5-сынып математика пәні бойынша критериалды бағалаудың енгізілуі туралы анықтама
Бүгінгі таңда елімізде білім беру мазмұны жаңа бағытқа бет бұрды. Білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама.
Мен де Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер енгізілуіне байланысты Қызылорда облысындағы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ұйымдастырған 5 -12 мамыр аралығында «математика» пәні бойынша екі апталық курс тыңдаушысы болдым.
Былтырғы жаңа оқу жылынан бастап осы жүйе, яғни әлемдік тәжірибе еліміздің барлық мектептерінің бірінші сыныптарына енгізілді, биыл мен осы бағдарлама бойынша 5 сыныппен жұмыс істеудемін.
Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Осыған байланысты оқу-ісі жөніндегі орынбасары С.Абдуллаева «білім мазмұнын жаңарту шеңберіне» байланысты әдістемелік кеңестер, жоспар бойынша ашық сабақтар өткізіп отырды.
«Рубрика» тақырыбында баяндама оқып, талдау жүргіздім және бұған 1,2,5,7 сынып ата-аналары қатыстырылды.
19.01.2018ж «Ондық бөлшек. Ондық бөлшектерді оқу және жазу» тақырыбы, 07.02.2018ж «Ондық бөлшектерді натурал санға көбейту. Ондық бөлшектерді көбейту» тақырыбында ашық сабақтар өткіздім.
Білім бөлімінен А.Құрманалиев «білім мазмұнын жаңарту шеңберіне» байланысты сабаққа қатысты. 4.05.2018ж «Статистикалық деректерді көрсету тәсілдері» тақырыбы бойынша сабақ өткіздім. Ағай өзінің ұсыныстарын айтты.
Республикалық ғылыми-танымдық «Білім айнасы» баспасы мен сайтына «Ондық бөлшектерді натурал санға көбейту. Ондық бөлшектерді көбейту» тақырыбында ашық сабақты жариялап мақтау қағазымен марапатталдым.
№71 орта білім беретін мектебінің «Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу туралы» 5 – сынып оқушыларының білімін критериалды бағалау жүйесін енгізу үдерісін үйлестіретін жауапты тұлға болып директордың оқуісі жөніндегі орынбасары С.Абдуллаева тағайындалып, білім алушылардың тоқсандық жиынтық бағалау жұмыстарының нәтижесін талқылау үшін модерация өткізуге математика пәні мұғалімі А.Болысбекова, физика пәні мұғалімі Г.Алпысбаева, информатика пәні мұғалімі Б.Елеусізов болды.
Тақырыптық күнтізбелік жоспарда бөлім бойынша сабақ қарастырылмаған. Себебі бөлім бойынша жиынтық бағалау сабақ үстінде өткізіледі.
Тоқсандық жиынтық бағалау өткізу үшін тақырыптық күнтізбелік жоспарға тоқсан соңында арнайы сағат бөлуді қамту қажет, яғни 1 сағат.
Сондықтан жыл басында тақырыптық күнтізбелік жоспарыма әр пәнге бөлім бойынша жиынтық бағалау мен тоқсандық жиынтық бағалауды енгіздім да, жиынтық бағалауға арналған кесте құрылды.
5 сыныпта 25 оқушы бар.
І тоқсанда 3-бөлім бойынша, 1- тоқсан бойынша жиынтықтар алынды. Кестеде жиынтықтар бойынша қорытындысы көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |