Әдістемелік нұсқау: Сүйінбай ақынның өмір жолы. Ақын шығармаларының тақырыптары мен мазмұндық түрлері. Сүйінбай шығармашылығының ақынның өмірі мен поэзиясындағы ерекшеліктеріне орай келуі. Ақын поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық.
Әдебиеттер: Н.ә: 12, 13, 14, 15. Қ.ә: 2, 6.
№ 7 Семинар. Тақырыбы: Майлықожа Сұлтанқожаұлының әдеби мұрасы.
Сабақтың мақсаты: Майлықожа Сұлтанқожаұлының өмірі, шығармашылығымен студенттерді таныстыра отырып, толғауларынан ғибрат алуға шақыру.
Сабақтың жоспары:
М.Сұлтанқожаұлының өмірі,шығармашылығы
«Майлықожа, Сүйінбай, пірім еді сиынған»
Майлықожаның әдеби мұрасы.
Майлықожаның айтысқан айтыстары
Әдістемелік нұсқау: Майлықожа ақынның өмір жолы. Ақын шығармаларының тақырыптары мен мазмұндық түрлері. Майлықожа шығармашылығының ақынның өмірі мен поэзиясындағы ерекшеліктеріне орай түрде болуы. Ақын поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық.
Әдебиеттер: Н.ә: 16, 17, 18. Қ.ә: 6, 7.
№ 8 Семинар. Тақырыбы: Базар Оңдасұлының өмірі мен шығармашылығы
Сабақтың мақсаты: Базар Оңдасұлының өмірі,шығармашылығымен студенттерді таныстыра отырып,толғауларынан ғибрат алуға шақыру.
Сабақтың жоспары:
Өмірінен мәлімет.
Мұрасының зерттелуі, жариялануы.
Базардың толғау- термелері.
Базардың дастандары
Әдістемелік нұсқау: Базар ақынның өмір жолы. Ақын шығармаларының тақырыптары мен мазмұндық түрлері. Базар шығармашылығының ақынның өмірі мен поэзиясындағы ерекшеліктеріне сәйкес келуі. Ақын поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық.
Әдебиеттер: Н.ә: 2, 7, 9, 16. Қ.ә: 6, 7, 8.
№ 9 Семинар. Тақырыбы: Мұрат Мөңкеұлының әдеби туындылары
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Зар заман ақындарының бірі Мұрат Мөңкеұлының өмірімен танстыру. Шығармаларын оқыту арқылы ақынның жаңа қырларын ашу. Мұраттың шығармалары арқылы балалардың сезіміне әсер ету, рахын ояту. Зар заман кезінде Мұраттай ақын жыраудың болғандығын балалар жадында жаңғырту. Балаларды ақын шығармаларымен таныстыру.
Сабақтың жоспары:
Мұрат Мөңкеұлының әдеби туындылары.
Мұрат Мөңкеұлының шығармаларының зерттелуі.
Мұрат толғаулары "Үш қиян", "Қарасай-Қази", "Қазтуған"
Мұраттың айтыс өнері
Мұрат жайында айтылған жазушылар пікірі
Әдістемелік нұсқау: Мұрат ақынның өмір жолы. Ақын шығармаларының тақырыптары мен мазмұндық түрлері. Мұрат Мөңкеұлы шығармашылығының ақынның өмірі мен поэзиясындағы ерекшеліктеріне орай келуі. Ақын поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық.
Әдебиеттер: Н.ә: 7, 12, 13, 15. Қ.ә: 2, 6 9.
№ 10 Семинар. Тақырыбы: Өнер тұтастығы мазмұнындағы ақындар поэзиясы (Біржан сал, Сара ақын)
Сабақтың мақсаты: Сара Тастанбекқызы мен Біржан Қожағұлұлы туралы түсінік беру. Ақындар поэзиясы, сал – серілер жайлы білімді одан әрі жетілдіру, өздігінен ойлауға үйрету, ой – өрісін одан әрі дамыту.
Сабақтың жоспары:
Біржан сал Қожағұлұлы
Сара Тастанбекқызы
Әдістемелік нұсқау: Аңызға айналған айтыс. Біржан мен Сара ақынның өнегеге айналған өмірлері. Біржан мен Сара айтысының тарихи маңызы. Әлеуметтік мәселелердің көтерілуі. Теңсіздік тақырыбы.
Әдебиеттер: Н.ә: 20, 21, 22. Қ.ә: 6, 7, 9
Бақылау жұмысы, курстық жұмыс
16. Білім бақылауы. Курс бойынша емтихан сұрақтары:
1.19 ғасырдағы қазақ әдебиеті және қоғамдық-әлеуметтік жағдай.
2. Ұлттық-азаттық көтерілістері және тарихи өлеңдер, дастандар.
3. Дулат өлеңдеріндегі ұлттық-отаншылдық сарындар.
4. Дулаттың дастандары.
5. Махамбеттің философиялық өлеңдері.
6. Махамбет өлеңдеріндегі авторлық және тарихи тұлға, адресаттық нысан.
7. Шортанбайдың зар замандық толғаулары.
8. Шортанбайдың айтыстары, дастаны.
9. Сүйінбайдың толғаулары
10. Сүйінбайдың айтыстары.
11. Майлықожаның толғаулары, мысалдары.
12. Майлықожаның айтыстары.
13. Базардың толғау термелері.
14. Базардың дастандары.
15. Мұраттың зар замандық толғаулары.
16. Мұраттың жыршы-ақындығы, айтыстары.
17. Әбубәкірдің өлеңдері, айтыстары.
18. Біржан салдың лирикалық өлеңдері, айтыстары.
19. Ақан серінің лирикалық өлеңдері, айтыстары.
20. Сегізсерінің әдеби мұрасы.
21. Сараның әдеби мұрасы.
22. Әсеттің әдеби мұрасы.
23. Шоқанның әдеби шығармашылығы.
24. Ыбырайдың өлеңдері.
25. Ыбырайдың әңгімелері.
26. Хакім Абайдың лирикасы.
27. Хакім Абайдың поэмалары.
28. Хакім Абайдың қарасоздері, көркем аудармалары
29. Хакім Абайдың ақындық айналасы (Ақылбай, Мағауия, Щәкәрім, Көкбай).
30. Абайтанудың қалыптасуы, дамуы.
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті тарихынан сұрақтар:
1 ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің даму сипаты
2 Поэзия, проза, драматур-гиялық шығармалардың дүниеге келуі. Аударма, көсемсөз жанрының өркендеуі. Қазақ әдебиетінің тақырыптық аясының кеңеюі.
3 Мақыш Қалтайұлының шығармашылық өмірбаяны
4 Шәді Жәңгірұлының шығармашылық өмірбаяны, дастандары.
Т.Ізтілеуұлының өмірі мен шығармашылығы, ақындығы.
М.Байзақұлының шығармашылық өмірбаяны,өлеңдері.
5 М.Жүсіп Көпейұлының шығармашылығы өлеңде-ріндегі ауыз әдебиеті үлгілері. Заман мәселесіне арналған түрлі мақала-лары. Сатиралық үлгідегі өлеңдері.
6 С.Торайғырұлының шығармашылық өмірбаяны. Ақынның шығармашылық жолының кезеңдері. Шығармаларының жанр-лық, тақырыптық жағынан әр алуандағы поэмалары, көсемсөз саласындағы еңбегі.
7 Ш.Құдайбердіұлының шығармашылық өмір-баяны, Лирика жанрына дамуындағы үлесі. Поэма жанрында Абай дәстүрін жалғастыруы «Бәйшешек бақшасы», «Мәнді сөздер» атты шығармалары.
8 М.Сералиннің шығармашылық өмірбаяны. Қазақтың алғашқы журналисі екендігі. «Айқап» арқылы ұлт мәдениетіне қосқан үлесі. Ондағы мақалалар тақырыбының сюжетті поэмалар жазғандығы.
9 Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаяны, шығармашылығы. Қазақ мәдениетінің көрнекті өкілі, қоғам қайраткері болғандығы. «Қырық мысал» жинағы «Маса» жинағындағы халықты ояту идеясы. Көсемсөз шебері ретіндегі еңбегі «Қазақ» газетінде сан алуан тақырыптағы мақалалары. Қазақтың әдебиеті мен тілін зерттеудегі ғалымдық еңбегі туралы. Ауыз әдебиетінің озық үлгілерін жинап, кітап етіп бастыруы «Ерсайын», «23 толғау».
10 М.Дулатұлының шығармашылық өмірбаяны, ақындығы «Оян, қазақ», «Азамат» жинағы. «Бақытсыз Жамал» романы. Тілінің шұрайлығы. Композициялық құрылымы. Көркем прозаға қосқан үлесі.
11 С.Дөнентайұлының шығармашылық өмірбаяны. Ағартушылық демократтық бағытта шығарма жазғандығы, мысал өлеңдері.
12 Ғ.Қарашұлының шығармашылық өмірбаяны
13 .М.Дулатұлының шығармашылығы
14 Ж.Аймауытовтың шығармашылығы.
15 М.Жұмабаевтың шығармашылығы.
16. Б.Майлиннің шығармашылығы. Заман мәселесіне арналған түрлі мақалалары. Сатиралық үлгідегі өлеңдері.
17 С.Сейфуллиннің шығармашылығы
18 І.Жансүгіровтің шығармашылығы. қазақ әдебиетінің ұлттық сөз өнерінің даму процесіндегі мәні, халықтың мәдени тарихында алатын орны.
19.1916 жылғы Ұлт- азаттық көтерілісіне байланысты әдебиет. Көтерілістің шығу себептері. Халық ақындары жырларының тақырыптары.
20. Қазан төңкерісі және әдебиет.
Достарыңызбен бөлісу: |