2 ДӘРІСТЕР
№1 модуль 1Модуль. Сауат ашу әдісі туралы ұғым.
2.1. 1-дәріс тақырыбы: Сауат ашу әдістемесінің ғылыми негіздері. (2сағат)
Дәрістің жоспары:
1. Cауат ашу әдістемесі пәні туралы түсінік беру.
2. Cауат ашу әдістемесі пәнінің ғылыми негіздері.
3. Cауат ашу әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттері.
Дәрістің қысқаша мазмұны: Бастауыш мектептерде сауат ашу әдістемесі – қазақ әдеби тілінің маңызын, әдіс – тәсілдерін, амалдарын, оқушыға ана тілінен білім берудің, оны меңгертудің жолдарын үйрететін ғылым. Мұғалім ана тілінен теориялық білім беру арқылы оқушының өзін қоршаған ортаға көзқарасын қалыптастырады, Отанына шын берілген нағыз патриот, азамат етіп тәрбиелейді.Ондай дағды мен білік, тәрбие беру қазақ тілін дұрыс оқыту арқылы іске аспақ.
«Бастауыш сыныпта сауат ашу әдістемесі » – ғылыми-теориялық білім беруді мақсат ете отырып, оның болашақта зерттелуге тиіс проблемаларына байланысты студенттерді ғылыми ізденіске баулуды өзінің міндеті деп санайды.
«Бастауыш сыныпта сауат ашу әдістемесі» пәнінің міндеті – студенттерге теориялық және тәжірибелік тұрғыда білім беру, яғни, сөз және ұғым, мағына, сөз мағынасы, оның даму жолдары, құрылымдық түрлері, сөздік құрамның толығу жолдары, кірме сөздер, олардың алатын орны, шығу тегі, семантикалық сипаты, жалпы тіл білімінде тілдік категориялардың зерттелуіндегі әлі толық ашылмаған жайттарға студенттердің назарын аудару. Студенттердің сауат ашу пәнінен алған білімін қайталап еске түсіре отырып, бір ізге салу.
Пәннің міндеті – студенттердің сауат ашу пәнінен алған білімін қайталап еске түсіре отырып, бір ізге салу жолдарын меңгерту. Қазақ тілінің сөз байлығын терең игерте отырып, оның ішкі құрылыс жүйесін, өзгерістерін талдауға жетілдіру. Лексиканың актив және пассив қоры туралы түсініктерін молайтып, қазақ тілінің сөздіктерімен жұмыс жасатудың ең оңай әдіс – тәсілдерін меңгерту.
Метод – бір нәрсені теориялық зерттеудің немесе соны практика жүзінде іске асырудың жолы, тәсілі деген тұрғыда анықтама берілген./под ред. проф. Д.Н.Ушаков. «Толковый словарь русского языка» том 2,стр 199./ Метод грек. «зерттеу жолы» деген мағынаны береді.Метод – халықаралық термин болып орныққан сөз.Метод – сөзбе – сөз алғанда жол, прием т.б.
«Бастауыш сыныпта сауат ашу әдістемесі» ғылымның бір саласы ретінде педагогика ғылымының құрамына енеді. Ол ең алдымен оқушыға тілдік категорияларды қандай әдіс – тәсілдер арқылы оқытсақ нәтижелі болады деген мәселелерді қарастырады және ана тілінен білім берудің жолдарын үйретеді. Бастауышта сауат ашу әдістемесі лингвистика, логика, педагогика, психология пәндерімен тығыз байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |