Көркем сөз: «Әлия, Мәншүк»
Оқитын: Алтынбек Артурин
ІІ жүргізуші: Ұлы Отан соғысына
қатысқан батыр қыздарымыздың бірі Әлия
Молдағұлова 1924 жылы Ақтөбе облысының Қобда ауданының Көкбұлақ деген жерінде
туып, Ойыл ауданындағы Алтықарасу ауылында өскен.
Көрініс: «Әлияның арманы»
Автор: Ауыр азапты күй кешкен ленинградтықтардың тыныс – тіршілігі Әлияның
жүрегіне қаяу түсірді. Ол оны көріп, көкейіне түйіп жүргенде қол қусырып қарап
отыра алмайтындығын сезінді.
Міне, ол ақыры Отан қорғауға да аттанды. Содан Әлия майданда тілшімен
кездеседі.
І жүргізуші: 1944 жылы Ленинград
маңындағы елді мекенді азат етуде алдыңғы шепте жүрген Әлия, «Отан үшін алға!»
деп барлық жауынгерді соңынан ертіп, шабуылға шығады. Жаудың бораған оғына
қарамай қыстаққа бәрінен бұрын алдымен өзі кіріп, бірнеше жаудың көзін жояды.
Әлияның соғыс жылдары мергендік атағы шықты.
Ол небәрі 20 – ға толмаған қыршын жасында жау оғынан көз жұмды. Біз Әлияны
ешқашанда ұмытпаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |