№5 технологиялық карта.
Күні:
Білім беру саласы: Қатынас.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі:Қазақ тілі.
Тақырыбы: Дене мүшелері
Мақсаты:
1.Балаларға дене мүшелерің қазақша атауын үйрету.
2. Ауызекі сөйлеулерін жетілдіру. Қазақ тілінде деген қызығушылықтарын арттыру.
3.Тазалыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекті құралдар: қуыршақ, суретті сөздіктер.
Қажетті құрал-жабдықтар: үлестірмелі материалдар.
Сөздік жұмысы:
Билингвальді компонент: дене мүшелері-части тела, бас-голова, қол-рука,аяқ-нога.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық қозғаушылық
|
-Қайырлы күн, балалар! Күніміз сәтті болсын!
1. «Мен бастаймын, сен қошта» сөздік ойыны.
Шарты: педагог сұрақ қояды, балалар сұраққа жауап береді.
Тақтадағы суреттерді көрсетіп, өткен тақырыпты естеріне түсіру.
-Мынау не?
-Сен не киесің?
|
-Рақмет.
-Көйлек.
-Шалбар.
-Жейде.
-Мен көйлек киемін
-Мен жейде киемін.
|
Ұйымдастырылық-
ізденістік
|
3. Жаңа сөздермен таныстыру.
-Балалар, қараңдаршы, бізге қонаққа қуыршақ келіпті.
Қуыршақпен амандасамыз.
-Қуыршақ бүгін бізбен бірге ойнайды.
«Не көріп тұрсың?» дидактикалық ойыны.
-Қуыршақтың дене мүшесімен танысамыз.
-Мынау басы.
-Мынау қолы.
-Мынау аяғы.
4.Сергіту массажы:
Аспанда ай жарық,
Жұлдыздар жарқырайды.
Түнімен қар жауды,
Ұйқыда болдық біз.
5.үлістермелі материалдармен жұмыс.
Әкесі мен баласын салыстыра отырып, үлкен, кішкентай ұғымдарын қайталайды.
-Әкесіне қарағанда баласың бойы қандай?
-Әкесінің бойы баласына қарағанда қандай?
|
Таңдана қарайды.
-Сәлеметсіз бе?
Қуана қол соғады.
Балалар қуыршақтың дене мүшелерін бірге қосылып және жеке-жеке қайталайды.
-Бас.
-Қол.
-Аяқ.
.
Өлең жолдарын қайталап, балалар бір-бірінің арқасына саусақпен сурет салады.
-Кішкентай.
-Үлкен.
|
Рефлексиялық түзетушілік
|
6. «Мұрын, мұрын,мұрын....» д/о
Мұрын, мұрын,мұрын-бас.
Мұрын, мұрын,мұрын-қол.
Мұрын, мұрын,мұрын-аяқ.
(Балаларды шатыстырып, басқа дене мүшелерін көрсетуге болады).
-Балалармен, қуыршақпен қоштасайық.
Қуыршақ:
-Тамаша! Білімді балалар, көріскенше сау болыңыздар.
|
-Сау болыңыз!
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі:дене мүшелерінің қазақша аталуын біліп, оларды дұрыс айтып үйренеді.
Игереді: мұғалімнің сөзін түсініп, тапсырманы жылдам орындау дағдысын дамытады.
Меңгереді:дене мүшелері: бас, қол, аяқ сөздерінің аудармасын біліп, оны дұрыс көрсете біледі.
Достарыңызбен бөлісу: |