5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»



бет1/12
Дата19.12.2016
өлшемі0,92 Mb.
#4217
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

УМКД 042-16.1.32/03-2013.


______2013 жылғы

№ 3 басылым



беттің беті







ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3-деңгейлі СМЖ

құжаты

УМКД


УМКД 042-16.1.32/03-2013




УМКД

«Cауат ашу әдістемесі» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар



______2013 жылғы

№ 3 басылым



5 В 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»

«Cауат ашу әдістемесі»

ПӘНІНІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

СЕМЕЙ


2013

Мазмұны
1 Глоссарий

2 Дәрістер

3 Практикалық сабақтар

4 Студенттердің өздік жұмысы



1 ГЛОССАРИЙ
1.1 Әдіс – құбылыстарды танып білудің, зерттеудің әдіс-тәсілдері мен амалдар жиынтығы, таным мен істе белгілі нәтижелерге жетудің тәсілдері.
1.2Әрекет – іс-қимыл, құрал. Оқу әрекеті арқылы баланың ойы абстрактіден нақтыға қарай өрлейді, теориялық сана, теориялық ойлау қалыптасады.
1.3 Бейін алды даярлық – білім алушылардың жеке білім беру траекториясының негізгі орта білім беруді таңдауын мақсатты педагогикалық қолдау.
1.4 Бейінді оқыту - білім алушылардың мүдделерін, бейімділігі мен қабілеттерін ескере отырып, оқытуды саралау мен даралау процесі, білім беру процесін ұйымдастыру.
1.5 Білімдену – оқу барысында шәкірт игерген білім, ептілік, дағды және ойлау тәсілдері жүйесі.
1.6 Білім алушыларды аралық аттестаттау – білім алушылардың бір оқу пәнін оны зерделеп бітіргеннен кейінгі бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім.
1.7Білім алушыларды қорытынды аттестаттау – тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін олардың меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім.
1.8 Даму – адам ағзасында жүріп отырған
Дедукция – ойлаудың бүтіннен бөлшекке, жалпыдан жалқыға көшу жолы.
Дидактика – педагогикалық ғылымның оқыту әдістерін баяндайтын бөлімі.
Дүниетану – дүниенің даму заңдылығын білу қабілеті, жалпы ой-өріс.
Индукция жалқыдан жалпыға, белгіліден белгісізге қарай ой қорыту тәсілі.
Индивид жеке адам, тек өкілі.
Инновация /латын/ – білім беру, тәрбиелеу жұмысына жаңалықты енгізу, яғни жаңа әдіс – тәсілдерді, амалдарды, құралдарды, жаңа концепцияларды жасау және оларды қолдану.
Интерактивтік – интеракция деген ұғымнан шығады. Ал интеракция жеке индивидтердің, топтың, жұптың өзара біріккен әрекетке бір-біріне алма-кезек өтуі.
Институционалдық аккредиттеу – білім беру ұйымының білім беру
Кешенді тестілеу – ақпараттық технологиялар қолданылып, бірнеше оқу пәндері бойынша бір мезгілде өткізілетін емтихан нысаны.
Кредиттік оқыту технологиясы – білім алушылардың және оқытушының оқу жұмысының көлемін өлшеудің сәйкестендірілген бірлігі ретінде кредитті пайдалана отырып, білім алушылардың пәндерді оқып зерделеу дәйектілігін таңдауы және дербес жоспарлауы негізіндегі оқыту.
Концепция /тұжырымдама/– қайсыбір құбылысты түсінудің, түсіндірудің тәсілі, оның мәнін ашу үшін қолданылатын басты идеялар, жетекші ойлар.
Қашықтықтан білім беру технологиясы білім алушылардың және педагог қызметкердің жанама /алыстан/ немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту.
Қалыптасу – барша жағдаят (экологиялық, әлеуметтік, экономикалық, психологиялық және т.б.) ықпалдары негізінде адамның әлеуметтік өмір өкілі ретінде бой тіктеуі. Тәрбие – тұлға қалыптастырушы жағдаяттар арасында аса маңыздысы.
Метод – бір нәрсені теориялық зерттеудің немесе соны практика жүзінде іске асырудың жолы. Метод грек. «зерттеу жолы» деген мағынаны береді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет