде,
Нақ сендердей нағыз туыс жоқ шығар.
Оқушы: Онша үлкен болмаса көлемі
Әжірбайжан, Әзірбайжан ағайын,
Тағы сені құшып сүйгім келеді.
Көрініс: «Қырғыз бен грузин айтысы».
Қырғызға таңырқай қараған грузин қырғыздан:
- Сенің ұлтың кім?
- Қырғыз.
- Сен қырғыз болсаң өз еліңе неге бармайсың?
- Менің өз елім – Қазақстан.
- Жоқ сен Қырғызстанда тұруың керек!
- О не дегенің! Мен Қазақстанда тұрамын.
Мен Қазақстанды өз отаным деп білемің.
- Сен өз еліңе қалайда кетуің керек?
- Ал сен грузинсің ғой! Сен мұнда не істеп жүрсің?
- Сен де өз еліңе бар! (осылай дауласып жатқанда, қазақ жігіті келеді)
- Балалар осыншама неге дауласып, жатырсыңдар? Менің білгім келеді.
- (Екеуі қосарлана) Біз әрқайсымызды өз еліңе бауырың керек деп жатырмыз. Қайсымыздың кетерімізді білмейміз.
- О не дегендерің! Біздің Отанымыз Қазақстан көп ұлт мекендейтін мемлекет емес пе? Мұнда қырғыз да, грузин де, орыс та тағы басқа тұра береді. Тұрғанда тату-тәтті тұрып жатыр, ал сендер дауласасыңдар келіп. Олай болса, біз де неге дос болмасқа! Қане, салыңдар қолдарыңды!
- Жарайды, жарайды! (Келісіп қолдарын салады).
- (Бірге қосылып) Біз доспыз, біз әрқашан біргеміз.
Оқушы: Белоруссия – жайқалған жасыл орман.
Жасыл орман – мәңгі жасыл арман.
Шетінен ойшыл келер армандары –
Қойнында сан ұрпақтың жасы қалған.
Оқушы: Кім білмес қазағымның қою шайын,
Жал-жая, қазы-қарта, құрт пен майын.
Ақ тілекпен әрбір келген қонағына,
Құрметпен шығаратын төрі дайын.
Келіңіз ұсынамын төрден орын,
«Досым» деген адамға міне қолым.
Әр қазақтың жүрегінде осы тілек,
Адамзат, оң сапарда болсын жолың.
Ойын: «Хан талапай».
- Қазақтың жаңа жыл мейрамы?
- Ұлттық тағамдарды ата?
- Қазақтың ұлттық киімдері қандай?
- Ұлттық аспаптарын ата.
Оқушы: Бірлігі мен ынтымағы халықтың,
Көзімізде жарқырайды жарық күн,
Ырыс, дәулет, бақыт үшін халықтың,
Жайнай берсің, жайнай берсін жарық күн.
Оқушы:
Тірлігімен адам байлық жасады,
Бірлігімен асулардан асады.
Адал жандар жер – ананы қорғаңдар,
Абайлаңдар бейбітшілік жасағы.
Оқушы: Достық бізге тым ыстық,
Бірлік – байлық, ырыс – құт.
Жарқырасын күніміз,
Жаса, жаса тыныштық
Хор: «Достық»
Қазақстан! Біздің туған жеріміз осылай аталады. Қазақ жері ұлан – байтақ. Батыста Каспий маңы ойпатынан шығыста Алтай тауына дейін 3000 км , ал солтүстіктен оңтүстікке қарай 1600 км созылып жатыр. Осындай кең байтақ өлкеміздің жері көлемі- 2 млн.700 мың шаршы километр.
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман.
Хормен:
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.
Ортақ болсын асар тау,
Жеміс толы бақша- бау.
Болсын жер мен су ортақ,
Болсын бізге ну ортақ.
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз!

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет