5 сынып. Қасірет шегіп, қан кешіп, Жеңіске жеткен күн еді…



бет5/12
Дата25.12.2021
өлшемі43,91 Kb.
#104848
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
интернет сабактар

Ер есімі  – ел есінде (тәрбие сағаты)

Мақсаты: 1. Ұлы Жеңісті дәріптеу, өз Отанын, елін, туған жерін сүю,
туған  жеріне деген
сүйіспеншілігін арттыру, ой – өрісін дамыту.

2. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата- бабаларымыздың  ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі өнеге тұту.



Көрнекілігі: Соғыс туралы жазылған сөздер, мультимедиа, буклет, кітаптар.

Жүру барысы:



І жүргізуші: Құрметті ұстаздар,
оқушылар. 5 сынып оқушыларының  Ұлы
Жеңістің 65 жылдығына  орай ұйымдастырып
отырған «Ер есімі – ел есінде» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер.

ІІ жүргізуші: Міне, Ұлы Жеңістің 65 жылдығын
тойлағалы отырмыз. Жеңіс… Иә, оны сан миллиондаған адамдар 4 жыл бойы
минуттап, сағаттап сарыла күтті емес пе?
Ақыры олардың үміті мен сенімі ақталды, тілектері орындалды.

І жүргізуші: Соғыс жылдарында біздің
Қазақстанда соғыс оты шарпымаған шаңырақ кем де кем. Жүз мыңдаған ата – әжелеріміз соғыстың алғашқы сәттерінен –ақ майданға аттанды.

Дәл осынау жадыраңқы жәй күні,

Болса дағы қай ғасырдың қай жылы.

Ұлы Отан басымды иіп бір минут,

Есіме алам сол бір апат қайғыны.

Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, бүгін арамызда асқар таудай


болып жүрген аталарымызға басымызды иіп тағзым етейік.

(1 минут үнсіздік).

ІІ жүргізуші: Алпыс бес жыл – бейбіт
көктем таң атқалы,

  Алпыс бес жыл – шуақты күн таратты


әнін.

  Есімде сонан бері алпыс бес рет

  Ашылды Жеңіс күннің парақтары.

             Алпыс бес жыл – үзілмеді


құстар әні,

             Кетті енді сұм соғыстың


қыспағы әні.

            Алпыс бес жыл –


жауымыздың ажал оғы,

            Біздің ел үстіменен


ұшпағалы.

  Талай құс содан бері қайта оралды,

  Талай бақ әлеміне қайта оранды.

  Соғыста өлгендер тек орлмайды,

   Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет