5 в 010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығына арналған



бет1/7
Дата05.11.2016
өлшемі1,34 Mb.
#481
  1   2   3   4   5   6   7

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3-деңгейлі СМЖ

құжаты

ПОӘК


ПОӘК 042-18-28.1.23/03-2013





ПОӘК

«Әдебиеттік оқу»

пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар



______ 2013 жылғы

№ 3 басылым



5 В 010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»

мамандығына арналған

«Әдебиеттік оқу»

ПӘНІНІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

СЕМЕЙ


2014

Мазмұны

1 Глоссарий

2 Дәріс сабақтарының мазмұны

3 Тәжірибелік сабақтардың мазмұны

4 Студенттердің өздік жұмысы



ПӘН БОЙЫНША ГЛОССАРИЙ

Методология – зерттеу, әдіс, ілім деген сөздерден алынған термин

Аударма - әдеби шығарманың бір тілден екінші тілге көшіріліп қайта жасалуыбасқа тілде түпнұсқа негізінде жазылған көркем туынды.

Аңдату – (грек тілінен – алғы сөз) - әдеби шығарманың беташары секілді, негізгі уақиғаға тікелей қатынасы жоқ кіріспе бөлігі

Әдебиет теориясы - әдеби шығармашылығының табиғаты мен қоғамдық қызметін зерттейтін және оны талдаудың методологиясы мен методикасын айқындайтын әдебиет жөніндегі ғылымның негізгі салаларының бірі.

Бейнелеу құралдары - әдебиетте көбінесе бұл ұғым сөз қолдану тәсілдері, бейнелі сөздер, мысалы, жалпы түрде құбылту деп аталатын метафора, метонимия, әсірелеу, тұспалдау, астарлау, теңеу, эпитет және стильдік айшықтар, дыбыстық қайталамалар деген мағынада қолданылады.

Дидактикалық әдебиет (грек тілінен үлгілі, өнегелі, ғибратты) ғылыми-танымдық сипатта түзілген көркем шығармалар

Драма (грек тілінен қимыл-әрекет) - сахнаға арналған уақиғаны, оған қатысушы кейіпкерлердің іс-әрекетін, көңіл-күйін көрсету арқылы баяндайтын әдеби шығармалар.

Ерікті өлең – қалыптасқан өлең өлшемін берік сақтамай, тармақтардың ырғағын еркін өрнектейтін өлең түрі

Жыр – қазақ халық поэзиясының жанрлық түрі, түпкі, негізгі мағынасында өлеңмен баяндалатын, жырлап айтатын уақиғалы, көлемді поэзиялық шығарма (батырлық жырлар, эпостық ғашықтық жырлар)

Идея - әдебиет шығармасында өмірдегі жай-жағдайлар, адам тағдыры баяндалғанда, суреттелгенде жазушының сөз болып отырған мәселелерге қатынасы, көзқарасы

Кейіптеу (олицетворение) - әр түрлі табиғат құбылыстарына, жансыз нәрселерді адам кейпіне келтіріп немесе қалайда жан бітіргендей етіп суреттейтін көркемдік тәсіл

Лирика – көркем әдебиеттің негізгі саласының, жанрының бірі, басты ерекшелігі – адамның көңіл-күйін, сезім дүниесін тікелей бейнелеп көрсетеді.

Меңзеу (синекдоха) – аз бен көпті, үлкен мен кішіні ауыстырып, немесе, бүтіннің орнына бөлшекті айту, жекше ұғымның орнына көпше ұғымды алу, алмастыру.

Монография – белгілі бір тақырыпта жазылған, мәселені тереңдеп ашатын ғылыми-зерттеу еңбек

Мысал – айтылатын өнегелі ойды тұспалдап жеткізетін, көбіне өлең түрінде келетін, сюжетті, шағын көлемді көркем шығарма

Новелла – көлемі жағынан әңгімеге теңдес прозалық шығарма, кейде өлеңмен жазылады.

Өмірбаяндық әдіс – жазушының шығармашылығын жеке өмірлік тәжірибесінің көрінісі ретінде қарастырып, оны шығармашылығындағы өзекті мәселе етіп қоятын зерттеу тәсілі

Пейзаж (франц. – ел, жер) - әдеби шығармадағы жаратылыстың, яки табиғаттың әсем көрінісі, көркем бейнесі

Повесть (орыс тілінен баяндау) – оқиғаны баяндап айтуға негізделетін қарасөзбен жазылған, көлемді шығарма, эпикалық жанрдың орташа түрі

Портрет (француз тілінен бейнеленген ) - әдеби кейіпкердің сырт көрінісін, кескін-кейпін, бой-тұлғасын суреттеу

Рецензия (латын тілінен - қарастыру, тексеру)көркем өнер немесе әдебиет сынының жанры, көркем шығарманы талдап, баға беру, пікір қорыту

Роман (орта ғасырларда латын тілінде емес, роман тілдерінде жазылған шығарма осылай аталған) – сюжеттік құрылымы күрделі, көп желілі, кең тынысты, кейіпкер бейнесін ол өмір сүрген уақыт, ол тірлік кешкен орта ауқымында, жан-жақты мүсіндейтін, басқа прозалық жанрларға қарағанда ұзақ уақытты, байтақ кеңістікті қамтитын көлемді эпикалық шығарма

Технология - білімдік ақпараттарды толықтырып, өңдеп, өзгертіп ұсынудың элістері мен құралдарының жиынтығын, қажетті құралдарды оқу үрдісінде тиімді пайдалана отырып, оқушыларға жеткізе білудің тэсілдері туралы ғылым.

Инновация - педагогикалық категория ретінде жаңғырту, жаңарту түсінігін береді. Инновация - жаңаша ойлаудың жолы болғандықтан, оқытудың жаңа мазмүндағы түрі.

Инновациялық әдістеме - инновациялық эдіс-тэсілдер мен дидактикалық қүралдарды қолдану арқылы білім негіздерін меңгертудің сипатын жаңа технологиялармен толтыруға, өзгертуге бағытталған.

Модуль - дидактикалық жетісітіктерге жету үшін алдында мақсаты, өзіндік іс-әрекетінің бағдарламасы, жетекшілік әдістемелік жүйесі бар аяқталған ақпарат блогі.

Модуль - оқу үрдісінің өзгеруіне байланысты үнемі толықтырылып, өзгертіліп, түрлендіріліп отыратын іріленген мазмүнды дидактикалық бірлік. Модульдік оқу - білім мазмүнын әр қырынан жетілдірудің, үйымдастырудың қүралы мен әдісі.

Мәнерлеп оқу дегеніміз - дауыс интонациясы арқылы автордың ойын білдіру,мазмұндық ой екпінін дүрыс қоя білу, ақырында оқығанды түсініп,кейіпкердің көңіл-күйін сезіне оқи білу.

Интонация дегеніміз - сөйлеу сазы. Ол сөйлеудің ритмі мен үнін,дауыстың бірде жоғарылап,бірде төмендеуін білдіреді.Интонация мына элементтерден түрады: өз бен ой екпіні,сөйлеу қарқыны, ритмі(ырғағы), пауза(кідіріс),сазы. Тіркес екпін( фразалық екпін) - сөйлем ішіндегі сөздердің бір-бірімен байланысу тэсілдеріне байланысты қойылатын синтаксистік объектісі. Логикалық екпін - айтылған сөйлемдегі ойдың мазмүн-мағынасына қарай сөйлемдегі бір сөзге мағыналық ,яғни логикалық екпін түседі.Ол басқа сөздерге қарағанда сәл ерекшелеу оқылады.Дауыс сазы арқылы аңғартады.

Эмфазалық екпін-сөз ішінде дауысты дыбысты созып ,созыңқырап оқу арқылы сан алуан көңіл күйін қүбылысын беретін жағдайды айтамыз

1-дәріс. «Әдебиеттік оқу» пәнінің мақсат, міндеттері, мазмұны

Жоспары:

1. «Әдебиеттік оқу» пәнінің мақсат, міндеттері

2. «Әдебиеттік оқу» пәнінің мазмұны, әдістемесі

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық модернизация – Қазақстан дамуының басты векторы» атты Қазақстан халқына Жолдауында білім беру жүйесін модернизациялауға басымдық бағыт беріп, білім мазмұнын жетілдірудің бес бағытын айқындап берді.Сондағы төртінші бағыт тікелей педагогикалық білім берудің базалық стандарттарын жетілдіру, мектеп мұғалімдерінің және жоғары оқу орындары оқытушыларының біліктілігін арттыруды көздеуі жалпы білім беру жүйесін жетілдірудің қайнар көзіне айналып отыр.

Осы бағытты іске асыруда Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім беру стандартының жетілдіріп, 2012 жылы 23 тамызда Үкімет тарапынан бекітілуі, өтпелі кезеңнің жаңа мазмұнын айқындауға негіз бола отырғаны еліміздің әлемдік білім кеңістігіне енуінің алғышарты болып табылады.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығының іргетасы бастауыш мектепте қаланатынын, сонымен қатар оқушылардың оқу еңбегіне қажетті оқу іс-әрекетінің білігі мен дағдысын игеруі, оқуға үйрену, санау, теориялық ойлаудың қарапайым элементтерін, сөйлеу мәдениеті мен тәртібін, салауатты өмір салтын, жеке бас гигиенасын, отандық және әлемдік мәдениетті түсінуін қамтамасыз ететін білім мазмұны мектептің әдебиет пәнін меңгертуге база жасаудың негізі болып табылады.

Стандарт бойынша бастауыш білім мазмұнын айқындауда жаңа ұстанымдар басшылыққа алынып отыр.Алдымен жаңа стандарт әлеуметтік сұраныстан туындап отырғандықтан, ол қоғамның, мемлекеттің және ірбір отбасының талабын қанағаттандыру үшін, осы үштік жүйенің талаптарын біріктірген білім мазмұныны меңгерту мен жүзеге асыру шарттары оқушыларды тұлғалық және жүйелі-әрекеттік, пәндік нәтижелерге жетуді көздейді.

Жаңа бағдарлама аясындағы 2-сынып бойынша бастауыш білім мазмұнын тіл және әдебиет саласы негізінде асырауды көздеп, аталған сала бойынша белгіленген деңгейге сәйкес 2-сыныпта «Әдебиеттік оқу» пәнінің бағдарламсында берілген мақсатты жүзеге асыруға арналған білім мазмұны оқулықта беріліп отыр.

«Әдебиеттік оқу» пәнін оқыту әдістемесі негізінен оқу дағдысын қалыптастырумен қатар, оқушылардың өздігінен оқуға деген қызығушылығын арттырап, оның тұлғалық дамуындағы рөлін түсінуге, балалардың оқу аясын кеңейтуге бағытталады.Мұнда басты назар оқушылардың саналы түсініп, мәнерлеп, шапшаң, дұрыс оқуына аударылады.

Әдебиеттегі оқу пәнінің оқулығы бағдарламадағы білім мазмұнын білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар мен пәндік нәтижелер негізіндегі білім мазмұнына сәйкес құрастырылады. Бастауыш білім беру баланың жеке тұлғасының, адамгершілік қасиеттерінің, оның қоршаған ортаға эмоционалдық – құндылық қатынасының, оқу үдерісіне оң ынта-ықыласының қалыптасуын және таным әрекетіндегі жеке қабілеттері мен біліктерінің дамуын қамтамасыз етеді.

Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.Білім алушылардың дайындық деңгейі ұш аспект бойынша бағаланып, олар тұлғалық нәтижелер және пәндік нәтижелермен айқындалып, әрқайсысының атқаратын өзіндік функциясы дәлелденген.

Тұлғалық нәтиже – таным мен оқу мотивациясын қалыптастыруы, оқушылардыңөзін-өзі дамыту қабілеті мен дайындығы, бастауыш мектепті бітірген түлектің ана тіліне деген құрметі, Отанына деген сүйіспеншілігі, әлеуметтік құзыреттіліктері, азаматтық ұстанымы, ұлттық рәміздер мен заңдарды құрметтеуі, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды меңгеруі, шығармашылығы, жеке тқлғаның көзқарасын білдіруі және т.б.Бұлар тұлғалық сапаларды қалыптастырумен сипатталады.Әдебиеттік оқу пәнінде әрбір оқушының білім траекториясы мен жеке басының дамуына сәйкес жақын даму аймағын кеңейту қажет болады.

Тұлғалық нәтиже тұлғаның жеке бас ерекшеліктерін ескере отырып, оның қалыптасуы мен дамуын, қызығушылығын, мотивтерін, қабілеттерін, тұлғалық өзін-һзі айқында комноненттерін қамтиды.Әдебиеттік оқу пәніндегі мұғалімнің негізгі міндеті – оқушыларды оқуға үйрету, білім беру үдерісіндегі әрбір оқушының жеке қабілетін ашу, оқуға деген қызығушылығын тудыру.Қызықты материалдарды молынан ұсынған сайын бала оларды тереңірек білуге талпынады.Оқулық мазмұны оқушылардың оқуға қызығушылығын арттырып,түсінбегенін түсінуге үйретіп, оларлың тұлғалық дамуын ескеріп, ақыр соңында оқырмандыққа баулиды.

Тұлғалық нәтижеге жетуде, тұлғалық бағдарланған оқу әрекетін ұйымдастыруда оқушылардың ( өзінің әрекетін, болған оқиғаның, моральдық норма мен тәртіптегі адами сапаларды түсінуі) әлеуметтік және тұлғааралық қатынасқа деген бағдарының болуын қамтамасыз ететін талаптар қояды.

Тұлғалық нәтижеге жету үшін мұғалім оқу іс-әрекетінде мынадай екі әрекет түрін қолдануы қажет:


  • Білім алуда ойша әрекет ету, яғни оқушылардың оқу сі-әрекетінің мақсаты оның мотивінің арасында, басқаша айтқанда, оқудың нәтижесі мен оқуда тудыратын әрекетті және не үшін оның жүзеге асқандығын білуі.Оқушы «Оқу мен үшін неге керек?» деген сұрақ қойып, оған жауапты өзі табуы қажет.

  • Адамгершілік әрекеттерді меңгерген білім мазмұгыг бағалау, өзінің жеке және әлеуметтік құндылығын қамтамасыз ететін моральдық нормаларды таңдау әрекеті.

Әдебиеттік оқу пәні оқулығының мазмұнында тұлғалық нәтижеге жеткізетін шығармалар – қазақстандық азаматты өз Отанын, халқын мақтан етуге, и ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты меңгертуге, ұлттық құндылықтарды бағалай білуге, туған еліне деген сүйіспеншілікке, басқалардың көңіл күйін түсінуге, эстетикалыұ, адамгершілік, жанашырдық сезімге тәрбиелеуге лайықты шығармалар ұсынылып отыр.

Жүйелі-әрекеттік нәтижелер қоғамдық, мемлекеттік,отбасылық талаптар, жауап беретін тұлғалық сапаларды дамыту мен тәрбиелеуден, көпмәдени, көптілік, көпұлттылыү жағдайында мәдени диалогқа түсінууінен дәне оларға құрметпен қараудан, нәтижеге бағытталған білімнің оқушылардың оқу іс-әрекеттерінің әмбебаптығынан, ақпараттық-коммунткациялық технологияларды әзденімпаздықпен пайдалануынан, ғылыми ақпараттарды саралауы, жинақтауы, өңдеуі, білім мазмұнының шешуші белгілері болып табылатын шығармашылық пәндік олимпиадалар мен жобаларға қатысуынан, жеке білім траекториясының әртүрлілігін көрсететін оқушы портфолиосын дайындаудан көрінеді.Жүйелі- әрекеттік нәтиже бойынша әдебиеттік оқу пәні оқу әрекетінде оқушылардың мына төмендегілерді іске асыруын көздейді:



  • Ақпараттық қоғамда тұлғалық сапаларды дамыту мен тәрбиелеу, толеранттылықты, сөйлеу мәдениетін, көпмәдени мен көптілді меңгерту;

  • Әдебиеттік оқу пәнінің білім мазмұнын меңгертуде күтілетін нәтижеге жету жолдарын, педагогикалық технологияларды жетік білуді, оқушылардың оқу-танымдық дамуын қамтамасыз ету;

  • Әдебиеттік оқу пәнінің білім мазмұнын меңгертуде нәтижегег бағытталған білім берудегі пәнаралық байланысты жүзеге асыру;

  • Білім мазмұнының шешуші рөлі оны ұйымдастыру болғандықтан, оқыту үдерісін өзарар ынтымақтастыққа құрып, оқушылардың тұлғалық, әленуметтік және танымдық дамуына қол жеткізу;

  • Оқушылардың жас және жеке ерекшелігін ескере отырып, іс-+әрекет түрлерін тақырыптың мақсатына сәйкес саралау.

Жүйелі-әрекеттік нәтижелер 2-сыныпта мәтін мазмұныны түсіну басты да күрделі міндет екенін, мәтін сөйлеудің ең үлкен бірлігі болып табылаптынын жеткілікті мөлшерде меңгертуді көздейді.Мәтіннің мазмұны арқылы ашылатын оның идеясын әдебиеттік оқу пәніне ұсынылған шығармаларды оқыту барысында оларды оқушылар өздігінен түсінуіне мүмкіндік жасалады.

Әдебиеттік оқу пәні бойынша жүйелі-әрекеттік нәтиже арқылы оқушыларды оқырмандық сауаттылыққа баулу ісі жүзеге асырылады.Оқушылардың белсенді танымдық іс-әрекеті олардың өзін-өзі жетілдіруін, ұжымдық, топтық жұмыстарда оқу әрекетіне ынтымақтастықпен қатысуын қамтамасыз етеді.

Пәндік нәтижелер – білім салалары бойынша оқытылатын әрбір пәннің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты оның базалық мазмұнын меңгеруі барысында білімдік және іс-әрекеттік дайындығының базалық (міндетті)деңгейде болуы, жаңа білімді меңгерудегі тәжірибелерді игеруі, оны өзгерту арқылы өз тәжірибесінде қолдануы қазіргі ғылымның әлемдік бейнесін сипаттайтын ғылыми білімнің негізгі элементтерінің жүйесін пайдалана алу әрекеттерінен, функционалды сауаттылығынан көрініс табады.Білім мазмұнын меңгерудің бес балдық бағалау жүйесі негізінде оқушылардың жүйелі-әрекеттік және пәндік нәтижелерін бағалау ісі жүзеге асырылады.

Пәндік нәтижелерге жету үшін оқулықта халық ауыз әдебиеті мен балалар әдебиетінің шығармалары, балалар әдебиетінің түрлі жанрларын және әртүрлі тақырыптық түрлерін қамтитын білім мазмұны берілген.Оқушылардың оқулыққа ұсынылған шығармаларды қабылдауы мен көркем шығармаларды оқуы, әңгімелей білуі талдаудың қарапайым түрлерін меңгеруді қамтамасыз ететіндей болып, мұғалім көркем сөзбен танысудың тиімді жолдарын, әдістер мен технологияларын пайдалана отырып, сабақты тиімді түрде ұйымдастыруы қажет.

Әдебиеттік оқу пәні оқулығында әлемдік және ұлттық мәден құбылыс ретіндегі ұлттық салт-дәстүрді сақтау мен оны келер ұрпаққа жеткізудің құралы оқушының жеке басының дамуы үшін аса қажетті деп есептелетін әртүрлі жанрдағы шығармаларды саналы түрде меңгеруге, оларға баға беруге арналған материалдар ұсынылып отыр.

Оқырмандық сауаттылық әлеуметтік өмірде тұлғаның өз білімі мен мүмкіндігін белгілі бір мақсатқа жету үшін оқу ісімен айналысуы, ол туралы ойлануы, жазбаша мәтінді пайдалануы және түсінуі болып табылады.Оқушылар ақпаратты өздері алу үшін оны іздеуге, пайдалана білуге үйретеді.Оқушылардың оқырмандық сауаттылығы, яғни, оқудағы нәтижелілігі мен табыстылығы мұғалімнің мәтінмен жұмыс істеу шеберлігіне байланысты болмақ.Мұғалім сыныптың, жеке оқушының дайындық деңгейіне байланысты бұл жүйеге түзетулер енгізуге құқылы.Әдебиеттік оқу пәні оқушылардың шығармашылық кеңістігінің аясы болуды, яғни өздерінің әңгімелерін, ертегілерін құрастыруға, шығармаға өз көзқарасын білдіруге үйретуді іске асырады.Оқырмандық сауаттылыққа баулуда мына міндеттерді жүзеге асыру көзделеді:



  • Мәтінді оқудың қарым-қатынастық мақсатын түсіну;

  • Мәтіннің негізгі ойын айқындау;

  • Мәтін бойынша жоспар құрып, тезис жасап, оны толық немесе қысқаша айтып беру үшін ауызша немесе жазбаша ақпаратты жазып алу;

  • Ақпараттың ішінен негізгі және қосымша, керекті немесе керексіз дегендерін бөліп алу;

  • Мәтіннен түсінгенін баяндау, оған баға беру.

2-сынып оқушысы саналы түрде дауыстап және іштей оқудың мақсатын түсінуі – басты мәселе.Оқушы дауыстап оқығанда белгілі бір мақсатқа байланысты – басқалардың тыңдауына немесе мәтіннің мазмұнын тұсініп, оны өзі айтып беру үшін оқиды.Мұндай оқудың түрлері оқу іс-әрекетінде оқушылардың мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыруға негіз болады.Оны іске асыру тек сабақта ғана емес, сыныптан тыс оқуға арналған материалдар арқылы да жүргізіледі.

Әдебиеттік оқу пәні бойынша сабақ 2-сыныпта өтетін басқа пәндермен пәнаралық байланыста ұйымдастырылып,табиғи түрде жүзеге асырылады.Бұл,әрине, оқушылардың интеллектуалды тәжірибелік іс-әрекетімен байланысты болады.Іс-әрекетінің нәтижесі өз мақсатын іске асыруға мүмкіндік туғызады.

Әдебиеттік оқу пәні бойынша пәнаралық байланыс мынадай бағыттарда іске асырылады:


  • Оқушы көркем шығармалар арқылы өз Отанының және Әлем елдерінің салт-дәстүр, әдет-ғұрпымен таныса отырып,и олардың мәдениетін меңгереді.Технология пәнімен байланысы осы шығарма мазмұнына сәйкес техника түрлеріне, құрылыс мамандарына, олардың еңбектеріне деген қызығушылығын туғызды, оларға құрметпен қарауға үйренеді.Еңбектің түрлеріне қатысты шығармаларды оқып, оларды өмірде көрген тәжірибелермен салыстырып, өз пікірін дәлелді түрде білдіреді.

  • Оқушы өз ойын жүйкелі жеткізуде, тілдік қатысымдылықты сақтау, байланыстырып сөйлеу және тіл дамыту жұмыстарында, шығарма, мазмұндама жазуда қазақ тілі пәнімен байланысы жүзеге асырылады.

  • Әдебиеттік оқу пәні шығарманың мазмұнына сәйкес қоршаған ортамен тансу пәнімен байланысады, табиғат құбылыстары мен ерекшелітерін тануда жыл мезгілдеріне байланысты табиғатқа саяхат жасау, ауа райын бақылау жұмыс тары іске асады, ал оқиғаны салыстыруда автордың көзқарасы мен идеясын тіршілік өмірмен байланыстыру мәселелері сипатталады.

  • Пәндік материалды қайта өңдеу іс-әрекетінде, ішкі жоспарды іске асыруда, мақсатқа бағытталу мен белгілі бір шешім қабылдауда, іс-әрекеттің орындалуын бақылау, бағалау, түзету енгізуде әдебиеттік оқу пәні математикамен байланысады.

  • Мәтін мазмұнына сәйкес түсінгені бойынша шығармашылықпен сурет салу, яғни, басты кейіпкерді немесе образды, не болмаса тұтас сюжеттің суретін салу арқылы ойын бейнелеп жеткізуде бейнелеу өнерімен байланысады.

  • Көркем шығарманың идеясын ашу мақсатында музыка қолданылады.Мұғалім шеберлігі мен оқушының шығармашылығы бірлесіп, тақырып мақсатына сай дұрыс таңдалған музыканы пайдалануға болады.Бұл, әрине, әдебиеттік оқу пәнін музыкамен байланыстырады.

  • Әдебиеттік оқу пәні информатикамен байланысады.Ақпаратты іздеуғ, алынған ақпаратты сақтау, компьютерді пайдалана білу- әрбір мұғалімнің міндеті.Сонымен бірге барлық пәндерден дайындалып, жарық көрген электрондық оқу құралын тиімді пайдалану оқушылардың әдебиеттік оқу пәнін оқуға деген қызығушылықтарын арттырары сөзсіз.

Бақылау сұрақтары:

  1. «Әдебиеттік оқу» пәнінің негізгі міндеттеріне нелер жатады?

  2. «Әдебиеттік оқу» пәнін оқыту қандай негізде жүзеге асады?


Әдебиеттер:

  1. С. Желдербаева. Мәнерлеп оқу, А., 1992

  2. Т.М.Әбдікәрім. Әдебиеттік оқу, А., 2014

  3. Ә. Дайырова, С. Тілешева. «Әдебиеттік оқу кітабына» методикалық нұсқау, А., 1982

  4. Б.Т. Қабатай, С.Р.Рахметова, Ә.С. Амирова, А., 2013

  5. С.Рахметова, Қазақ тілін оқыту әдістемесі, А.,1991

2-дәріс. Әдеби білім берудің алғашқы сатысы

Жоспар:

1. Әдеби білім берудің алғашқы сатысы

2.Әдеби білім беру ұғымы

Мектепте оқылатын әдебиет пәнінің – жас өспірімдерге идеялық, адамгершілік және эстетикалық тәрбие беруде, халқымыздың өткендегі өмірін, оның арманы мен мүдделерін білдіруде маңызы зор. Әдебиеттің осындай білімдік,тәрбиелік мәнділігі мұғалімдерді көп ізденіп, не бір ұтымды, тиімді деген әдіс – тәсілдерді тауып, заман талабына сай оқытуды міндеттейді.

Оқушыларға әдебиеттен білім берудің алғашқы сатысында мұғалімдерді ойландырарлық мәселелер баршылық, мәселен, 11 жасар бала ұғымына көркем шығарманы қай тұрғыда танытқан жөн, әдеби шығарманы оқудан,онымен жалпы таныстықтан талдаудың қандай айырмашылығы бар, көркем шығарманы талдау,әдеби- теориялық ұғымдарды қалыптастыру қажеттілігінің сыры неде, программада міндеттелген әдеби білім мен шеберлік дағдыларының арасындағы қарым-қатынасты, байланысты ұғындырудың тиімді жолы қайсы деген сұрақтар өзінен-өзі туындайды.

Мұнда,негізінен, программалық талап басшылыққа алынады.Мұғалім оқушының шығарманы дұрыс, нақтылы түсініп талдауына текстің негізгі, маңызды бөлімін қосалқы суреттеулерден бөліп ала білуіне, шығарманың мазмұны мен идеясын аңғарып оқуына басшылық етеді, оқушыларды кейіпкерлер тағдырларымен ортақтастырады, жазушының сөз қолданысы, синтаксистік оралымдарынан үлгі алуға бағыштайды, эстетикалық сезімін арттырады,оқушыны белсенділікке,творчествалық қабілеттілікке баулиды.

Әдебиет сабағының негізгі материалы – көркем шығарма.Оны жете білу талдау арқылы жүзеге асырылады.Көркем шығарманы талдау принципінде орта буын мен жоғары кластарда ұқсастық бар.Бірақ әр класс оқушыларының жас ерекшелігі мен іскерлік пен шеберлік дағдыларының сапасына қарай талдаудың әр буында өзіндік салмағы бар.Енді оқушыларға әдеби білім берудің сол кезеңдерін, онда қалыптастырылатын іскерлік пен шебелік дағдыларын байкап көрейік.

Бастауыш кластарда оқушылар көбіне оқу техникасына жаттығады.Әріптен сөз, сөзден сөйлем құрап оқи бастасымен – ақ оқушылар өзін қоршаған орта, жаратылыс,табиғаттың сырларын, көпті білуге деген ынта,көркем шығарманы оқу,мұғалім әңгімесін зейін қоя тыңдау,білмегенін сұрап алу белсенділігі басым болады.Қойылған сұраққа текстен жауап іздеу, жазбаша жаттығуларды орындау тәрізді творчествалық іске әзір тұрады.Алайда, баланың тілегін орындауға, программалық талапты толығымен қамтуға мұғалімнің мүмкіндігі бола бермейді.Әрі балаң оқушыда ықылас, ынта болғанымен жұмысты орындау сапасы төмен болады, шамадан артық тапсырманы орындай алмайды. Мәселен, бастауыш класс оқулықтарында танымдық мақала, іс қағаздарының жеке үлгілері, өлең, әңгіме, ертегі, мысал өлең, мақал мен мәтелдер берілген.Осы тұста көркем шығарма, оның түрлері мен жанры туралы мәлімет беруді міндеттеу дұрыс болмас еді.Олар жайлы алғашқы ұғым беруді IV – VII класс программасы талап етеді.Онда да оқушыларға көркем әдебиеттің тегін, түрлерін саралап түсіндіру емес соған барар жолға қадам жасалады,бет бұрады.Әдеби ұғымдарды программалық материалдардың табиғатына,бала ұғымына лайықтап ұғындыру міндеті жүктеледі.Әдеби білім беруді осы принцип тұрғысынан ұйымдастырған жағдайда көркем әдебиеттің теориялық негіздерін білмей тұрып – ақ балаң оқушы көркем шығарманы – оқу техникасына жаттығу материалы, тіл дамытудың қайнар бұлағы әрі тәрбие құралы деп қабылдайды.Сөйтіп, бұл кластарда көркем шығарманың практикалық мүмкіндіктеріне баса көңіл бөлінеді.Оқушылар оқу техникасын жетілдіреді,сөздік қорын молайтады, байланыстырып сөйлеуге жаттығады.Ал IV кластан бастап оқушыларға әдебиеттік білім беру, олардың әдебиетке құмарлығын арттыру,әдебиеттің білімдік, өміртанытқыштық қасиетін, оның тарихы мен бүгінгінің байланысын таныту әдебиет сабағының басты нысанасына айналады.

Сөзбен жұмыс істеу-сөздік қорын молайту – тіл көркемдігін, сөз өнерін меңгерту деген сөз.Ал сөз өнері - әдебиет.Көркем шығарманы оқу, талдау қолданатындығына, оның ерекше сыр мен сипатқа ие болатындығына көзі жетеді, ана тілінің көп қырлылығын меңгереді.Неғұрлым осындай жұмысқа тереңдеп барған сайын оқушының көркем әдебиетке деген ынтасы артады.

IV класқа арналған «Әдебиеттік оқу кітабындағы» оқу материалдары идеялық – мазмұндық байланысына және жанрлық сипаттарына қарай бірнеше тақырыптарға топтастырылып, хронологиялық принциппен орналастырылған. Мәселен, бірінші бөлімде халық ертегілері,екінші бөлімде ақын – жазушылар жазған әдеби ертегілер, үшінші бөлімде мысал өлеңдер, төртінші бөлімде қазақ балаларының кешегі өмірі мен бүгінгісі, бесінші бөлім Отан табиғаты, алтыншы бөлім халық тарихының көркем шежіресі тақырыбына топтастырылып берілген.

Программалық материалдарды осылай түрліше топтастыру сол класс оқушыларының іскерлік пен шеберлік дағдыларын, материалдарды қабылдау мүмкіндіктерімен санасудан туған.Әдеби материалдарды топтау принципі бастауыш кластарда да бар. Мәселен, мереке күндеріне арналған көркем туындыларды өту мерзіміне сәйкес берілуін,табиғаттың төрт мезгіліне байланысты шағармаларды маусымдылығына қарай орналасуын хронологиялық принциптің көрінісі деуге болады. Демек, IV класта оқушылар мүлде тосын құбылысқа тап болмайды.Олар өздеріне бұрыннан танымал тақырыптық, жанрлық, хронологиялық принциппен IV класта екінше рет кездескенде бұрын жеңіл – желпі қабылданған мәселеге танымдық қырынан көңіл бөлуге мүмкіндік туады. Соның нәтижесінде оқушылар сол танымал құбылыстан азды – көпті жаңаның ізін байқайды, программалық материалдың жеңілден біртіндеп күрделетіндігімен хабардар болады.

IV класс оқушыларына әдеби білім беру мәселесіне байланысты осы кластың « Әдебиеттік оқу кітабына» арналған методикалық нұсқау мен программадан бөтен еңбек жоқ.Әдебиет программасында IV класс оқушыларына берілуге тиісті әдеби білімнің мақсаты мен міндеттері, көлемі, жұмыс түрлері, оқытудың, талдаудың басты – басты әдіс-тәсілдері, қалыптастырылатын іскерлік пен шеберлік дағдылар, жаттығуға ұсынылған шығармалар мен кластан тыс оқылатын әдебиеттер тізімі берілген. Ал методикалық нұсқауда мұғалімдерге IV класта әдебиетті пән ретінде оқытуға бағыт-бағдар жасалады, жеке көркем тексті талдау үлгілері беріледі. Алайда, оқушыларға көркем шығарманы меңгерту, оларды әдеби білім берудің күрделі келер сатысына әзірлеу – мұғалімдерден үлкен жауапкершілікті талап етеді.Себебі бұл кластан басталатын әдеби білімнің негізін қалаудың методикасы бір нұсқаумен шешілмейді. Оның үстіне нұсқаудың бұған дейінгі басылымдары бұрынғы программа бойынша жазылған. Ал типтік программада әдеби-теориялық ұғымдар анықталып, жүйеге келтірілді, пәнаралық байланыс пен білім жалғастығы нақтыланды, бұл класта әдебиеттен берілуге тиісті білім, іскерлік пен шеберлік дағдыларының түрлері, көлемі анықталып, программа бірлі-екілі жаңа материалмен толықтырылды, кластан тыс оқитын шығармалардың тізімі ұсынылды. Оқулыққа біршама өзгеріс еңгізілді, сұрақ-тапсырмалар қайта қаралып, жекелеген әдеби-теориялық ұғымдарға анықтама берілді, иллюстрациялық материалдар ұсынылған.Осыған байланысты методикалық нұсқауды қайта жазу қажеттілігі туып отыр.

Әдеби білім көркем шығарманы талдау негізінде қалыптастырылады. Оқушылардың шығармамен таныстығы оны оқудан басталады. Онда да мақсатсыз, немқұрайлықпен оқымай түсініп, әсерленіп оқуы қадағаланады.Талдаудың дұрыс арнаға түсуі оқушының шығармамен бірінші рет танысуына, одан алған әсеріне байланысты.Сондықтан сабақтың бұл кезеңі оқушы белсенділігін арттыруды, мұғалімнің ұйымдастырғыштық шеберлігін керек етеді.

Көркем тексті талдау арқылы оқушылар адам тағдырымен, өмір шындығымен, жазушының поэзиясымен танысады.Әрине, ондай таныстық бұл класта жазушы жасаған кейіпкердің іс-әрекетін, мінез-құлқын ұғуға әрекеттену, көркемдікті, шығарма оқиғасын қызықтау тұрғысында болады. Оқушы бойында көріне бастаған осындай ой қаракеттерді әрі қарай дамыту, оларды білімдік арнаға салу, оқушыларды жазушының ойын аңғаруға, кейіпкер ісіне баға беруге баулу сабақтың басты мақсаты болуға тиіс.

Мектепте оқыту мен тәрбие беру тығыз бірлікте қаралады.Көркем шығарма – тәрбие берудің де пәрменді құралы.Сондықтан оны заман талабына сай оқыту арқылы жас ұрпақтарды тәрбиелеу құралына айналдыра білу басты міндет болып есептеледі. Мәселен, тәрбиенің бір түрі – патриоттық тәрбиеге IV класқа арналған « Әдебиеттік оқу кітабынан» мысалды көптеп келтіруге болады.

Патриоттық тәрбие-Отанға адал қызмет ету болса, ол оқушылардың саяси сауаттылығын, адамгершілік қасиетінің молдығын, эстетикалық талғамдылығын, еңбек сүйгіштігін қамтиды. Демек, халық қажетін өтерлік туындылар беріп отырған жазушының өз басынан бастап, оның шығарма кейіпкері бойындағы жақсы қасиеттер - кейінгі ұрпаққа үлгі, өнеге. Оқушылар әрбір туындыны бір ғана жазушының меншігі демей, оны Отанға қызмет етудің айқын айғағы деп қабылдайды, жазушыны, ол суреттеген адамдар тағдырын тарихпен байланыстыра тануға дағдыланады, әр шығармада көрінген өмір шындығы оларды түрлі сезімге баулиды, ойландырып, толғандырады.

Бұл ретте ауыз әдебиеті үлгілерінде көрінген халық арманы мен тілегі, әділдік пен жақсылықтың қастандық пен зұлымдықты жеңетіндігі, шығарма қаhармандарының жағымды, жағымсыз болып бөлінетіндігі, ондағы тартымды, қызықты уақиғалардың тәрбиелік мәні бар. Халық даналығы, эпикалық шығармалар бала ұғымына,түсінігіне жақын. Оның жанрлық ерекшелігі, уақиғасының бірден-бірге сатылы дамуы оқушылардың қызығушылығын ынтасын арттырады,жаттап алып, жадында сақтайды.

Әдеби ертегілер де – халық ертегілерінің бір түрі. Оның уақиғасында кейіпкерлерінің іс-әрекеттерінде шындықтан ертегілік, аңыздық сипат басым жатады. Айырмашылығы – авторы бергілі.

Ауыз әдебиеті үлгілерінің ұғымды болуы кейіпкерлер әрекеттерінің әдеттегіден тысқары қимыл - әрекетке батыл баратындықтары әрі олардың көздеген мақсаттарына түрлі кедергілерді жеңіп жететіндіктері, олардың ақтық, пәктік қасиеттері, мақсат-мүдделерінің көп тілегімен үндестігі, соның арқасында олардың дұшпанынан досының көп болатындығы, әділдіктің әділетсіздікті жеңетіндегі оқушыларды тексті қызығып оқуға жұмылдырады, ертегілік қасиетінің бала қиялымен ұштастығы олардың қанағаттанарлық сезімдерін оятады.

XIX ғасырдағы әдебиет үлгілерінен бастап оқушылар жазба әдебиет өкілдерінің шығармаларын оқу арқылы аталар мен әкелердің күрес жолымен, олардың асқақ армандарымен, мақсат-мүдделерімен танысады.Баяғы заманда қол созған асыл арман, жақсы ниеттің көбі жүзеге асты, қанау жойылды, теңдік берілді, халық еңбектенуге де, тынығуға да праволы болды, шаттық заман орнады. Ол ертегілерді оқу барысында оқушылар адамдар аңсаған асыл арманның ескірмейтіндігін, қайта олардың жаңа дәуірде жаңа мазмұнға ие болғандығын меңгереді.Ондай асыл арманға еңбек сүйгіштік пен адалдық, әділдік пен жақсылық, адамгершілік қасиеттер жатады.

XIX ғасырдағы әдебиет үлгілерінен IV класқа арналған « Әдебиеттік оқу кітабында» М.Өтемісовтың «Соғыс», «Махамбеттің Жәңгірге айтқаны », А.Құнанбаевтың «Күз», «Қыс» өлеңдері мен Ы. Алтынсариннің «Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесі бар. Осылардың ішінен мысалдардан кейін іле-шала оқушылардың талдайтыны – Ы. Алтынсариннің «Бай баласы мен жарлы баласы»әнгімесі.

«Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесінде көшпелі қазақ аулының өмірі мен тіршілігі суреттеледі. Әрине, қазіргі оқушыға сол бір кездегі көшу, қону қарбалас өмірі беймәлім. Сондықтан Асан мен Үсеннің елсіз далада адасып қалуына оқушылардың немқұрайлы қараулары ықтимал.Бос жатқан жұртты көргенде бірі жылап, бірі сабырлылық жасап, қиындықтан шығудың жолын іздестіре бастауын табиғи қажеттілікке саюы мүмкін. Мәселе онымен шектелмейді, қиындықтан шығудың амалын іздеуші де, оның жолын табушы да, серігіне адал қызмет еткен де – Үсен. «Адамды адам еткен - еңбек» дегендей, алғашқы кездескен өмір сынынан оларды сүріндірмей алып шыққан Үсеннің өмірге бейімділігі мен құштарлығы, ақылдылығы мен зерделілігі, ал ол қасиеттер оның бойына еңбекпен дарыған деген жазушы идеясы аңғарылады.

Асан мен Үсеннің психологиясы да түрліше, Үсен бір қиындықты жеңіп, екіншісіне жол табумен үнемі еңбектену, іздену, ойланумен жүргенде, Асан қаннен-қаперсіз бейқамдыққа салынып Үсеннің адал еңбегіне ортақ,еншілес болуға арланбайды. Сәл-пәл қиындыққа төзімі жоқ, ол бір сәт қарын тойса, дүниенің бәрі ұмыт болады. Мұның осындай тоғышарлығына кімдер кінәлі, себебі неліктен деген сұрақтың жауабын жазушы таптық теңсіздіктен, сол ортадағы адамдардың еңбекке деген көзқарасы мен қатысынан ізде, Асанның дәрменсіздігіне оның өскен ортасы, алған тәрбиесі кінәлы дегісі келгендігі анық.

Қиындыққа тап болған жерде Үсен әке сөзін, оның істеген тірлігі мен кәсібін еске алумен болады, әке тәжірибесін басшылыққа ала отырып, іске кіріседі, өмір сынынан өткен әке ақылы мен насихаты баласын тура жолдан тайдырмайды дегеніне жеткізеді.Себебі ол – адал еңбегімен күнелткен еңбек адамының өсиеті еді. Шығарманың идеясы да, жазушының көздеген мақсаты да «Әке көрген оқ жонады» дегендей , Үсеннің тәрбиесі еңбек адамының тәрбиесі, оны адам еткен де, дегеніне жеткізген де, басына түскен қиындықтан алып шыққан да – еңбек, өмір тәжірибесінің жемісі, еңбектенбеген түйсіксіз адам Асандай болып қалмақ, оның әрекетсіздігіне ата-ана тәрбиесі, өскен ортасы, тап мешеулігі кінәлі екендігін көрсетпекші, жастарды дәрменсіздіктен, өмірге икемсіздіктен сақтандыру екендігі өзінен-өзі түсінікті.

Жазушы жастарға еңбек ет, өмірден, табиғаттан керегіңді ал дей отырып, оларды біреудің адал еңбегін қанаудан, арамтамақтықтан сақтандырады. Онда да жазушы өзінің ағартушылық пікірін біреуді көтере мақтау, екіншісін даттау немесе ұран тастау жолымен емес, екі түрлі семьяда тәрбиеленген адамдардың түрлі жағдайдағы іс-әрекеттері арқылы кімнің неге икемділігін, алдағы тағдырын жазушылық өнер мен педагогикалық әдептілікті сақтай отырып жеткізген.

Әңгімені оқыған сайын Үсеннің өмірге құштарлығына,оның алда талай қиындықтарды жеңіп шығатындығына, дәрменсіздіктің құлы болмайтындығына сенімің арта түседі. Оның әрбір ісі, әрекеті жедел, мығым. Жалшылық өмір оны қажырлылық пен қайсарлыққа, төзімділікке үйретсе, «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық, Аздырар адам баласын»,- деп, Абай айтқандай, Үсеннің тоғышарлығына қадам басқан сайын көзің жете түседі. Ол жолдан адасса да жылайды, қарны ашса да жылайды, күн батып, кеш түссе бастаса да жылайды. Ал сәл көңілі жайлана бастаса, бәрін ұмытады.Қабілетсіз, айналада қалғанда нені тамақ етуге болатындығын да білмейді, ойлап басын ауыртқысы да келмейді.

Таптық теңсіздікті сөз етпей-ақ жазушы «бай», «жалшы» сөздерін қолдану арқылы оқушының өзінің өмір тану позициясынан хабардар етеді.Ол жалшы өкілі Үсенді жақтайды, жастарға оның ісін үлгі-өнеге тұтады, тоғышар Асанның мінезінен, ісінен сақтандырады.

XIX ғасыр әдебиетіне қарағанда совет әдебиеті – мұғалімдерге жақын, танымал тақырыпты туындылар болғанымен, қазіргі оқушылар үшін тарихи тақырып. Өзгені қойғанда Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерен ерлік пен патриотизмнің ерен үлгілерін оқушылар көркем шығармалардан, соғыс ардагерлерінің әңгімелерінен оқып біледі. Алайда оларды түсіну оқушыларға еш қиындық келтірмейді. Себебі Отанға адал қызмет ету, Отанды қорғау-әрбір совет азаматының борышы екендігі оларға түсінікті.

Бұларға қоса оқушылар әділдік, бейбіт өмір, адамгершілік т.б. тақырыпты шығармалармен танысады, әрі ол тақырыптардың күре тамыры ерте замандағы ауыз әдебиеті үлгілерінен бермен қарап тартылып келе жатқан желі екендігіне көздері жетеді.

VI класта оқушылар Махамбеттің «Соғыс», «Махамбеттің Жәңгірге айтқаны», Б. Майлиннің «Қанды кек», Ә. Нұрпейісовтің «Балықшылар», Қ. Бекхожиннің «Ер Чапай әлі өлген жоқ», В. Қатаевтың «Полк баласы», Ә. Шәріповтың «Партизан қызы», С. Мұратбековтың «Жабайы алма» тәрізді шығармалардан үзінділерді оқиды.

Бұлардың бірі – 1836-37 жылдарындағы шаруалар көтерілісі, екіншісі-1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі, үшінші- азамат соғысы, төртінші-Ұлы Отан соғысы жылдарындағы заман талабына байланысты туған шығармалар екендігі мәлім. Мұндай шығармаларды оқып үйрену сабақтарында тақырып жалғастығын, дәстүр жалғастығын айта отырып мұғалім қай жазушы болмасын өз мақсатын қоғам мүддесімен, халық тілегімен ұштастыра білгендігін оқушыға түсіндіре кеткен жөн. Бұл оқушыларды жазушының өмірге көзқарасымен, өмірлік позициясымен таныстыру деген сөз.

Сөйтіп, IV кластан бастап көркем шығарманы түрлі қырынан тануға азды-көпті қадам жасалады. Сондай-ақ оқулық-хрестоматияда берілген сұрақ-тапсырмалардың орындалуы ескеріліп, шығарманы мазмұн мен форма бірлігін сақтай отырып таныту мүмкіндіктері қарастырылады.

Көркем текспен жұмысты тұрғыдан ұйымдастырған жағдайға, оқушылар әдебиет сабақтарында саналы оқуға үйренеді, оқу техникасын жетілдіреді, мәнерлеп оқуға жаттығады.Оқудағы мәнерлі ырғақ, сазды үн оқушылардың көркем шығарманың идеялық-көркемдік қасиетін дұрыс түсініп, саналы игеруінен, олардың эстетикалық әсерленуінен, эмоциялық тұщысынан пайда болады.

Қызығушылық пен оқуға құштарлық туған жағдайда оқушылардың көркем шығармаға деген талғамы артады. Талғам да өздігінен қалыптаспайды, оғанда мұғалімнің басшылығы қажет.Осы міндеттерді жүзеге асыруда мұғалім программада көрсетілген оқушылардың білімін, іскерлік пен шеберлік дағдыларына қойылатын басты талаптарды ескергені жөн. Оларды орындап шығу мұғалімдерден үлкен жауапкершілікті, асқан шеберлікті, керек етеді. Әдебиеттен берілуге тиісті әдеби білім, іскерлік пен шеберлік дағдылары көлемінің программада айқын көрсетілуі мұғалім жұмысына жеңілдік келтіреді, жоғары кластарда оқылатын әдеби курстың тынысын айқындайды, әдебиетті пән ретінде оқытудың негізін қалауға септігін тигізеді.

Ол әдеби білім, іскерлік пен шеберлік дағдылары мұғалімнің сабаққа мұқият дайындалуының, творчестволық ізденісінің, құрамы мен құрылысы жағынан алдын ала ойластырылған бір емес, бірнеше жүйелі талдау сабағында тиімді әдіс-тәсілдерді қолданудың негізінде қалыптасады.

Программа бойынша IV класта оқылатын көркем шығармалар тақырып, мазмұн жағынан алуан түрлі дедік. Соған лайықты мектептерде әдебиетті оқыту жұмыстарының түрлері мен әдістері түрліше болып келеді. Ол әдістер төмендегідей:




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет