5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»



бет5/50
Дата06.02.2022
өлшемі457 Kb.
#81344
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Байланысты:
475d3bfb-4a01-11e3-8d27-f6d299da70eeоқу-әдіс.матер.Сауат ашу Сымбат. (1)
экспертиза ценности документа, Видео-сабақ 2, 384 приказ 5 с прил 331 изм от 22-01-2016.rus
2.1 2-дәріс тақырыбы: Сауат ашу сабақтарына қойылатын негізгі педагогикалық талаптар. (2сағат)
Дәрістің жоспары:

1. Cауат ашу әдістемесі пәнінің ұстанымдары.
2. Дайындық кезеңін оқыту.
3. Әліппе кезеңінің оқу-тәрбие міндеттері.
4. Әліппеден кейінгі кезеңдегі сабақ жүйелері.
Дәрістің қысқаша мазмұны: Сауат ашу пәні бойынша стандарт ҚР БМЖМС 2.003-2002 негізінде дайындалды және "Сауат ашу" пәні бойынша білім мазмұнының мемлекеттік міндетті минимумына, оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды тағайындайды. Стандарт ережелері:
- Қазақстан Республикасының жалпы білім беруді жүзеге асыратын барлық ұйымдарында, олардың меншіктік формасына, типіне және түріне қарамастан, "Сауат ашу" пәні бойынша оқушылардың жалпы білімдік дайындығын жүзеге асыру кезінде,
- орта кәсіптік және жоғары оқу орындарында берілген пән бойынша педагог мамандарды даярлауға арналған оқу бағдарламаларын жасау кезінде,
- білім беру саласындағы ғылыми-зерттеу институттарында пән бойынша оқу бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер дайындау барысында,
- білім беру жүйесі қызметкерлерінің кәсіптік біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау институттарында "Сауат ашу" пәні бойынша педагог мамандардың біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау бағдарламаларын жасау барысында,
- білім саласындағы орталық жөне жергілікті атқару органдарында "Сауат ашу" пәні бойынша оқыту сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруда қолданылуы және сақталынуы міндетті.
Сонымен бірге стандарт республиканың мемлекеттік басқару органдары мен ұйымдарында білім қызметін лицензиялау, білім беру ұйымдарын аттестациялау, жұмыстық оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын дайындау, олардың жүзеге асырылуын бақылау кезінде пайдаланылуы мүмкін.
Сауат ашу" пәні бойыпша осы стандарт мектептің бастауыш сатысындағы базистік оқу жоспарымен білім беру ұйымларының типтік оқу жоспарымен және жұмыстық оқу жоспарымен, оқу бағдарламаларымен кешенді түрде қолданылады.
2 Нормативтік сілтемелер
Осы стандартта:
- ҚР БМЖМС 2.003-2002 "Жалпы орта білім. Негізгі ережелерге",
- ҚР ЕР. 40.1.01-2000 ҚР МЖС-нің "Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарын құруға, мазмұндауға, рәсімдеуге, мазмұнына және белгілеуге қойылатын жалпы талаптарына" сілтемелер жасалған.
3 Анықтамалар мен қысқартулар
Осы стандартта Қазақстан Республикасы «Білім туралы" Заңына және ҚР БМЖМС 2.003-2002 сойкес қысқартулар, терминдер және анықтамалар қолданылды. Оларға қосымша осы стандартта келесі анықтамалар мен қысқартулар келтірілген.
"Сауат ашу" пәні бойынша білім беру стандарты - Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысының барлық типтеріне ортақ сауат ашуда оқушылардың алатын міндетті (минимум) білім деңгейін тағайындайтын құжат.
"Сауат ашу" пәнінің базалық мазмұны - мектепте міндетті түрде оқытылуы тиіс және үздіксіз білім берудің келесі сатылары мен деңгейлерінде оқуды жалғастыру үшін жеткілікті болатын оқу пәні мазмұнының құрамы мен құрылымының тізбесі.
БМЖМС - Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
БОЖ - базистік оқу жоспары
4 Жалпы ережелер
4.1 "Сауат ашу" пәнін оқытудың басты мақсаты
"Сауат ашу" пәнін оқытудың басты мақсаты оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру: байланыстырып сөйлеуге үйрету; алғашқы грамматикалық мағлұматтарды меңгерту; ана тіліне сүйіспеншілікке, адамгершілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу; оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
4.2 "Сауат ашу" пәнін оқытудың басты міндеттері: Әліппеге дейінгі кезең: оқушыларды оқуға және жазуға даярлау; сөздік қорын молайту, байланыстырып сөйлеуге үйрету.
Әліппе кезеңі: оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру; байланыстырып сөйлеу тілін дамыту.
Әліппеден кейінгі кезең: оқу және жазу дағдыларын жетілдіру, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту; алғашқы грамматикалық мағлұматтарды меңгерту.
4.3 "Сауат ашу" пәнінің зерттеу объектілері Интеграцияланған (оқу, жазу) мазмұндағы "Сауат ашу" пәні - ана тілінің байлығын меңгертудегі алғашқы саты, "Филология" білім саласына кіретін пән. "Сауат ашу" пәнінің оқыту аясы:
- қазақ тілінің дыбыстық және әріптік (графикалық) жүйесі;
- қазақ тілінен алғашқы грамматикалық мағлұматтар;
- балалар көркем әдебиеті шығармалары.
4.4 "Сауат ашу" пәні мазмүнының даму болашағы. Мектептің бастауыш сатысындағы "Сауат ашу" пәнінің мазмұны 2-4-сыныптарда "Қазақ тілі" және "Әдебиеттік оқу" пәндері, негізгі мектепте "Қазақ тілі" және "Қазақ әдебиеті" пәндерінің мазмұнында дамытылады.
4.5 "Сауат ашу" пәнінің базистік оқу жоспарындағы орны БОЖ-да "Сауат ашу" пәні "Филология" білім саласына кіретін, мектептің бастауыш сатысында міндетті түрде оқытылатын пән ретінде берілген. Сауат ашуды оқытуға бөлінетін сағат бастауыш сатының БОЖ-дағы мектеп компонентіне (тандау пәндері) бөлінген сағаттар есебінен көбейтілуі мүмкін.
5 "Сауат ашу" пәні бойынша оқу бағдарламаларының түрлері
"Сауат ашу" пәні білім берудің негізгі бағдарламасы пәнінде жүзеге асырылады.
"Сауат ашу" пәні оқу бағдарламасының мазмұны
!. Әліппеге дейінгі кезең: сөздің дыбыстық құрамын бағдарлай білу: саусақтарын жазуға даярлау (әр түрлі сызықтар өрнектер мен таңбалар сыздыру); сөздік қорын молайту; бай-ланыстырып сөйлеуге үйрету.
2. Әліппе кезеңі: әріптердің баспа және жазба түрлері, бас әріп пен кіші әріп; сөздің дыбыстық-буындық құрылымын модельдеу; сөзді буындап оқу және тұтас сөзбен оқу; сөйлемдерді, мәтіндерді оқу; әріптерді жазу, сөз ішіндегі әріптерді бір-бірімен дұрыс қосып жазу; сөз, сөйлем жазу; мәтінмен жұмыс жүргізу (сұрақтарға жауап беру, оқығанын мазмұндау, мәтін құрастыру).
3. Әліппеден кейінгі кезең: сөз, сөйлем, мәтін оқу және жазу: дауысты және дауыссыз дыбыстар, сөз таптары туралы алғашқы грамматикалық маглұматтарды меңгерту (заттың атын, қимылын, сынын, санын білдіретін сөздер); сөйлемнің бірінші сөзін бас әріппен жазу, кісі аттары, жер-су атаулары және үй жануарларына қойылатын аттарды бас әріппен жазу.
6 "Сауат ашу" пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі
'Сауат ашу" пәні аптасына 7 сағаттан және оқу жылында 238 сағат оқытылады.
I жартыжылдықта - 1 12 сағат;
II жартыжылдықта - 126 сағат.
"Сауат ашу" пәні интеграцияланған мазмұндағы екі оқулық арқылы жүзеге асырылады:
I жартыжылдықта - "Әліппе" оқулығы;
II жартыжылдықта - "Ана тілі" оқулығы.
7 "Сауат ашу" пәнінің базалық білім мазмұны
Әліппеге дейінгі кезең
Сөйлеу. Сөйлем. Сөз. Буын. Дауысты жоне дауыссыз дыбыстар. Сөзді дыбыстық талдау.
Әліппе кезеңі
Әріптердің баспа, жазба түрлері. Бас әріп және кіші әріп. Сөз. Буын. Сөйлем. Мәтін. Дауысты және дауыссыз дыбыс әріптері. Сөзді дыбыстық-буындық талдау. Орфографиялық және пунктуациялық ережелер (бас әріппен жазылатын сөздер; сөйлемнің соңына нүкте қою).
Әліппеден кейінгі кезең
Сөйлеу. Ауызекі және жазба тілде сөйлеу. Қазақ алфавиті. Дауысты және дауыссыз дыбыстар. Жуан және жіңішке. Жуан және жіңішке жұп дауыстылар. Буын. Тасымал. Заттың атын білдіретін сөздер. Бас әріптен басталып жазылатын сөздер. Заттың қимылын білдіретін сөздер. Заттың сынын білдіретін сөздер. Заттың санын білдіретін сөздер. Сөйлем. Сөйлемдегі сөздердің байланысы. Мәтін. Әңгімелер, өлеңдер. ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер.
8. "Сауат ашу" пәні бойынша мектептің бастауыш сатысындағы оқушылардың міндетті (минимум) дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.
8.1 "Сауат ашу" пәні бойынша оқушылардың білімі мен біліктілігіне қойылатын талаптар
Әліппеге дейінгі кезең (I жартыжылдық) Біліктілігі:
- сөйлеуден – сөйлемді, сөйлемнен – сөзді, сөзден - дыбысты ажырата алу және бөліп көрсете алу;
- сөздің дыбыстық (фонемдік) құрылымын бағдарлай алу; сөздегі дыбыстардың ретін және санын анықтай алу; сөз басындағы, сөз ортасындағы, сөз соңындағы дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырата алу;
- сөзді буынға бөле алу;
- сөздің дыбыстық және буындық сызбасын; хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдердің графикалық таңбаларын айыра алу;
- жазу дәптерінің жолын сақтап, әр түрлі сызықтар. өрнектер, таңбалар сыза алу; әріп элементтерін жаза алу;
- лексикалық тақырыптар бойынша әңгіме құрастыра алу. Әліппе кезеңі (I жартыжылдық)
Білімі:
- қазақ алфавитіндегі әріптердің баспа және жазба түрлерін білу; бас әріп пен кіші әріптерді білу;
- кісі аттары мен үй жануарларына қойылған аттар және жер-су аттарының бас әріппен жазылу ережелерін білу;
Біліктілігі:
- әріпті дыбыстап айта алу, сөздің дыбыстық-әріптік сызбасын құра алу;
- сөзді буынға бөле алу; сөздің, сөйлемнің шегін ажырата алу;
- буынды мейлінше дыбысталатын етіп, дауысты дыбыс әрпіне бағыттап оқи алу;
- сөйлем интонациясын сақтап оқи алу;
-- байланысты мәтіндерді оқи алу; сұраққа жауап бере алу; оқығанын мазмұндай алу;
- әріп, буын, сөз. Сөйлем (3-4 сөзден тұратын) жаза алу. – сөйлемдегі сөздерге кім? не? кімдер? нелер? қандай?
қай? не істеді? не қылды? қайтті? қанша?неше? нешінші? т.б. грамматикалық сұрақтарды қоя алу.
Әліппеден кейінгі кезең (I жартыжылдықтың қорытынды 1-1 сағаты және II жартыжылдық)
Білімі:
қазақ алфавитіндегі әріптердің аталуын және олардың дыбысталуын білу;
-- дыбыс түрлерін; дауысты және дауыссыз дыбыстарды, жуан және жіңішке дауысты дыбыстарды білу;
-- жуан және жіңішке айтылатын сөздерді білу;
- жуан және жіңішке жұп дауыстыларды білу;
- сөздерді буынға дұрыс бөле білу және тасымалдай білу;
- заттың атын, қимылын, сынын, санын білдіретін сөздерді және оларға қойылатын сұрақтарды білу;
~ сөйлемді, сөйлемдегі сөздердің байланысын білу;
- кісі аттары мен үй жануарларына қойылған аттарды және жер-су аталуын бас әріппен жаза білу;
- сөйлемнің бірінші сөзін бас әріппен бастап, ондағы әрбір сөзді бөлек жаза білу; сөйлем соңына нүкте қоя білу;
-- қысқа өлеңдерді жатқа айта білу (мұғалімнің таңдауы бойынша).
Біліктілігі:
- байланысты мәтіндерді дұрыс, сапалы түсініп, мәнерлеп ,шапшаң оқи алу;
- сұрақтарға жауап бере алу; оқығанын мазмұндай алу;
- сөйлемдегі сөздерге грамматикалық сұрақтар қоя алу;
- жеке сөздерді, сөйлемдерді және шағын мәтіндерді жаза алу;
- мұғалімнің айтуымен жаза алу; сұрақтарға жазбаша жауап бере алу;
- диктант жаза алу;
- мазмұндама, шығарма жаза алу (II жартыжылдықта);
- тақырып бойынша берілген тапсырманы өз бетінше орындай алу.
8.2 "Сауат ашу" пәні бойынша оқушылардың міндетті (минимум) дайындық деңгейіне жетуін тексеру.
"Сауат ашу" пәнінен оқушылардың міндетті қойылатын талаптар, диктант, ауызша сұрау, тестілеу арқылы жүзеге асырылады.
Оқуға қойылатын талаптар
Дұрыс оқу: әріптерді тастамай түгел оқу; артық әріп қоспау, орындарын ауыстырмау, басқа әріппен алмастырмау.
Саналы оқу: оқыған мәтіннің мағынасын түсіну; сұрақтарға жауап бере білу, мәтінге ат қою.
Мәнерлеп оқу: сөзді дауыстап және анық оқу; мәтін түріне байланысты сөйлеу мәнерін сақтау; логикалық екпінді қоя білу; кідіріс жасау; дауыс ырғағын сақтап оқу.
Оқу қарқыны:
— I жартыжылдықта минутына 15-20 сөз және белгілер;
— II жартыжылдықта минутына 20-25 сөз және белгілер. Оқу қарқыны көрсеткіштерінің бірінші және соңғы сандары (минутына 15-20; 20-25 сөз және белгілер) оқу қарқынының шектерін шамамен көрсетеді, олар балдық бағаларды анықтауда бағдар бола алмайды.
I жартыжылдықтың соңында оқушылардың саналы оқу. дұрыс оқу, мәнерлеп оқу бойынша минутына 15 сөзді және белгілерді оқуы стандарт талаптарының орындалуы деп есептеліп, ең жоғары балмен бағаланады.
1-сынып оқушыларының оқу қарқынын тексеру жекелей жүргізіледі немесе сыртқы адамдардың тарапынан психикалық кері әсердің болмауын ойластырып, сол сыныптың мұғалімі (сынып жетекшісі) күнделікті сабақ үрдісі барысында жүзеге асырады.
Оқу тәсілі: әліппе кезеңінде сөзді буындап үзбей оқу; әліппеден кейінгі кезеңде сөзді буындап үзбей оқу және тұтас сөзбен оқу.
Жазуға қойылатын талаптар
Әліппеге дейінгі кезең:
— жазу дәптерінің жолын сақтап әр түрлі сызықтар, өрнектер, таңбалар сыза білу;
— дәптер бетіндегі кеңістікті бағдарлай білу (жоғарыда,төменде, оң жақта, сол жақта, ортасында);
— әріп элеметтерін жаза білу.
Әліппе кезеңі:
— дауысты және дауыссыз дыбыс әріптерін (бас әріп және кіші әріп) жаза білу;
— әріп, буын, сөз, қысқа сөйлемдер жазу; сөз ішінде әріптерді бір-бірімен дұрыс қосып жазу;
— баспа түрдегі мәтіннен сөздерді, сөйлемдерді көшіріп жазу.
Әліппеден кейінгі кезең:
— мұғалімнің айтуымен және мәтіннен сөздерді сөйлемдерді көшіріп жазу:
— сұрақтарға жазбаша жауап беру:
— диктант жазу:
— мазмұндама, шығарма жазу (II жартыжылдықта). Әліппеге дейінгі кезеңде жүргізілетін негізгі тексеру жұмыстары.
Ауызша сұрау
Сұрақтарға жауап беру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет