5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»



бет10/12
Дата19.12.2016
өлшемі0,92 Mb.
#4217
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Дәрістің жоспары:

  1. Сауат ашу процесіне қойылатын педагогикалық талаптар.

  2. Сауат ашу кезеңдері.

  3. Оқушыларды жаңа дыбыспен, әріппен таныстыру тәсілдері.

Дәрістің қысқаша мазмұны: Оқу сабақтарында, экскурсияларда табиғат құбылыстарын бақылап үйренеді(маусымдық өзгерістерді). Жылдың әр маусымындағы өзгерістерді салыстырады, жалпылайды және көктемнің, жаздың, күздің, қыстың белгідері жөнінде қорытынды шығарадьг Маусымдық өэгерістердін себептерін түсіндіреді (күннің сәулесі мен

жылуына байланысты). Табиғат календарын жасайды. Жыл маусымдарына қарай, адамдардың бау-бакшадагы, егістіктегі, мал шаруасындагы қызметіндегі өзгерістерін байқайды.

2. Адамдардың тұрмысы мен қызметінде білімиің ролІ туралы қарапайьш елес қалыптасады. Оку әреке-тінің негізгі ережелеріыен танысады, танымдык ойындар ойнайды, жұмбақтар шешеді, тату болу, сәтсіздіктерге күлмеу, оқудағы өздерінін жәнс жолдастарыныц табыстарына қуану т. б. с. с, үйренеді.

3. Оқушы режимінің негізгі бөлімдерімсн танысады. Оқулықтарды, оқу жабдықтарын ұқыпгы ұстауға дағдыланады, ертеңгіліктерге қатысады (Кітап мерекесі», «Әліппемен кездесу», «Әліппемен қоштасу» т. б.).

4. Қоғам өмірімен танысады. Отаны туралы, туған жері, елі, халқы туралы, оның басынаи өткен уақиғалар мен бүгінгі жайы және болашағы, салт, дәстүрі туралы, түрлі мейрамдар және оларды неге мейрамдайтынымызды т. б. біледі.

5. Адамдарлын еңбектеріи бағалауға үйренеді, мектеп мүлкін сақтау, киімдерін күту, нан, басқа да тағамдарды төгіп-шашпау, ағаштардың бұтақтарын сындырмау, жер бетінде шыққан көгалды таптамау т. б. с, с. бі леді және сондай әрекеттерге дағдыланады.

6. Мектептегі және қоғамдық орындардағы мінез-құлык, нормаларымен танысады. Жақсы деген немене, жаман деген немене екенін айырады. Кішіпейілділік, мейірімділік, адалдық, карапайымдылық т. б. с. с. қа-сиеттерінің не екенін, олардың мәнін түсінеді.

7. Көшеде жүру тәртібімен, жол ережесімен танысады,

8. Санитарлық-гнгиеналық ережелерді орындауға үйренеді.

Бұл жұмыстар сабақ үстінде де, сабақтан тыс уакытта да жүргізіледі.



Дәрісті қорытындылау: Сауат ашу кезеңінде жүргізілетін оқу-тәрбие жұмысының нәтижесінде кішіпейілділік, мейірімділік, адалдық, қарапайымдылық т. б. с. с. қасиеттерінің не екенін, олардың мәнін түсінеді.

Бақылау сұрақтары:

  1. Сауат ашу процесіне қойылатын қандай педагогикалық талаптар бар?

  2. Сауат ашу кезеңі нешеге бөлінеді?

  3. Оқушыларды жаңа дыбыспен, әріппен таныстыру тәсілдерін сипатта


Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Г.Ж.Тұрдалиева. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесі. Астана: Фолиант, 2007.

2.Қ. Шаяхметұлы. Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қазақ тілінде оқыту мен тәрбиелеудің мәселелері-Колледждерде оқытылатын мемлекеттік тіл: тарих, бүгіні мен болашағы. Семей-2006. 19- бет

3. С. Қазыбайұлы. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту- Алматы 1997

4.Ғ. Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы-1992

5. З.Бейсембаева. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы,2002


15 -дәріс тақырыбы:

Сауат ашу кезеңіне арналған оқу материалдарының құрылысы мен мазмұны. (2сағат)


Дәрістің жоспары:

  1. Әліппенің құрылысы мен мазмұны.

  2. Даярлық кезеңіндегі оқу материалдарының жоспарлану үлгісі.

  3. Сауат ашу кезеңіне арналған оқу материалдарының құрлысы мен мазмұны.

Дәрістің қысқаша мазмұны: Сауат ашу пәнін оқытудың негізгі мақсаты - баланы қысқа мерзім ішінде сауаттандыра отырып, хат таныту, яғни оқу мен жазуды үйрету, тілін, ой-өрісін дамыту.

«Әліппе» оқулығын әзірлеуде психология, педагогика, лингвистика ғылымдарынын жетістіктері ескерілген. Оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдері мен оқыту технологияларының элементтері пәнге сәйкес колданылған, атап айтқанда, дамыта оқыту технологиялары, ықпалдастырып (интеграция) окыту, деңгейлеп окыту (міндетті денгей және мүмкіндік деңгей).

Окулық мазмұны коммуникативтік іс-әрекетке, танымдылыкка, ана тіліне қызығушылыққа негізделген.

Оқулықтың құрылымы сауат ашудың дәстүрлі үш кезеңіне сәйкес құрылған: I) әліппеге дейінгі кезең; 2) әліппе кезеңі; 3) әліппеден кейінгі кезең

Әрбір кезеңнің өзіндік оқыту мақсаты бар: әліппеге дейінгі кезеңнің мақсаты - балаларды сауат ашуға дайындау, яғни сөздін қорын байыту, ауызша байланыстырып сөйлеу тіліне үйрету, жазу дағдыларына даярлау; әліппе кезеңінің мақсаты — тіліміздегі дыбыстар мен олардың әріптерін меңгерту, менгерген әріптерді пайдалана отырып. буын, сөз, сөз тіркесі, сөйлем, шағын мәтін оқытып үйрету; әліппеден кейінгі кезеннің мақсаты - әр түрлі мәтіндерді еркін буындап және тұстас сөзбен оқуға үйрету, оқу дағдыларын калыптастыру.

Осы мақсаттарды жүзеге асыруға сәйкес шсу материалдары осы үш кезеңнің өзіндік ерекшеліктеріне қарай ұсынылған.

Әліппенің алғашқы беті Елбасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың балаларға арнау сөзімен ашылады. Сонымен катар, Ақорда мек бәйтеректің суреттері берілген. Бұлар Балаларды отансүйгіштік, Республикамызды кұрметтеу, қастерлеу, мақтан тұту сезімдеріне баулиды.

Мектепке келу, оқушы атану - бала өміріндегі үлкен жетістік, Бала үшін де, ата-анасы үшін де зор қуаныш. Дегенмен, бала үшін жаңа ортага бейімделу, жаңаща тәртіпке бағыну, окушылық міндеттерді атқару, жауапкершіліктің жүктелуі, оқу әрекетімен шұғылдану, карым-қатынас жасайтын адамдардың өзгеруі сияқты бірқатар өзгерістерді бастан кешіруге тура келеді. Бала мектепке әр түрлі ортадан (отбасынан, балабақшадан) келеді, яғни тәрбиесі де әркалай болады. Сол себепті балалардын өзін-өзі ұстай білуі, айнала қоршаған орта туралы түсінігі, адамдармен карым-қатынас жасауы әркилы денгейде болып келеді. Ал мұның өзі мұғалімге үлкен жкауапкершілік жүктейді.

Сондыктан да әліпппеге дейінгі кезеңде ұсынылатын оқу материалдары бала өмірімен байланыстырыла беріледі. Басты тақырыптар ретінде мектеп, сынып іші, мектептегі коғамдық мүліктер, оку-техникалык кұрал-жабдыктар, денсаулық сақтау, спорт алаңы, дұрыс тамактану, асхана, күн тәртібі, көшеде жүру ережесі, бағдаршам кызметі, көлік түрлері, кітапхана, жан-жануарлар, аңдар, кұстар. жеміс-жидектер, көкөністер, отбасы мүшелері туралы бейнелі, сюжетті суреттер такырыптық жүйе арқылы ұсынылған. Осы тақырыптар негізінде баланың тілін, ойын дамытуға, сөздік корын байытуға, ауызша дұрыс байланыстырып сөйлеуге үйрету максаты көзделеді. Оқушыларға «сөйлем», «сөз», «буын», «дыбыс» туралы алғашқы ұғымдар практикалык жолмен нақты мысалдар арқылы беріледі. Аталған тілдік ұғымдардың әрқайсысына тән сызбасы таныстырылып, олармен жұмыс жүргізуге үйретіледі.

Сауат ашудын әліппе кезеңі - аса күрделі де жауапты. Бұл кезеңде окушылар ана тіліндегі барлық дыбыстар және олардың әріптерімен танысып, оқуға, жазуға үйренеді.

Окулықтағы әліппе кезеңіндегі дыбыстар мен олардың әріптерінің тізбесі мынадай:

1) а, т, п. н, ғ, р, л, у;

2) ш, й, о, қ, д, м, б, с, ы, ж, ү, н;

3) е, к, і, ө, и, э, е, ү, г;

4) ю, х, һ, в, ф, ё, з, щ, д, ч, ъ, ь.

Әліппе оқулығында тіліміздегі дыбыстар мен олардың әріптерінің, тізбесін осылайша ұсынудың өзіндік себебі бар. Өйткені мұндағы көзделетін мақсат балаға әрбір дыбысты таныстырып, оның әрпін үйретіп қана қоймастан, осы танысқан әрпін қатыстырып, неғұрлым көбірек буын, сөз, сөз тіркесі, сөйлем, тіпті шағын мәтін окытып үйрету. Сондықтан да баланың алғашқы тілдік сауатын ашу үшін әліппе әзірлеудің сыры мен құпиясы осында жатыр.



  1. Дәрісті қорытындылау: Әліппенің құрылысы мен мазмұнын, даярлық кезеңіндегі оқу материалдарының жоспарлану үлгісін, сауат ашу кезеңіне арналған оқу материалдарының құрлысы мен мазмұнын талдау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет