Болмасын соғыс
Сұрапыл сұм соғыстың аяқталғанына да міне, 70 жыл болды. Бүкіл әлемге тыныштық, бейбіт өмір сыйлаған Ұлы жеңіс күні – тарих төрінен орын алатын ұлы мереке.
Соғыс салған жаралар әлі де жазыла қойған жоқ. Адамзат тарихындағы ең сұмдық, сұрапыл соғыс – төрт жылға созылды. Бұл соғыста біздің аталар мен әжелеріміз биік рух пен қаһармандықтың, ерліктің үлгісін көрсетіп, қан майданда да, тылда да, аянбай «Барлығы майдан үшін, жеңіс үшін» деген ұранмен жанқиярлықпен еңбек етті, күресті. 6-сыныбында өткізілген ашық сабақтың тақырыбы «Ер есімі – ел есінде» . Мақсаты – бабалар ерлігін үлгі ету, патриоттыққа тәрбиелеу, бейбіт өмірді бағалай білуге баулу.
Ашық сабақ оқушылардың орындауындағы «Жеңіс күн» әнімен басталды. Сыныптағы барлық оқушы соғыстың басталуы, алғашқы соғыс жылдары, тыл мен майдандағы жағдайлар, иығына ауыр жүк түскен аналар мен жас өспірімдер, суық пен жетіспеушілік, алғашқы келген қара қағаздар. Сабақтың тоқтауы, сағыныштар мен көзжасы жайлы көптеген өлеңдер тамаша тебіреніспен орындалды.
Әсіресе сарғайған үшбұрышты хатты ашып оқушыларға оқып берген сәт өте әсерлі болды. Сарғайған үшбұрышты хаттар 70 жыл бойы сақталған. Хаттар анасына, туыстарына, сүйген жарына, досына арнап жазылды. Биыл 8 мамыр күні ауылда соғысқа аттанған азаматтар жазылған ескерткіш тақтасының ашылуына байланысты, ескерткішке тағзым ету, күту, қорғау жайлы түсінік берілді. Ауылда алты ардагер аталары бар, ол кісілерге үнемі қамқорлық көрсетіп құрметтеу керек екендігі ескертілді.
Ашық сабақ барысында балалардан қандай ой түйгендері жайлы сұралып, әр бала өз ойын, пікірін жеткізді.
«Болмасын соғыс» атты өз өлеңімен Маша Несмиян қорытындылады.
Жаужүрек біздің ардагерлеріміз бен ел дамуына, жеңістің жақындауына өз өмірлерін арнаған тыл еңбекерлерінің биік рухы, қаһармандылығы ешқашан ұмытылмайды.
Жанқиярлықпен жаумен айқасып, еліне оралмай, майдан даласына ерлікпен қаза тапқан ерлер есімі, белгісіз, хабарсыз кеткен азаматтар жайлы біз әрқашан есте сақтаймыз. Өйткені – ол тағдыр, тарих. «Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды», ерлік – елге мұра, ұрпаққа – өнеге.
Бақыт Қасенова
Қазақ тілі пәнә мұғалімі
Жетіген ауылы
№11 орта мектеп
Достарыңызбен бөлісу: |