5. Талдамалық жазба 1-бағыт: Экономика


-ші міндеттің аясында, жеке меншік сектор субъектілерімен арнаулы әлеуметтік көмек қызметтерімен қамтылған тұлғалардың үлесі (оның ішінде үкіметтік емес ұйымдарымен)



бет3/5
Дата25.12.2016
өлшемі0,71 Mb.
#4772
1   2   3   4   5

2-ші міндеттің аясында, жеке меншік сектор субъектілерімен арнаулы әлеуметтік көмек қызметтерімен қамтылған тұлғалардың үлесі (оның ішінде үкіметтік емес ұйымдарымен). Жоспар бойынша 2,3%, орындалганы 2,3%. Көрсеткіш орындалды.

Мемлекеттік емес секторға мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтылған, адамдардың үлесін ұлғайтуға мүмкіндік берді.



Үкіметтік емес ұйымдармен көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз етілген тұлғалардың саны, қала бойынша 80 адамды құрады, яғни жоспар бойынша 100%. Көрсеткіш орындалды.

Қарағанды қаласында "Лучик надежды" қоғамдық бірлестігімен психоневрологиялық сырқаты бар 18 жастан жоғары мүгедектерге жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтері көрсетіледі. 2015 жылы аталмыш қызметтермен 80 адам қамтамасыз етілді. Көрсеткіш орындалды.

2015 жылы «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не МАӘК тағайындау үшін 713 адам жүгінген, оның ішінде МАӘК алушылардың қатарындағы еңбекке қабілетті халықтың саны – 235 адам, оның ішінде жұмыспен қамту бөлімінде тіркелген жұмыссыздар – 37 адам, кәсіби оқу өтіп жатқан 2 адам, 2015 жылдың аяғында МАӘК алушылардың қатарындағы жұмыссыз ретінде тіркеуде 1 адам тұр. Осы санаттағы адамдарға алған мамандығына байланысты жұмысқа орналасуға жолдамалар беріліп, кәсіби оқуға жіберілді. Осыған сүйене отырып, 2015 жылы АӘК алушылардың құрамындағы еңбекке қабілетті халықтың үлес салмағы 33%-ды құрады. Индикатор орындалмады.

3 міндет: Халықтың аз қамтылған топтарына көрсетілетін әлеуметтік көмектің атаулылығын және тиімділігін арттыру.

МАӘК алушылар саны, жоспар бойынша 890, алушылар саны 713. Көрсеткіш орындалды.

2015 жылы:

- 207 отбасына / 713 алушыға 20482,0 млн. теңге сомасына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төленді. МАӘК-тің орташа мөлшері отбасының бір мүшесіне айына 2393,87 теңгені құрады;

- балалар жәрдемақысы – әрбір балаға айына 2082 теңге мөлшерінде 1051 балаға 485 өтініш берушіге 13,220 млн. теңге төленді.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындауда төмендеу үрдісі байқалады. Өтініш білдірушілер санының азаюы жалақының өсуімен, зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы және бала бір жасқа толғанға дейін оны күтуге берілетін жәрдемақы мөлшерінің ұлғаюымен байланысты.

2012-2018 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау және мүгедектердің объектілер мен қызметтерге кедергісіз қолжетімділігін, қоғамға бірігуін қамтамасыз ету үшін әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін паспорттау және бейімдеу бойынша 2015 жылы жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде мүгедектер үшін қолжетімділікпен қамтамасыз етілген, объектілердің үлесі 26,7%-ды құрады, қала бойынша әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің жалпы саны 334 объектіні құрайды, паспортталған объектілер 111, оның ішінде бейімделгені 32 объект, яғни 28,8%-ды құрады.

Жұмыспен қамту саласындағы халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар 25183,0 мың теңге сомасына көрсетілді, соның ішінде:

- өзінің ісін ашуға материалдық көмек 2557,0 мың теңге сомасына 43 адамға көрсетілді;

- әлеуметтік жұмыс орындарына 6552,0 мың теңге сомасына 76 адам жұмысқа орналастырылды;

- жастар практикасына 17121,0 мың теңге сомасына 352 адам жұмысқа орналастырылды.



Тұжырымдар:

«Азаматтарды әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесі» мақсаты аясында 3 индикатор жоспарлаенған. 1 индикатор орындалмады, ол - МАӘК алушылардың құрамындағы еңбекке қабілетті халықтың үлес салмағы, жоспар бойынша 29%, орындалганы 33%.

Жоспарланған 7 көрсеткіштің ішінен 3 көрсеткіш орындалмады. Олар:


  • Жұмысқа орналасу мәселесі бойынша өтініш білдірген, адамдардың

қатарындағы жұмысқа орналастырылғандардың үлесі, жоспар 91%, орындалғаны 84 %;

- Жұмысқа орналасуға жәрдем алуға келген, еңбекке жарамды жұмысқа орналастырылған мүгедектер саны көрсеткіші, жоспар бойынша 200 адам, жұмыспен 127 адам қамтылды.


Мәдениет және тілдерді дамыту.
4 Мақсат. Мәдениет саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

2015 жылы әлеуметтік маңызды және мәдени ісшаралар саны 12 құрады. Бұл мемлекеттік және кәсіби мерекелерге арналған үлкен қалалық ісшаралар мен байқаулар. Аталған ісшараларға қала тұрғындары, оқушылар, студенттік жастар, мемлекеттік мекеме қызметкерлері қатысты. Қалалық ісшаралар «Мюзикола», «Ринго», А.Жеменей, Е.Көкеев, Р.Рымбаева, Н.Абдулин, А.Каримов секілді қазақ эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткізілді, облыс және қаланың мәдениет мекемелеріндегі шығармашылық ұжымдардың қатысуымен концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды.

2015 жыл бойынша мәдениет мекемелеріне барғандардың орта саны (1000 адамға шаққанда):

- кітапханалар - 85,3 адам;

- мәдени-ойын-сауық мекемелері - 647,3 адам. Көрсеткіштер орындалды.

Жергілікті бюджеттен қаржыландыратын мемлекеттік мекемені есептемегенде, мәдениет мекемелерінің қызметін жүзеге асыру барысында еңбек қаражатының қатынасы 2015 жылы 9% құрады.

Электронды каталогқа енгізілген кітапхана қорының саны 49,1 бірлікті құрады.

Кітапхананың электронды ресурстарын пайдаланушылар саны 10,3 мың адамды құрады немесе жоспарға сәйкес 100%. Электронды каталогқа енгізілген кітапхана қорының саны 49,1 бірлікті құрады.

2015 жылы кітапхана қорын 6,1 млн теңге сомаға 4 739 дана жиынтықпен толықтыру жоспарланды. Баға ұсынымдарын сұрату әдісі арқылы электронды мемлекеттік сатып алу көмегімен 4 739 дана әдебиет алынды.

2015 жылы «Қарағанды мемлекеттік хайуанаттар бағы» КМҚК-ның ағымдық жөндеу жұмыстарына 28,6 млн теңге жоспарланды және нақты 28,6 млн теңге бөлінді, қаржыландыру жоспарына сәйкес 28,6 млн теңге игерілді (100%). Жұмыс уақытылы және толық көлемде орындалды.



Қорытынды:

«Мәдениет саласында бәсекеге қабілеттілікті арттыру» мақсатының аясында жоспарланған 1 индикатор және 3 көрсеткіш орындалды.


5 мақсат. Мемлекеттік тілді дамыту.

Аталған мақсатқа жету жолындағы барлық жұмыстар «Тіл туралы» Заңға сәйкес жүргізілді.

Қарағанды қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 24 қыркүйектегі №42/3 қаулысының негізінде қаланың мемлекеттік мекемелерінде мемлекеттік тілде ісжүргізу қолға алынды. Барлық мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік тілдегі кіріс және шығыс құжаттарының көрсеткіші бақылауда. 2015 жылы мемлекеттік тілде ісжүргізу үлесі 2%-ға артты. Бұл жалпы құжатайналымындағы мемлекеттік тілдің сапасын жақсарту мақсатында ісжүргізушілер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізумен байланысты. Мемлекеттік тілді меңгерген ересектердің үлесі 54%, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2%-ға артты. Бұл «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» ҚММ-да лингофондық-мультимедиялық кабинеттің ашылуымен байланысты.

«Қарағанды қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-де мемлекеттік бағдарлама аясында мемлекеттік және басқа да тілдерді дамытуға бағытталған ісшаралар кешені өткізілді.

Мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын насихаттау мақсатында жыл басынан бастап 2 семинар, 1 дөңгелек үстел, 10 байқау және Славян жазбалары күні мен Тілдер күніне арналған 2 қалалық мереке, 1 әлеуметтік зерттеу өткізілді.

«Қарағанды қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ-мен бірлесіп БАҚ арқылы мемлекеттік тілді оқыту және меңгеру бойынша насихат жұмыстары жүргізілді. Тілдік кедергілерді жою, мемлекеттік мекемелердегі ісжүргізуде мемлекеттік тілдің үлесін арттыру, сыртқы-көрнекі ақпарат пен жарнамадағы тілдік нормалардың бұзылу деңгейін азайту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

2015 жылы мемлекеттік тілдегі ісжүргізу көлемі 2%-ға артты. Мемлекеттік мекемелердегі мемлекеттік тілдегі жалпы құжатайналымының үлесі 78%-ды құрады. Жалпы құжатайналымындағы мемлекеттік тілдің сапасын жақсарту мақсатында ісжүргізушілер арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Тілдік саясат саласында заңнама нормаларын бұзғандар саны: сыртқы жарнама, БАҚ 50 бірлікті құрады. Тілдік саясат саласында заңнама нормаларының бұзылу деңгейін азайту мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде: сыртқы жарнама, БАҚ.

Қорытынды:

«Мемлекеттік тілді дамыту» мақсаты аясында жоспарланған 1 индикатор және 3 көрсеткіш орындалды.


Дене шынықтыру және спорт
Мақсат: Бұқаралық спорт, дене шынықтыру-сауықтыру қозғалыс және жоғары спорт жетістіктерін дамыту.

Күнтізбелік жоспар бойынша 2015 жылы 265 спорттық-бұқаралық шаралар өткізілді.

Жарыстарға әр түрлі жастағы - 34 240 адам қатысты. Шаралармен барлық халық санаттары қамтылды: аула клубтарындағы балалар, жастар, өндірістік кәсіпорындар мүшелері, ардагерлер, мүгедектер.

2015 жылы 12 спорт түрі бойынша аула клубтарының ХІІІ Спартакиадасы, мектептер, колледждер мен кәсіби лицейлер арасындағы Спартакиада шеңберінде ақтық және қалалық жарыстар өткізілді.

Қаланың орта мектептерінде «Мектеп Лигасы» шағын футбол, волейбол және баскетбол бойынша 5-6, 7-8, 9-11 сыныптың ұлдары мен қыздары арасында өткізіледі. Турнир жеңімпаздары аудандық және ақтық қалалық жарыстарға қатысады. 5 спорт түрі бойынша қалалық «Студенттік Лига» шеңберінде волейбол (ер+әйел.), мини-футбол(ер), баскетбол (ер+әйел.), үстел теннисі (ер+әйел.) және қазақ күресінен (ер) жарыстар өткізіледі.

Қалалық кәсіпорындар мен мекемелердің еңбек ұжымдарының өкілдерін дене тәрбиесі және спортпен белсене айналысуға тарту бағытында жұмыс жүргізілуде.

Сауықтыру жаттығуларын жүргізу мақсатында қалалық кәсіпорындар білім беру мекемелерімен тегін негізде меморандумдар жасасуда.

Тәжірибелі жаттықтырушылардың басқаруымен қаланың орталық саябағында жүгіру мен жүру сүйер қауым үшін «Демалыс күнінің клубы» ұйымдастырылды. Жаттығулар тегін, әр жексенбі сайын өткізіледі, сонымен қатар онда әр түрлі қашықтыққа старттар өтеді.



Мақсатты көрсеткіш: «дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысатын барлық жас санатындағы қамтылған тұрғындар саны» қала тұрғындарының жалпы санынан 2015 жылы 25% жоспарланған. Жыл нәтижесі бойынша көрсеткіш орындалуы 30 % құрады. Арту қалада жаңа 8 спорт алаңын, «Азат» СҮ тренажер залын, мектептер мен кәсіпорындар арасында жасалған Меморандумдарға сәйкес спорт секцияларын ашу арқасында болды, қала мектептерінің спорт нысандарында кешкі уақытта кәсіпорындардың 1120 қызметкері жаттығады.

«Бұқаралық спорт пен дене шынықтыру-сауықтыру қозғалысын дамыту» мақсаты шеңберінде «1000 адамға дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің саны» көрсеткіші 25 бірлікті құрады, немесе жоспарға 100%. Белинский көшесінде салынып жатқан ДСК құрылысының аяқталуы 2016 жылдың бірінші жарты жылдығына көшірілді.



Бағдарламаның индикаторы мен көрсеткішіне қол жеткізу бойынша шаралар:

  1. – аудандық (облыстық маңызы бар қала) деңгейде 2015 жылы ДТжС бөлімі қала тұрғындарының әр түрлі санаттарымен 265 спорттық шара өткізді, оларға түрлі жас санатындағы 34240 адам қатысты. Осы бюджеттік бағдарламаға бөлінген қаржы 100% игерілді.

  2. – қаланың жетекші спортшыларын облыстыө деңгейдегі жарыстарға кешенді даярлау және қатыстыру – 2015 жылы бөлім 29 ОЖЖ және қалалық құрама командалардың облыстық Чемпионаттар мен Спартакиадаларына 10 іссапары ұйымдастырылды. Оларға қаланың 895 спортшысы қатысты. Осы бюджеттік бағдарлама бойынша жоспарланған қаржыландыру 7,9 млн. теңгені құрап, 100% игерілді.

  3. – ДШжС айналысатын қала тұрғындарының санын ҮЕҰ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы арқылы арттыру шараларын жүргізу – 4 жоба жүзеге асырылды: 1. «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің қалалық кезеңін өткізу – 212 адам; 2. Шахмат бойынша Гран-при турнирлер сериясын өткізу – 425 адам; қаланың ересек тұрғындары аарсында Президенттік тестілерді қабылдау – 1375 адам; 4. «Аула футбол лигасы» - 139 команда – 1400 қатысушы; осы бағдарлама бойынша 8,9 млн. теңге, 100% игерілді.

  4. – ДСК салу, соның ішіндеЖСҚ жасау және түзеті – 2015 жылы ғимараттың қасбеті мен бассейні бойынша ЖСҚ түзету бойынша конкурс өткізілді, ойын залы, ауыр атлетика мен бокс залдары және қосалқы жайларда әрлеу жұмыстары жүргізілді.Жоспарланған 300 млн. теңгенің 80,7 млн. теңгесі игерілді.

  5. – 300 орындық футбол манежін салу, оның ішінде ЖСҚ жасау – футбол манежін салуға ЖСҚ мемлекеттік сараптаманың оң тұжырымдамасын алды, манеж құрылысы 2017-2018 жылдары бюджеттен тыс қаражатқа салынбақшы.

Қорытынды:

«Бұқаралық спорт, дене шынықтыру-сауықтыру қозғалыс және жоғары спорт жетістіктерін дамытуы» Мақсатының 1 индикаторы мен 1 көрсеткішіне қол жеткізілді.


Туризм
7 мақсат: Бәсекеге қабілетті туристік индустрия құру.

Ішкі және көшпелі туризге келушілердің санының көрсеткіші және орналастыру орындарының толтыруды арттыру жоспар деңгейінде күтілуде. Нақтыланған мәліметтер 2016 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша ұсынылатын болады (статистика органдарымен бір тоқсанға кешіктіріліп басылып шығарылады).

Орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер саны: 2015 жылдың қорытындсы бойынша қызмет көрсетілген келушілер санының көрсеткіші жоспар деңгейінде немесе 120700 адам санында күтілуде.

Ішкі туризмге келушілер (резиденттер) санын арттыру:

2015 жылдың қорытындсы бойынша ішкі туризмге келушілер (резиденттер) саны жоспар деңгейінде немесе 115 500 аддам санында күтілуде.

Сыртқы туризмге келушілер санынын арттыру (резиденттер емес):

2015 жылдың қорытындсы бойынша сыртқы туризмге келушілер саны (резиденттер емес) жоспар деңгейінде немесе 9200 адам көлемінде күтілуде.

Туристік инфрақұрылымды дамытуды қамтамасыз ету.

Орналастыру орындарының саны: 2015 жылдың қорытындысы бойынша орналастыру орындарының санын 3 бірлікке арттыру жоспарлануда, 57 бірлікті құрайды.

Орналастыру орындарымен ұсынылған қызметтер көлемі: 2015 жылдың қорытындысы бойынша орналастыру орындарының көрсеткен қызметте көлемі жоспар деңгейінде немесе 1755200 мың теңге деңгейінде күтілуде.

Туризмді дамыту үшін қызмет көрсету, орналастыру және тамақтандыруды ұйымдастыру саласында жаңа объектілерді құру және әрекеттегі объектілерді кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілуде.



Қорытынды:

2015 жылдың қорытындысы бойынша мақсаттық индикаторлар және туристік инфрақұрылымды дамытуды қамтамасыз ету бойынша көрсеткіштері жоспар деңгейінде күтіледі.

Бәсекеге қабілетті туристік индустрияны құру бойынша мақсат 2015 жылдың қорытындысы бойынша орындалады.
Ішкі саясат
1 Мақсаты: Мемлекеттілікті және ұлт бірлігін одан әрі нығайту, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету.

Қоғамдық-саяси салада индикаторларға және міндеттер көрсеткіштеріне жету Мемлекет басшысының жолдауындағы негізгі қағидаларды түсіндіру жөнінде қалалық ақпараттық топ мүшелерінің кездесулерін сонымен бірге мемлекеттік бағдарламаларды өткізу, әлеуметтік-маңызды жобаларды жүзеге асыру шеңберінде ҮЕҰ қызметтерін жандандыру жөніндегі ісшаралар жүйесін әзірлеу жолымен іске асырылады.

Бірінші мақсат шеңберінде «Азаматтық қоғам институттарының және мемлекеттің өзара қарым-қатынасын оң бағалайтын халық үлесі» негізгі индикаторы орындалды – және келесі міндет қойылған – Қазақстан халқы Ассмаблеясының ролін арттыра отырып, этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтау.

Аталған индикатордың жалпы орындалуы іс-жүзінді жоспар 92% болғанда 58,9%-ды құрады. Оның себептері оны орындау ҮЕҰ қызметін қанағаттанарлық және оң бағалайтын, сауалнама жасалған респонденттердің санынан тікелей байланысты, өлшеу бірлігі Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы жүргізген әлеуметтік зерттеулер нәтижесі болып табылады. 2015 жылы әлеуметтік-маңызды ісшаралар жоспары қысқарғандығын ескерсе, аталған индикатор 100%-ға орындалған жоқ. Халықтың оң бағалауының төмен деңгейі сонымен бірге ел экономикасындағы ерекше кезеңмен де (жұмыскерлерді қысқарту, еңбек нарығындағы үйлесімсіздік және т.б.) байланысты болуы мүмкін.

Жоғарыда аталған индикатордың көрсеткіші этносаралық қатынас саласындағы мемлекеттік саясатты бағалайтын халық үлесі болып табылады, ол 2015 жылы 63,2%-ды құрады. Көрсеткіш орындалды.

Қорытынды:

«Мемлекеттілікті және ұлт бірлігін одан әрі нығайту, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету» мақсаты шеңберінде жоспарланған 1 индикатор және 1 көрсеткіш ішінен 1 индикатор орындалған жоқ.


2 Мақсат: Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға бағытталған шаралардың тиімділігін арттыру.

Жастар саясаты саласында көрсетілген мақсаттарға жету үшін институциялды базаны дамытуға және әлеуметтік-маңызды жобалардың тиімділігін арттыруға бағытталған ісшаралар кешені жүзеге асырылады. Кең ауқымды ісшаралар ұйымдастырылды: «Жастар органдарының өзін-өзі басқару форумы», «Жастардың өзін-өзі басқару күні», «Белсенді жастардың көшпелі лагері», «Жас болгерлер мен журналистер форумы». Жұмыстарды жандандыру үшін қаланың ірі кәсіпорындарының базаларында жұмысшы жастар өкілдерімен жастар ісі жөніндегі комитеттер құрылды.

Екінші мақсат шеңберінде «Өңірде мемлекеттік жастар саясатымен жүргізілетін жастарды қанағаттандыру деңгейі» индикаторы орындалады, келесі міндет қойылды – жастарды жұмысқа орналастыру және маусымдық жұмыспен қамтуға көмек көрсету жөніндегі шараларды жетілдіру.

Мақсатты индикатордың өлшеу бірлігі әлеуметтік зерттеулердің нәтижесі болып табылады. Әлеуметтік зерттеулер Қарағанды облысының жастар саясаты мәселесі жөніндегі басқармамен жүргізілді. 2015 жылғы қорытынды бойынша индикатордың орындалуы (жоспар 67% болғанда) 67%-ды құрады. Аталған индикатор орындалды.

2015 жылы 16 жастан 29 жасқа дейінгі жастар аралығында Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 6806 адам өтініш білдірген, оның ішінде 1920 адам «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасына қатысушылар болып табылады, 5721 адам тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды, 76 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 352 – жастар іс-тәжіриесіне, 339- қоғамдық жұмыстарға, 180- кәсіптік дайындыққа, қайта даярлауға және біліктілікті арттыруға жіберілді, 8- жеке іс ашуға материалдық көмек берілді.

Осылайша 2015 жылы жұмысқа орналастырылған жастар саны 5721 адамды немесе жоспарға 150,6% құрады.

Жастар ұйымдарының қызметіне қатысқан жастар үлесі 2015 жылы 35% құрады. Аталған көрсеткіш орындалды.

Қорытынды:

«Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға бағытталған шаралардың тиімділігін арттыру» мақсаты шеңберінде жоспарланған 1 индикатор және 2 көрсеткіш орындалды.


Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп
Мақсат: Құқықтық тәртіпті қорғау, жол және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, оның ішінде көшелердегі және қоғамдық орындардағы. Нашақорлық және есірткі бизнесінің алдын алу.

1. Көшеде жасалған қылмыстардың үлес салмағының 22% деңгейге жоспарланғанына қарамастан 17,1% пайызды құрады. Мақсатты индикаторлар орындалды.

2015 жылы Қарағанды қаласында қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың 13%-ға (4427-ден 5003-ке) өскеніне қарамастан, көшеде жасалған қылмыстардың саны 2,9%-ға төмендеген (2014 ж. 2215-тен 2150 фактіге 2015жылы).

Жол қауіпіздігін және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қалалық ІІБ ЖПП полкінің ұйымдастырылған жұмысы және жағдайы зерделенген.

Қолданылған тәжірибелік және ұйымдастырылған шаралар қоғамдық орындарға және көшелердегі криминальдік жағдайға, сонымен қатар құқықбұзушылықтың және қылмыстардың алдын алу және ескерту бойынша оңды әсерін тигізді.

84 жергілікті қайта өндеу өткізілді. ІІД ЖҚАЖ арнайы бөліністерінің қызметкерлері сонымен қатар облыстың ІІД АҚЖР әрбір қайта өндеуде Қарағанды қ. ІІБ қосымша күштері тартылады. Көшелерде және қоғамдық орындарда қылмыстарды алдын алудың уақытылы қайта өңдеуі өткізу барысында қылмыстарды ескерту, жолын кесу бойынша алға қойылған тапсырмаларды орындау үшін бірқатар ұйымдастырушылықпен тәжірибелік шаралар қабылданды.

ІІБ басшылығының жауаптыларына күнсайын патрульдік бағыттардағы жасақтардың қызметін алып жүруіне бақылауды жүзеге асыру және кезекші тәулікте тонауды ашуда іздестіру іс-шараларын қамтамасыз етуде бойынша тапсырмалар қойылады.

Ағымдағы жылдың 12 айында Қарағанды қ. бойынша ҚР ұлттық ұлан 5451 ә/б әскери жасақтарымен Қарағанды қ. көшелерінде және қоғамдық орындарда қылмыстарды ескерту, жолын кесу бойынша алға қойылған тапсырмаларды орындау үшін бірқатар ұйымдастырушылықпен тәжірибелік шаралар қабылданды. Қорытындысында олармен жылдың басынан «ізін суытпау» бойынша 4 қылмыс ашылған.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, заңды және жеке тұлғалардың мүліктерін қорғау субъектілерін қолдану нәтижесін жоғарылату мақсатында ОЖА «Жедел-Күзет» и «Жедел-Сақшы» мемлекеттік емес қорғау құрылымдарымен мүліктік қылмыстардың алдын алу бойынша Меморандумға 3 жақтан іс әрекет жасау жөніндегі келісім жасалған.

Біріңғай дислокацияға сәйкес жұмылдырылған жеке құрамды орналастыру бойынша жедел жағдайды есепке ала отырып, көшелер мен қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың талдауын ескере аса криминогенді орындарға жасақтарды қою, ПКК күш пен құралдарының жедел маневрлеумен қамтамасыз етуіне ұдайы өзгерістер енгізіледі.

Жол-патрульдік полиция жеке құрамын оқыту бойынша жұмыс жалғастырылуда, айта келе жасалған қылмыстарға уақытылы әсерін бойынща және оларды ізін суытпай ашу.

Мақсат 1. Көшеде жасалған қылмыстардың үлес салмағы.

Көшеде жасалған тонау қылмысының деңгейін төмендету көрсеткіші орындалды.

Жоспар бойынша 25% ал 2015 жылдың қорытындысы бойынша тонау қылмысының деңгейі 14,6% құрайды.



Көшеде жасалған бұзақылық қылмысының деңгейін төмендету көрсеткіші орындалды.

Жоспар бойынша 25% ал 2015 жылдың қорытындысы бойынша бұзақылық қылмысының деңгейі 14,2% құрайды.

ЕУСС базасының мәліметтері бойынша ЖППП қызметкерлерінің қатысуымен 1309 қылмыс ашылған, 2014 жылы 3,2%-ке өскендігі белгіленген. Есептік мерзімде барлығы 913 қылмыс ашылған. Оның ішінде «ізін суытпау» бойынша 251 қылмыстар ашылған.

Индикатор «ЖКО барысында қайтыс болғандардың санының төмендеуі» орындалған.

Мақсат 2. аясындағы көрсеткіш «Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету» орындалған.

2015 жылдың 12 айында Қарағанды қаласының аумағында 275 ЖКО тіркелді, онда 26 азамат қаза тауып, 301 әртүрлі ауыр дәрежедегі жарақаттар алды. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда ЖКО саны – 28,9% (387-ден 275-те дейін) төменді, жараланғандар саны - 25,9% (406-дан 301-де дейін) төменді және қаза тапқандардың саны - 38,1% (42-ден 26-да дейін) төменді.

Қарағанды қаласында балалардың қатысуымен 42 ЖКО тіркелді, онда 1 бала қаза тауып, 42 бала жарақат алды. Өткен жылдың осындай мерзімімен салыстырғанда ЖКО саны -31,1% (61-ден 42-де дейін) төменді, қаза тапқандардың саны – 28,8% (59-дан 42-ге дейін) төменді және жарақат алғандардың саны -66,7% (3-тен 1-ге дейін) төменді.

Қарағанды қ. ІІБ әкімшілік полициясы бөлімімен апаттылықты төмендету мақсатында көптеген мынадай профилактикалық іс-шаралар «Автобус», «Қауіпсіз жол», «Мас жүргізуші», «Бала – бас жолаушы», «Мотоцикл», «Автомобиль», «Назар аударыңыз – жаяу жүргінші!», «Транзит» және ЖКО алдын-алуға бағытталған басқа да іс-шаралар өткізілді.

2015 жылдың көрсетілген кезеңінде Қарағанды қ. ІІБ ӘПБ жеке құрамымен апаттылыққа әсер ететін ҚР ЖҚЕ-сін өрескел бұзушылықтарды анықтау бойынша 115 рейдтік іс-шаралар жүргізілді, іс-шара барысында ҚР ЖҚЕ бойынша барлығы 1853 бұзушылық анықталды, оның ішінде 10 (соның ішінде медициналық куәләндіруден бас тарту) жүргізуші - көлік құралын мас күйінде жүргізген, 381 жүргізуші - жылдамдықты асырған және т.б.

ЖҚҚ мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қала ІІБ, облыс және қала әкімдігінің жоспары бойынша өткізілген 120 астам бұқаралық - мәдени іс-шараларын өткізу кезеңінде тікелей қатысу қамтамасыз етілді.

Азаматтардың жиналу орындарында «Жол қозғалысының қауіпсіздігі» және «Балалардың жол-көлік жарақаты» тақырыбына арналған көрнекі (бейнематериал) және аудио насихат жүргізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет