3 модуль Жазу және тіл дамыту
№8 -дәріс тақырыбы: Оқу мен жазу дағдыларын қалыптастыру процесінің кезеңдері және жазуға қойылатын талаптар.2сағат)
Дәрістің жоспары:
Жазуға үйретудің маңызы.
Жазу жұмыстарына қойылатын талаптар.
Жазуға үйрену үшін қажетті жағдайлар.
Дәрістің қысқаша мазмұны: Ғалым ұстаз А.Байтұрсынов оқу мен жазуды сөз ете отырып: «Біздің заманымыз – жазу заманы. Жазумен сөйлеу ауызбен сөйлеуден артық дәрежеге жеткен заман. Алыстан ауызбен сөйлесуге болмайды, жазумен дүниенің бір шетіндегі адам екінші шетіндегі адаммен сөйлеседі. Сондықтан, сөйлей білу қандай қажет болса, жаза білудің керектігі одан да артық. Сөйлегенде сөздің жүйесін, қисынын келтіріп сөйлеу қандай керек болса, жазғанда да, сөздің кестесін солай келтіріп жаза білу қажет», - дей отырып, жазбаша жазудың маңыздылығын ерекше атап көрсеткен.
С.Рахметова: «Жазбаша жазуға үйрену үшін анология, салыстыру, талдау, жинақтау, жалпылау, нақтылау сияқты ой операцияларының іске асуы ең маңызды шарт болып табылады» - дейді. Ендеше, жазбаша жазу жұмыстарды жүйелі түрде орындату – оқушылардың сауаттылығын арттырып, ой шапшаңдығын, сөз байлығын дамытып, өз ойын жүйелі түрде жеткізіп, қағаз бетіне сауатты жаза білуге дағдыландырады.
Оқушыны белсенділікке, тапқырлыққа, ізденімпаздылыққа үйретеді.
Рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлғадағы ең басты қасиеттердің бірі – тіл байлығы дер едік. Мектептегі жазбаша жұмыстардың ең тиімді жолдары пәнаралық байланысқа иек арту болып табылады.
«Жазба сөз – бірөңкей әскер легі емес, қой-сиыры аралас шұбалған көш те емес, теңіз толқыны да емес, өмірге түгел ортақ ой-сезімді дәлірек те, толығырақ та бере алатын тіл байлығы. Бұл байлықты қалай болса солай пайдалану болашақ үшін қиянат» деген екен қазақтың белгілі жазушысы Ғ.Мүсірепов.
Достарыңызбен бөлісу: |