Шешім:
2015 жыл мектепке дейінгі білім ұйымдарының желісі ұлғайды; білім сапасының көрсеткіші және ҰБТ нәтижелері жақсарды;
Бірақ сонымен бірге: мектепке дейінгі мекемелерге үлкен кезек сақтала береді, орындардың жетіспеуі 6 мыңнан асады; мектеп жасындағы балаларды музыкалық, көркемөнер, техникалық, ғылыми шығармашылықпен қамту білім беруді дамыту Бағдарламасымен жоспарланған көрсеткіштен 6% төмен; қаланың Оңтүстік-Шығыс бөлігіндегі жаңа үйлердің салынуына байланысты №101 МЛ шамадан тыс толуы және үш ауысымда оқуы орын алады.
Жоспарланған 4 индикатор мен 5 көрсеткіштен 1 индикатор және 1 қөрсеткіш орындалған жоқ.
Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту жоспарланған - 98,3% орнына 94% құрады.
Педагогикалық жоғары білімді педагогтардың үлесі жоспарланған 92,6 % орнына 92,2% құрады.
Денсаулық сақтау
Мақсаты: Орнықты әлеуметтік-демографиялық дамуды қамтамасыз ету үшін халықтың денсаулығын жақсарту.
«Халықтың күтiлiп отырған өмiр сүру ұзақтығы» индикаторы 2015 жылдың қорытындысы бойынша 70,27 жасты құрады, жоспар 69,05. «Негізгі әлеуметтік-маңызды аурулар бойынша ахуалды жақсарту» тапсырмасы шеңберінде нысаналы индикаторға қол жеткізу үшін қауіп факторларын және әлеуметтік-маңызды ауруларды ерте сатысында анықтау мақсатында Ұлттық скринингтік бағдарлама енгізілген, оның шеңберінде профилактикалық медициналық байқаулар жүргізіледі.
2015 жылға ересек тұрғындар үшін 9 скринингтік бағдарламалар түрі бойынша мақсатты топтан 70% қарау және балаларды профилактикалық байқап-қараумен 100% қамту жоспарланған болатын. 2015 жылда Қарағанды қаласы бойынша скринингтік байқаулар жоспары 100% орындалды. Декрет жасындағы әйелдер мен еркектерді скринингтік тексеру жолымен Қарағанды қаласының тұрғындарын профилактикалық медициналық байқау жүргізілді:
1) қанайналымы жүйесі ауруларын ерте анықтауға 56 985 адам қаралды (жоспардың 100%), қаралғандардың ішінен 3669 науқас (6,4%) анықталды және диспансерлік есепке алынды;
2) қант диабетін ерте анықтауға 57212 адам қаралды (жоспардың 100%), қаралғандардың ішінен 223 науқас (0,39%) анықталды және диспансерлік есепке алынды;
3) глаукоманы анықтауға 64211 адам қаралды (жоспардың 100%), қаралғандардың ішінен 34 науқас (0,05%) анықталды және диспансерлік есепке алынды;
4) ісікалды жағдайлар және тік және тоқ ішектің обырын анықтауға 28099 адам қаралды (жоспардың 100%), қаралғандардың ішінен 94 науқас (0,3%) анықталды және диспансерлік есепке алынды;
5) ісікалды жағдайлар және әйелдердің сүт бездері обырын анықтауға 14996 адам қаралды (жоспардың 100%), қаралғандардың ішінен 5206 науқас (34,7%) анықталды, олардың ішінде 3199 (61,5%) диспансерлік есепке алынды;
6) ісікалды жағдайлар және әйелдерде жатыр мойны обырын анықтауға 13517 адам қаралды (жоспардың 100%), қаралғандардың ішінен 310 науқас (2,3%) анықталды, олардың ішінде 300 (96,8%) диспансерлік есепке алынды;
7) ісікалды жағдайлар және асқазан мен өңештің обырын анықтауға 22235 адам қаралды (жоспардың 100%), қаралғандардың ішінен 155 науқас (0,7%) анықталды, олардың ішінде 141 (90,9%) диспансерлік есепке алынды;
8) ісікалды жағдайлар және еркек безі обырын анықтауға 5752 адам қаралды (жоспардың 100%), қаралғандардың ішінен 191 науқас (3,3%) анықталды және диспансерлік есепке алынды;
9) бауыр обырын анықтауға 114 адам қаралды (жоспардың 100%), қаралғандардың ішінен бауыр обырымен ауыратын науқас анықталмады.
Қарағанды қаласы бойынша 1 жастан 17 жасқа дейінгі 118 307 бала (жоспардан 100%) профилактикалық қараумен қамтылды, 10614 науқас бала анықталды (9%), 3076 бала сауықтандырылды (29%), 2946 бала диспансерлік есепке алынды (28%).
2015 жылда Қарағанды қаласы бойынша 3 ана өліміне жол берілді, көрсеткіш 100 мың тірі туғандарға шаққанда 2014 жылдың ұқсас мерзіміндегі 8,6-ға қарсы 24,8 құрады.
Барлық 3 жағдай Денсаулық сақтау министрлігінің комиссиясымен мұқият тексерілді, Республикалық штабтар өткізілді және жүргізілген талдаудан кейін – 2 ана өлімі жағдайы алдын алуға болмайтын, 1 жағдай шартты-алдын алуға болатын жағдай ретінде айқындалды. Ана өлімінің барлық 3 жағдайының себебі болып – жүктілікпен, босанумен және босанудан кейінгі кезеңмен байланысы жоқ, экстрагениталдық (соматикалық) патология табылады.
2015 ж. қорытындысы бойынша Қарағанды қ. өткен жылдағы 9383 нәрестеге қарсы 9486 нәресте туды, бұл өткен кезеңнен 1,1%-ға көп. Бала өлімі көрсеткішінің 8,9%-ға төмендегені байқалады (2015 ж. – 1000 тірі туғандарға шаққанда 11,3, 5 жасқа дейінгі 107 бала шетінеді, 2014 ж. - 1000 тірі туғандарға шаққанда 12,4, 5 жасқа дейінгі 116 бала шетінеді). Бала өлімі көрсеткішінің төмендеуі басым түрде 1 айға дейін шетінеген нәрестелер есебінен болды – 61 бала, 2014 жылы – 80 бала.
Нәрестелердің шетінеуі 16,4%-ға төмендеді (2015 ж. - 1000 тірі туғандарға шаққанда 9,2, 1 жасқа дейінгі 87 бала шетінеді, 2014 ж. - 1000 тірі туғандарға шаққанда 11,0, 1 жасқа дейінгі 103 бала шетінеді).
Қарағанды қ. бойынша балалар өлімінің құрылымы:
1. перинатальдық себептер 52 жағдай -48,6%
2. тума аномалиялар 33 жағдай – 30,8%
3.тыныс органдарының аурулары - 10 жағдай - 9,3%
4. жазатайым оқиғалар 4 жағдай – 3,7%
Себептер құрылымында бірінші орында перинаталдық себептер тұр (әйел денсаулығына, жүктілік кезінде бақылаумен, босануды жүргізумен байланысты себептер), бұл әйелдердің жүкті болғанға дейін жеткіліксіз сауықтандырылғанын көрсетеді, және де келешекте жатырішілік ұрықтың денсаулық жағдайына жағымсыз әсер етуі мүмкін. Әлеуметтік орта және ата-аналардың өмір шарттары да жүктілік ағымы мен баланың дамуына едәуір әсер ететінін ескерген жөн.
Ана мен бала өлімінің себептерін талдау негізінде Қарағанды қаласында келесі іс-шаралар жүргізілді:
Қарағанды қаласы бойынша ана мен бала өлім-жітімділігін алдын алу жөнінде іс-шаралардың кешенді жоспары дайындалды, 2015 жылда іс-шаралар жоспарға сәйкес жүзеге асырылды;
қаланың облыстық босандыру және балалар ұйымдары базасында шетел және отандық ғылыми-зерттеу институттарының мамандарын қатыстырумен мастер-кластар өткізілді, 120 медициналық қызметкер оқытылды;
ана мен балаға медициналық көмек сұрақтары бойынша коммуникацияның тиімділігін қамтамасыз ету үшін «АБҰҒО» АҚ басшылығымен бірлесіп 2016 жылға бірлескен іс-шаралар белгіленді;
191 медициналық қызметкер ел ішінде, 4 маман шетелде акушерлік және перинатологияның өзекті мәселелері бойынша біліктілігін арттырудан өтті;
«Облыстық перинаталдық орталық» КМК, «Облыстық балалар клиникалық ауруханасы» КМК, «Облыстық клиникалық аурухана» КМК базасында акушерлік, перинаталдық және балалар көмегі қызметін үйлестіретін ұйымдастырушылық-әдістемелік бөлімдер құрылды;
Қарағанды қаласының МСАК ұйымдары үшін 7 кардиотокография аппараты сатып алынған;
ірі супермаркеттерде, сауда үйлерінде, ХҚКО-да, қонақ үйлерде және басқаларда ақпараттық үнпарақтар тарату арқылы ана мен баланы қорғаудың өзекті мәселелері бойынша халықты ақпараттандыруды арттыру бойынша акциялар өткізілді, танымал журналдар, газеттерде мақалалар жарық көрді, маршруттық және теледидарлық арналарда видеороликтер көрсетілді, 23 176 адам қамтылды.
Профилактикалық байқауларды жүргізу кезінде қатерлі жаңа өспелерді ерте анықтау, онкологиялық науқастарды емдеу және диагностикалау сапасын арттыру арқасында 2015 ж. Қарағанды қ. бойынша онкологиялық аурулардан өлім-жітімділік 2014 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 4,4%-ға төмендеді (100 мың халыққа шаққанда 118,1-ден 112,9-ға дейін). Бірақ көрсеткіш облыстық көрсеткіштен жоғары болып қалуда (100 мың адамға шаққанда 97,7). Өлім-жітімділіктің жоғары көрсеткішінің себебі болып пациенттердің медициналық көмекке дер кезінде жүгінбеуі салдарынан қатерлі жаңа өспелердің кеш диагностикасы табылады – аурудың асқынған формасы бар науқастарға мамандандырылған ем көрсету мүмкін болмайды. 2015 ж. қорытындысы бойынша III-IV сатыдағы визуалды орналасқан қатерлі жаңа өспелердің асқынған түрлерінің көрсеткіші 6,2% құрады (2014ж. - 4,9%).
Қанайналымы жүйесі ауруларынан өлім-жітімділік (бұдан әрі - ҚЖА) өлім себебінің 1-ші орнында тұр, 2015 ж. – 100 мың адамға шаққанда 383,1.
Пациенттерді жүрек-тамыр жүйесі аурулары кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларына оқыту үшін Қарағанды қаласының МСАК базасында 7 артериялық гипертензия мектебі және коронарлық клубтар қызмет жасайды.
БАҚ-да қанайналымы жүйесі ауруларына әкелетін факторлар жайлы ақпараттық материалдарды кеңінен жариялау жүргізіледі: семіздік, ішімдік пен шылым қолдану, жеткіліксіз дене жүктелімі.
Жіті жүрек ұстамасы және жүрек-тамыр жүйесінің басқа да ауруларының белгілері туралы, бастапқы әрекеттер, көмек шаралары, қауіп факторлары туралы ақпараттық материалдар; тұрғындарды ҚЖА бастапқы және қайталама профилактикасы жөнінде ақпараттық оқыту бағдарламалары әзірленді және таратылады.
Барлық деңгейде (стационарларда, амбулаториялық деңгейде) жіті коронарлық синдроммен (бұдан әрі ЖКС) науқастарды жүргізу алгоритмін және ЖКС науқастар үшін әрбір медициналық ұйымдағы ішкі өзара әрекет және медициналық ұйымдар арасындағы сыртқы өзара әрекет хаттамаларын орындау қадағаланады.
Күтілетін өмір ұзақтығын арттыру көрсеткішіне қол жеткізу, ҚЖА өлім-жітімділікті төмендету мақсатында «Облыстық кардиохирургиялық орталық» КМК-де 2015 ж. 159 төсек-орында 4 938 науқас емделген, төрт ангиографиялық құрылғы жұмыс істейді, коронарлық артерияларды стенттеу ЖКС-мен 941 пациентке жүргізілді. Барлығы 2921 операция жасалды, олардың ішінде 576 операция ашық жүрекке жасалса, 412 операция – аорто-коронарлық шунттау, 63 жүре пайда болған жүрек ақауын түзету, 128 – жүректің тума ақауын түзету, 182 электркардиостимуляторларды имплантанттау, 868 операция магистралдық тамырларға жасалды.
Қарағанды қаласында облыстық жедел медициналық көмектің санитарлық көлік паркі жаңартылды, 28 жедел көмек машинасы сатып алынды. Санитарлық автокөлік қажетті медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Аса қауіпті инфекциямен науқастарды тасымалдау үшін капсула сатып алынды.
2015 ж. Қарағанды қаласында туберкулезбен ауыру 100 мың адамға шаққанда 2014 жылғы 75,2-ден 64,3-ке дейін 14,5%-ға азайды. Туберкулезден өлім-жітімділік 100 мың адамға шаққанда 6,9-дан 8,1-ге дейін 17,4%-ға артты. 2015 жылы қайтыс болған 40 адамның ішінде: туберкулезге қарсы емдеуге жатпайтын, 34 туберкулездің созылмалы берік формасымен, 3 асқынған аурумен, 3 алғаш анықталған науқастар бар. Туберкулезден болған өлім-жітімділікке едәуір әсер ететін медициналық-әлеуметтік факторларға жұмыссыздық, маскүнемдік, нашақорлық, жанама аурулар, тұрақты мекенжайдың болмауы жатады. Қайтыс болған науқастардың әлеуметтік мәртебесі жұмыссыз тұлғалармен - 19 (47,5%); мүгедектермен - 10 (25%); зейнеткерлермен - 5 (12,5%); белгісіз орынды мекендейтін жандар - 4 (10%); жұмыс істейтін тұлғалармен - 2 (5%) көрсетілген.
2015 жыл бойынша профилактикалық флюорографиялық байқап-қарау жоспарының орындалуы 98,3% құрады. 2015 ж. туберкулинодиагностиканың жоспары 96,9%-ға орындалды (55 744 бала).
2015 жылы 96,3% нәрестелер туберкулезден вакцинациямен қамтылды (13458 жаңа туғандардан 12963 егілді).
Тұрғындармен белсенді санитарлық-ағарту жұмыс жүргізіледі. 2015 ж. наурызда Қарағанды қ. туберкулезбен күрес бойынша айлық өткізілді, мектептерде, ЖОО-да, ОАОО-да сауалнама, дөңгелек үстел жүргізілді, диктанттар, мазмұндамалар жазылды.
Туберкулездің профилактикасы бойынша видеороликтерді көрсету – 27.02.2015 жылдан 24.03.2015 жыл арасында «Сфера» ТРК, күніне 4 рет. ЖОО-да, мектептерде, ә/бөлімдерде, мешіттерде, шіркеулерде, емханаларда, автобазаларда, теміржол депосында және т.б. «Туберкулездің профилактикасы» бойынша дәрістер өткізілді, Қарағанды қ. 1386 тұрғыны қамтылды.
Қарағанды қ. МСАК медқызметкерлері үшін облыстық туберкулезге қарсы диспансерде 2 семинар өткізілді.
ҚОДСБ-да «Туберкулездің психологиясы» тақырыбына және ОСӨСҚО-да «Туберкулез және АИТВ, ЖИТС» тақырыбына 2 дөңгелек үстел өткізілді.
27.02.2015 ж. «5 арнада» «Жаңалықтар» бағдарламасында басшының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Л.К.Хамитова және психолог Ж.Әлкенова «Туберкулездің психологиясы» тақырыбына сөз сөйледі (қазақ, орыс тілдерінде).
03.03.2015 ж. онлайн-форматта №6 ОМ Қарағанды қ. барлық мектептерін қосумен дәрігер-фтизиопедиатр А.А.Алдабекова «Туберкулездің профилактикасы» тақырыбына сөз сөйледі (қазақ, орыс тілдерінде).
10.03.2015 ж., 20.03.2015 ж. «Қазақстан Қарағанды» арнасында «Уақыт kz» бағдарламасында «ОТҚД» КМҚК басшысы Н.Ш.Бидайбаевтың қатысуымен «Туберкулездің алдын алу» тақырыбына және №2 ББ меңгерушісі Г.Т.Түсіпбекованың қатысуымен «Туберкулездің профилактикасы» тақырыбына сөз сөйленді (қазақ, орыс тілдерінде).
11.03.2015 ж. «Қазақстан Қарағанды» арнасында басшының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Л.К.Хамитованың қатысуымен «Туберкулездің диагностикасы және емдеу» тақырыбына хабар болды.
12.03.2015 ж. «Е-Караганда» арнасында ҰӘБ меңгерушісі А.С.Раимкулованың қатысуымен «Туберкулездің профилактикасы» тақырыбына хабар болды.
12.03.2015 ж. бастап 20.03.2015 ж. арасында профилактикалық флюороқараулар жүргізу үшін Қарағанды қ. базарларында («Алтын Арба», «Шығыс», «Арай»), «Таир» СҮ, «Умай» СО, «ЦУМ» СО жылжымалы флюорограф орнатылды – 947 адам қаралды, олардың ішінде онкологиялық патологияға күдікті 4 адам және туберкулезге күдікті 1 адам анықталды.
«Ашық есік күндері» өткізілді – айлық уақытында облыстың туберкулезге қарсы диспансерлік бөлімшелерінде тұрғындарды жаппай флюороқараулар.
14.03.2015 жылы «5 арна» бойынша «Жаңалықтар» бағдарламасында басшының ТЖ жөніндегі орынбасары С.Байдилдин және СӨСҚО мейіргері Б.Садвакасова туберкулез бойынша айлық кезінде жылжымалы флюоромашинаның орналасу жерлері туралы сөз сөйледі (қазақ, орыс тілдерінде).
19.03.2015 ж. «Қазақстан Қарағанды» арнасында басшының эпидемиологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары Х.Н.Есимов «Туберкулездің эпидемиологиясы» тақырыбына сөз сөйледі.
10.12.2015 ж. «Достар Әлем» бизнес-орталығында ҰӘБ меңгерушісі А.С.Райымкуловтың қатысуымен «Мигранттар арасындағы туберкулез» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.
Тоқсан сайын Қарағанды қаласының әкімдігінде ҚІІБ, аудандық соттар, әлеуметтік көмек бөлімдері, көші-қон қызметі, туберкулез қызметі және МСЭҚ қызметкерлерімен бірлескен жұмыс тобы жиналады, туберкулез проблемалары бойынша жұмыс нәтижелері тыңдалады.
«Қоршаған айнала үшін қауіп тудыратын аурулармен тұлғалардың емделуден бас тартуы» ҚР әкімшілік бұзушылық кодексінің №327 бабы негізінде, емдеуге тарту бойынша өзара әрекет көрсету мақсатында туберкулезбен ауыратын, емделуден бас тартқан науқастарға жергілікті полиция бөлімдеріне 199 сұрау берілген. Емдеуден қол үзгендердің негізгі санында тұрақты мекенжайы жоқ, пәтер жалдап тұрады, ішімдікті шамадан тыс қолданатын ішкі мигранттардың емделуге құлқы жоқ. Бұл тұлғалармен туберкулездік үдерісті айқындау кезінде профилактикалық әңгіме жүргізіледі. Аталған континенттің әлеуметтік және интеллектуалдық деңгейінің төмендігіне байланысты оларды емделуге тарту әрекеті және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақыру нәтижелі болмайды.
2015 жылда Қарағанды қ. бойынша мәжбүрлеп емдеуге сот арқылы 50 адам рәсімделген. Мәжбүрлеп емдеуге істерді рәсімдеу үшін белгісіз орында мекендейтін көптеген науқастардың жеке бас куәлігі жоқ. ОТҚД-дің емдеуден қол үзген тұлғаларды емдеуге тарту бойынша көптеген сұрауларына Ішкі істер органдарының реакциясы тиімсіз. Бұндай азаматтарды туберкулез диспансерлерінің қызметкерлері күшімен іздестіру қиынға соғады.
Қарағанды қаласы бойынша АИТВ инфекциясымен ауыру 2015 жылы – 100 000 адамға шаққанда 18,7 (2014 ж. – 18,8), 15-49 жас аралығындағы жас тобында АИТВ инфекциясының таралуы – 0,032%, бұл жоспарлы мәннің шегінде (0,036%). Аталған индикаторға қол жеткізу үшін облыста келесі іс-шаралар жүргізіледі:
- БАҚ-мен жұмыс: эфирде 63 телехабар (республикалық және аймақтық деңгейде) орналастырылды; баспа басылымдарда 71 материал жарияланды (аймақтық және республикалық деңгейде); АИТВ/ЖИТС мәселесі бойынша 20 журналист дайындалды;
- акциялар, дәрістер және басқа түрдегі ақпараттық-ағарту жұмыстары - 761, 24687 адам қамтылды АИТВ-инфекциясын алдын алу бойынша 3 видеоролик және 1 аудиоролик дайындалды. Видеороликтер мен әлеуметтік жарнамалар 76904 рет көрсетілді: оның ішінде - жергілікті телеарналарда - 34803 және жарықдиодты экрандарда - 42101. Адамдар көп жиналған жерлерде дыбыстық жарнаманы трансляциялау – 596008.
- коммуналдық қызметтердің түбіршегінде АИТВ-инфекциясының профилактикасы бойынша ақпарат орналастырылды (180000 дана);
- АИТВ-инфекциясының профилактикасы бойынша Қарағанды қ. бойынша ұялы байланыстың бірнеше операторларына және ұялы телефондардағы "Вайберге" бір сәтте 28850 дана СМС хабарлама жолданды; - танымал қазақстандық видеосервисте АИТВ-инфекциясының профилактикасы бойынша промо видеоматериал 60000 мың рет көрсетілді;
- әлеуметтік мекемелерде сұйықкристал мониторларда АИТВ-инфекциясының профилактикасы бойынша видеоақпарат орналастырылды, айына шығу саны 3700 рет.
Қарағанды қаласында антиретровирустық терапияға алынған АИТВ-жұқпаланғандар саны 573 мұқтаждардан алғанда 402 адамнан 436 адамға дейін артты, қамту 76,1% (2014 ж. 533 мұқтаждардан 75,4%), бұл ҚР Меморандумының индикаторы шегінде - 75%. 22 жүкті әйелге (100 %, Меморандум индикаторы бойынша - 98%) және 23 нәрестеге (1 егіз) (100%, Меморандум бойынша 100%) профилактикалық емдеу жүргізілді. АИТВ-инфекциямен жатырішілік жұқпалану жағдайлары Қарағанды қ. 2015 жылы тіркелмеген.
АИТВ-жұқпалану қаупін бастан өткерген тұлғаларды постконтактілі профилактикамен 100% қамту жүргізілді - 7 адам (2014ж. 11 адам -100%).
ЖИСТ орталықтары және ЕПҰ жанындағы психикалық-әлеуметтік кеңес беру кабинеттерінде АИТВ-инфекциясының профилактикасы бойынша кеңес алғандар саны 112543 адамға дейін артты, (2014ж- 91428);
Достық кабинеттерінде АИТВ-инфекциясының экспресс-диагностика тәсілімен зерттелгендер саны 1720 адам, ( 2014ж. - 1513) және Сенім пункттерінде 2274 адам (2014ж.-1980 адам).
БАҚ, СӨСҚ орталығы арқылы азаматтардың, мемлекет және жұмыс берушілердің ынтымақтастық жауапкершілігі бойынша жұмыс жүргізіледі.
ҚР ДСМ 04.11.2011 ж. №786 бұйрығына сәйкес, 2015 жылы тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде амбулаториялық деңгейде Қарағанды қаласының 48 994 пациенті 1 652 613 471,74 теңге сомаға тегін дәрілік құралдармен қамтамасыз етілді.
Қорытындылар:
«Орнықты әлеуметтік-демографиялық дамуды қамтамасыз ету үшін халықтың денсаулығын жақсарту» Мақсаты шеңберінде 2015 жылы 1 индикатор және 6 көрсеткіш жоспарланған. 1 көрсеткішке қол жеткізілмеді.
«Халықтың күтiлiп отырған өмiр сүру ұзақтығы» индикаторы орындалды және жоспарлы 69,05 кезінде 70,27 жасты құрады.
«Орнықты әлеуметтік-демографиялық дамуды қамтамасыз ету үшін халықтың денсаулығын жақсарту» 1-ші Мақсат бойынша:
- «100 мың адамға шаққанда, қанайналымы жүйесі ауруларынан өлім-жітімділікті төмендету» көрсеткішіне қол жеткізілді және жоспарлы 411 кезінде 383,1 құрады;
- «100 мың адамға шаққанда, онкологиялық аурулардан өлім-жітімділікті төмендету» көрсеткішіне қол жеткізілді және жоспарлы 120 кезінде 112,9 құрады;
- «100 мың адамға шаққанда, туберкулезден өлім-жітімділікті төмендету» көрсеткішіне қол жеткізілмеді және жоспарлы 7,2 кезінде 8,1 құрады;
- «15-49 жас аралығындағы жас тобында АИТВ инфекциясының таралуын 0,2-0,6 шоғырланған саты шегінде ұстап тұру» орындалды және жоспарлы 0,036 кезінде 0,032 құрады.
«Әйелдер мен балалардың денсаулығын жақсарту» 2-ші Мақсат бойынша:
- 100 мың тірі туғандарға шаққанда ана өлім-жітімділігін төмендетуге қол жеткізілді және жоспарлы 32,4 кезінде 24,8 құрады.
- 1 мың тірі туғандарға шаққанда 0 жастан 5 жасқа дейінгі балалардың өлім-жітімділігін төмендетуге қол жеткізілді және жоспарланған 11,4 кезінде 11,3 құрады.
Жалпы алғанда, «Орнықты әлеуметтік-демографиялық дамуды қамтамасыз ету үшін халықтың денсаулығын жақсарту» Мақсаты шеңберінде 2015 жылы жоспарланған 1 индикатор және 6 көрсеткіштің ішінде 1 көрсеткішке қол жеткізілмеді.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау
3 мақсат. Азаматтарды әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесі
2015 жылға жоспарланған жұмыссыздық деңгейі 5,3%-құрады. Статистикалық деректер 2016 жылдың 1 жарты жылдығында қалыптасады, индикатордың орындалуы жоспар бойынша орындалуы күтілуде.
1 міндет. Жұмыспен тұрақты қамтылуды қамтамасыз ету
2015 жылы «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не жұмысқа орналасу мәселесі бойынша 15310 адам келді, 12811 адам жұмысқа орналастырылды.
Жұмысқа орналасу мәселесі бойынша өтініш білдірген, адамдардың қатарындағы жұмысқа орналастырылғандардың үлесі 84%. Аталмыш көрсеткішке қаланың кейбір ұйымдарында («Лад-Көмир» ЖШС, «МитЭнергоМонтаж» ЖШС, «Рин Сервис» ЖШС, «Coal Trade Company» ЖШС, «Қаруглесбыт» ЖШС) қызметкерлерді қысқарту жүргізілуіне байланысты қол жеткізілмеді.
Құрылған жұмыс орындары көрсеткіші орындалмады. Экономиканың жағдайын ескере отырып 2724 жаңа жұмыс орны құрылды. Қаланың кейбір ұйымдарында («Лад-Көмир» ЖШС, «МитЭнергоМонтаж» ЖШС, «Рин Сервис» ЖШС, «Coal Trade Company» ЖШС, «Қаруглесбыт» ЖШС) қызметкерлерді қысқарту жүргізілуіне байланысты аталмыш көрсеткішке қол жеткізілмеді.
Жұмысқа орналасуға жәрдем алуға келген, еңбекке жарамды жұмысқа орналастырылған мүгедектер саны көрсеткіші, жоспар бойынша 200 адам, жұмыспен 127 адам қамтылды. Көрсеткішке қол жеткізілмеді. 2015 жылға арналған Қарағанды қаласының даму бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасуға жәрдем алуға келген, еңбекке жарамды жұмысқа орналастырылған мүгедектер саны 200 адам болып қойылған. Жқмысқа орналасу мәселесі бойынша 139 адам келді, 127 адам жұмысқа орналасты (92 %).
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру көрсеткіші келесі себептер бойынша орындалмады: жұмыс берушілерден мүгедектерді жұмысқа орналастыру бойынша өтінімдер аз түседі, жұмыс берушілер түрлі сылтаулармен мүгедектерді жұмысқа орналастырудан қашқақтайды, мүгедектер үшін жұмыс орындарын бейімдеуге артық шығындар жұмсалатындығы, олардың психологиялық ерекшеліктері, оларды үстеме жұмысқа тарту мүмкіндігінің болмауы да көрсеткішке ықпалын тигізді.
Сондай-ақ мүгедектерді жұмысқа орналастыруға қиындық тудырған тағы бір себеп - олар жұмысқа орналасқысы келетін, қолайлы бос орындарға мұқтаж мүгедектер санының тым артып кетуі болды. Мүгедектер жұмысқа орналасу мәселесі бойынша өтінішпен келген кезде олардың жеке оңалту бағдарламасында (бұдан әрі – ЖОБ) мамандықтардың тар тізбесі көрсетіледі (вахтер, бақылаушы, лифтші). Әдетте мұндай мамандар өте көп талап етілмейді, сол себепті мүгедек жұмыссыз болып қала береді. Мүгедектердің ЖОБ-да көрсетілген, жұмысқа орналасуға ұсынылған нұсқалардан және еңбек жөніндегі нұсқаулардан бейхабар болатын жағдайлары да кездеседі, сондықтанда мүлдем жұмыс істей алмаймын деп жұмысқа орналасудан бас тартады.
ЖОБ-да көрсетілген, мамандықтар тізбесінің тар болуымен байланысты мүгедектердің көпшілігін жүмысқа орналастыру мүмкін болмағандықтан, олардың еңбек етуге деген құлшынысы да төмендейді және жұмыссыздық кезеңі аяқталғаннан кейін жұмыссыз ретінде тіркелу үшін қайтадан өтінішпен келеді.
2015 жылдың ішінде 16-дан 29 жасқа дейінгі жастардың қатарынан «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не барлығы 6810 адам келді, оның ішінде 1920 адам - «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының қатысушылары, 5721 адам тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды, 76 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 352 адам жастар практикасына, 339 адам қоғамдық жұмыстарға, 180 адам кәсіби даярлыққа, қайта даярлыққа және біліктілігін арттыруға жіберілді, 8 адамға өзінің ісін ашуға материалдық көмек берілді. Сондай-ақ 16-дан 29 жасқа дейінгі аралықтағы өтінішпен келгендердің қатарынан әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылғандар саны 84%-ды құрайды.
Жыл қорытындысы бойынша 36500,0 мың теңге жалпы сомасына жалақы төлеу арқылы қоғамдық жұмыстарға – 423 адам, 6362,0 мың теңге сомасына кәсіби даярлыққа, қайта даярлыққа және біліктілігін арттыруға – 409 адам жіберілді.
2015 жылдың соңында арнайы әлеуметтік қызметке мұқтаж тұлғалар саны 3673 адамды құрады.
Жыл бойы қызметпен 3423 адам қамтылды, соған орай арнайы әлеуметтік қызметпен қамтылған, адамдардың үлес салмағы 93,2 %, Көрсеткіш орындалды. Арнайы әлеуметтік қызметпен мемлекеттік сектор ұйымдарымен 3423 адам, үкіметтік емес ұйымдармен – 25 адам қамтылды.
Достарыңызбен бөлісу: |