5 сыныпқа арналған емтихан билеттері
Ақмола облысы ,Жарқайың ауданы,Державин қаласы,
Н.Крупская атындағы орта мектебінің қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Караева Чараз Тахиржановна
Мектеп директоры:Малгаждарова Қарлығаш Баяндиновна
Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде оқытылатын қазақ тілі пәні оқушыларға қазақша дұрыс сөйлеп, пәнді терең меңгеріп, сауатты жазуға тіл дамыту жұмыстарын қалыптастыру мақсатында құрастырылған.
Мемлекеттік тілде жалпы білім беру,білім және ғылым министрі бұйрығы №115,Астана 2013 жылы шығарылған бағдарламаның стандартына сай құрастырылған.
Оқулық:Қазақ тілі ,Алматы«Атамұра»2015ж
Билет №1
1.Амандасу түрлері мен әдептері туралы әңгімелеңіз.
2.« Менің отбасым » тақырыбы бойынша диалог құрастыру.
3. Зат есім дегеніміз?Жалқы және жалпы зат есімге мысал келтіріңіз.
Билет № 2.
1. «Менің отбасым» тақырыбына әңгімелеңіз.
2. «Менің мектебім» тақырыбы бойынша диалог құрастыру
3.Барыс септік. Берілген сөздерге барыс септігінің жалғауын жалғаңыз: мектеп, қала, қыз, дос,қарлығаш,мұғалім.
Билет №3.
1. E-mail пошта дегеніміз не?.
2. «Отбасындағы дәстүрлер» тақырыбы бойынша диалог құрастыру
3.Түбір мен қосымша. Сөз құрамына талдаңыз: сыныптастарымызбен, аналарымызға.
Билет № 4
1. Дастарқан басындағы ырым- тыйымдар туралы әңгімелеңіз.
2. « Менің досым» тақырыбы бойынша диалог құрастыру
3.Сын есім. Сын есімнің шырайлары.
Билет № 5
1. E-mail пошта тарихы туралы әңгімелеңіз.
2. «Біздің Отанымыз» тақырыбы бойынша диалог құрастыру
3. Етістік .Етістіктің шақтары. Берілген етістіктермен нақ осы шақ жасаңыз. Кел, көр, оқы.
Билет № 6
1. Нан дастарқанға қалай келеді?Нан туралы бірнеше мақал айтыңыз.
2. «Ұлттық тағамдар» тақырыбы бойынша диалог құрастыру
3. Сан есім.Төмендегі сандарды жазумен жазыңдар: 33, 45, 7, 12, 49, 900, 805, 789, 2005, 3030.
Билет № 7
1. Қазақстан қалалары туралы әңгімелеңіз.
2. «Менің мектебім, мектеп ғимараты» тақырыбы бойынша диалог құрастыру
3. Зат есім.Зат есім мағынасына қарай. Берілген сөздердің мағынасын анықта: Жетіқара,ақыл,бәйшешек,адам.
Билет № 8
1. Қазақстанның табиғаты туралы әңгімелеңіз.
2.«Қазақстанның қалалары» тақырыбы бойынша диалог құрастыру
2. Зат есімнің тәуелдік жалғауы. Берілген сөзді тәуелді формада жасаңыз.Жүрек, аяқ, қол, көйлек, кітапхана, ән.
Билет № 9
1. « Мемлекетіміз туралы не білуіміз керек?» әңгімелеңіз
2. «Дәрумендер әлемі» тақырыбы бойынша диалог құрастыру
3. Зат есімнің жіктік жалғауы. Берілген сөзді жіктеңіз. Дәрігер, ұстаз, ұшқыш, есепші, етікші,ғарышкер.
Билет № 10
1. «Ханталапай»ойыны туралы әңгімелеңіз.
2. «Байқоңыр ғарыш айлағы» тақырыбы бойынша диалог құрастыру
3. Отан туралы мақал - мәтелдерді айтыңыз. Бір мақалдың мағынасын ажыратыңыз.
Билет № 11
1. Қазақстандағы өзендер тақырыбына әңгімелеңіз.
2. «Менің мектебім» тақырыбы бойынша диалог құрастыру
3.Сұраулық шылаулар. Сөйлемдерді толықтырыңыз .Сенің шашың қара-------. Бойың ұзын --------.Досыңның көзі әдемі----.Сенің туған күнің -----.
Билет № 12
1. Қысқы ойындар туралы әңгімелеңіз.
2. «Жаңа жыл» тақырыбы бойынша диалог құрастыру
3. Омонимдер және оған мысал келтіріңіз.
Билет № 12
1. «Таңғы, кешкі, түскі ас» туралы әңгімелеңіз.
2. «Еліміздің мақтаныштары» тақырыбы бойынша диалог құрастыру
3. Синонимдер, антонимдер, оларға мысалдар келтіріңіз.
Билет № 14
1. Абай Құнанбайұлы туралы әңгімелеңіз.
2. «Мектеп кабинеттері» тақырыбы бойынша диалог құрастыру
3. Күшейтпелі шырай. Мысалдар келтіріңіз.
Билет № 15
1. «Тоғызқұмалақ».ойыны туралы әңгімелеңіз.
2. «Спорт –денсаулық кепілі» тақырыбына диалог құрастыру.
3. Реттік сан есім,жасалу жолдары.Мысалдар келтіріңіз.
Билет № 16
1. «Мектеп кітапханасы» туралы әңгімелеңіз.
2. «Жазғы спорттық ойындар» тақырыбы бойынша диалог құрастыру
3. Сын есім және оның жасалуы, мағыналық түрлері. Қатыстық сын есім, сапалық сын есімге мысалдар келтіріңіз.
Билет № 17
1. «Менің Отаным» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.
2. «Қазақстан Республикасы» тақырыбына диалог құрастыру.
3. Есімдік және оның мағыналық түрлері. Сұрау есімдігімен үш сөйлем құрастырыңыз. Қайдан, нешеу, кімдер.
Билет №18
1. «Мен және менің досым» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.
2. «Достықтың түрлері» тақырыбы бойынша диалог құрастыру
3. Тәуелдік, иелік жалғауларын қосып жазыңдар...менің апа... сенің қалам..., Отан біз...ит мен...олардың ана...
Билет № 19
1. «Ұлттық ойындар» туралы әңгімелеңіз.
2. «Досымның мінезі»тақырыбы бойынша диалог құрастыру
3. Жіктік жалғауы бар сөздердің жағын анықта:ойлайсыңдар, оқытушысың, баламын, кітаптарымыз.
Билет № 20
1. «Біз мектепте Жаңа жыл тойлаймыз» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.
2. «Көкпар ойыны» туралы диалог құрастыру.
3. Септіктер. Берілген сөздерді септеңіз:дүкен,қымыз,нан,әлем,ойынпаз
Билет № 21
1. «Қазақстан Республикасының рәміздері» туралы әңгімелеңіз.
2. «Тамақтану ережесі» тақырыбы бойынша диалог құрастыру
3. Абай Құнанбаев «Қыс» жатқа айтыңыз.
Билет № 22
1. Спорттың пайдасы туралы әңгімелеңіз.
2. «Мектеп асханасы» тақырыбы бойынша диалог құрастыру
3. Етістік.Етістіктің шақтары. Мына етістіктерден сөйлемдер жасаңыз: бардым, ұнатамын, аламын, жіберемін.
Билет № 23
1. Асық ойыны туралы әңгімелеңіз.
2. «Қыс» тақырыбы бойынша диалог құрастыру
3. Зат есімнен сын есім жасайтын жұрнақтар.Мысал келтіріңіз.
Билет № 24
1. «Біздің үй»тақырыбына әңгімелеңіз .
2. «Біздің мұғалім» тақырыбына диалог құрастыру.
3. Асты сызылған сөздерге фонетикалық талдау жасаңыз. Қыз шананың арт жағынан келіп,тізерлей отырды.
Билет № 25
1. «Қазақстанның өндіріс орындары» туралы әңгімелеңіз.
2. «Жазғы табиғат» тақырыбына диалог құрастыру
3. Есімдік.Жіктеу есімдігінің септелуі.
Достарыңызбен бөлісу: |