Кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу - қазіргі мұғалім тұлғасын да-мыту факторы.Адамның өзін-өзі тәрбиелеу мәселесі адамзат тари-хындағы өзекті тақырыптардың бірі. Бұл мәселе атақты грек фило-софы Сократтың, шығыстың атақты ғұлама ғалымдары Әбу Насыр әл-Фарабидің ұлан-ғайыр еңбектерінен, Махмұд Қашқари, Жүсіп Баласағұн, Ибн Сина, Әбу-райхан әл-Бируни, Фирдауси, Низами, Қожа Ахмет Яссауи сынды көрнекті ойшылдарымыздың тәлімдік тағылымдары мен даналық ой-пікірлерінен бастау алып, бүгінгі күні әлеуметтік, тәлім-тәрбиелік, пси-хологиялық-педагогикалық идеялардың барлығының негізне айналуда. Өзін-өзі тәрбиелеудің толып жатқан әдіс-тәсілдерінің көпшілгі Абайдың қара сөздерінде де жан-жақты қарастырылатыны баршамызға мәлім.
Өзін-өзі тәрбиелеу мәселесі әр жастағы, әр салада жұмыс істей-тін адамдардың өздігінен дамулары үшін өте маңызды үрдіс. Солар-дың ішінде мұғалімнің кәсіби өзін-өзі тәрбиелеуіелеулі орынды иеленеді, себебі оқушыларға жақсы тәрбие беру үшін мұғалімнің өзі-нің тәрбиелік деңгейі өте жоғары болуы керек.