Бақылау сұрақтары:
1.Метафора адам ойлауы мен тілінде қандай қызмет атқарады?
2.Концептуалды метафораның зерттеу нысаны, мақсаты не?
3.Поэтикалық мәтіндегі концептуалдық метафора қалай қызмет атқарады?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Маслова. В.А. Когнитивная лингвистика. – Минск., 2004.
2.Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы.А.,2007.
3.Сыбанбаева А. Концептуалды метафора. А., 2000.
№23 дәріс тақырыбы: Тілдік тұлғаның когнитивтік дәрежесі.
1.Тілдік тұлға мәселесінің зерттелуі жайлы түсінік.
2.Тілдік тұлға және оның құрылымдары.
Бүгінгі таңда тіл біліміндегі көркем шығарма тілін прагматикалық, когнитивтік, психолингвистикалық парадигмада қарастыруда біршама нәтижеге қол жетті десе болады. Когнитивтік лингвистикада алғаш рет қарастырыла бастаған «Тілдік тұлға» мәселесі қазақ тіл білімінде де кеңінен зерттеліп, сөз бола бастады.
Қазіргі таңда көркем әдебиет тілін таным тұрғысынан қарастыру, қаламгерлердің сөз қолдану ерекшелігі мен автор бейнесі ретінде ғаламның тілдік бейнесін жасаушы жазушының тілдік тұлғасын талдау бүгінгі күні өзекті мәселе болып отыр. Қазақ тіл білімінде соңғы уақытта жүргізілген зерттеулердің ішінде Ш.Ниятова Махамбеттің тілдік тұлғасын, Ш.Елемесова байырғы ұлттық танымның көркем прозадағы тілдік бейнеленуін, Ж.Саткенова көркем шығармадағы кейіпкер тілінің когнитивтік мәнін, тілдік тұлғасын тереңінен зерттеп, Ф.Қожахметованың Т.Ізтілеуовтың О.Сүлейменовтың тілдік тұлғасын жан-жақты қарастырған еңбектері бар.
Дәрісті қорытындылау:
1. Қазақ тіл біліміндегі тілдік тұлға мәселесін зерттегендер қатарында Ф.Қожахметова, А.Әмірбекова, Ш.Ниятова т.б. атап өтуге болады.
2. Тілдік тұлға дегеніміздің өзі ұлттық тіл ортасында, ұлттық құндылықтар арасында тәрбиеленген, ұлттық рух пен ұлттық тілді толық меңгерген жеке адам, бүкіл ұлттық болмысты бойына жинақтаған индивид.
Бақылау сұрақтары:
1. Қазақ тіл білімінде тілдік тұлға мәселесін зерттеген кімдер?
2. Тілдік тұлға дегеніміз не?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Маслова. В.А. Когнитивная лингвистика. – Минск., 2004.
2.Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы.А.,2007.
3.Жиренов С.Ж. Когнитивтік лингвистика. А., 2010.
№24 дәріс тақырыбы: Тілдік тұлғаның құрылымы.
1. Тілдік тұлға құрылымы – кешенді құбылыс.
2. Тілдік тұлғаның вербалды-семантикалық деңгейі.
Шын мәніндегі тілдік тұлға құрылымы – кешенді құбылыс.
Тілдік тұлғаның өзінің болмысына сәйкес қалыптастырған, енгізген түрі, сөз саптауы, көзқарасы эталондық сипат дәрежесіне көшеді де, оның тілін зерттеудің арқауы бола бастайды. Ю.Н.Караулов тілдік тұлғаны үш құрылымдық деңгейден тұрады деп санайтыны белгілі:
1.Вербалды-семантикалық деңгей;
2.Когнитивтік деңгей;
3.Прагматикалық (мотивациялық) деңгей;
Вербалды-семантикалық деңгейде тілдік тұлғаның күнделікті дәстүрлі тілді меңгеру деңгейі анықталады. Бұл деңгейге автордың өзіндік сөз қолданысы, әртүрлі образдар көрінісінің қолданылу дәрежесі, тілдік тәсілдердің сонылығы, түр жаңалығы, семалар ерекшеліктері енеді. Бұл тілдік тұлғаның бастапқы таным көрінісін ашатын деңгей болғандықтан, ол кейде нөлдік деңгей деп те аталып, тілдік тұлғаның тілді қолдану ерекшелігі басым түрде әңгіме болады.
«Тілдік тұлға» мәселесінде басты ерекшелік тұлғаның (личность) жай саналы адам (гомо сапиенс) аумағынан кең көлемге өзінің тілдік ерекшелігі арқылы шығып кетуінде жатыр.
Дәрісті қорытындылау:
1.В.А.Маслованың көрсетуінше, тілдік тұлға мынадай компоненттер енеді: 1)Құндылық, дүниетанымдық, тәрбие мазмұны компоненті ;
2) Мәдениеттану компоненті, яғни тілге деген қызығушылықтың тиімді құралы ретінде мәдениетті игеру деңгейі;
Бақылау сұрақтары:
1. Тілдік тұлға мәселесінің зерттелуі жайлы не білесің ?
2. Тілдік тұлға дегеніміз не ?
3. Ю.Н.Караулов ұсынған тілдік тұлғаны танудың үш деңгейлік үлгісіне не жатады?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Оразалиева Э.Когнитивтік лингвистика:қалыптасуы мен дамуы,-А,2007.
2.Ақбердиева Б.Когнитивтік лингвистика,-А,2009.
3.Елемесова Ш. Көркем мәтіндегі ұлттық мәдениеттің тілдік релеванттары. Дисс.. фил.ғыл.кан. Алматы, 2003 .
№25 дәріс тақырыбы: Концептуалдық талдаудың рөлі.
1.Концептуалдық талдау жүргізудің өзіндік ерекшелігі.
2.Концептуалдық талдау мақсаты.
Қаламгердің тілдік тұлғасындағы таным ерекшелігін, семантикалық өрісін ұлттық санадағы шынайы, ақиқат дүниенің құндылықтарын таңбалайтын кейбір концептілерге талдау жасау арқылы когнитивтік лингвистика шеңберінде зерттей отырып, Адам мәніне бойлай аламыз.
Осы бағыттағы концепт мәні қазақ тіл білімінде Г.Смағұлова, Қ.Жаманбаева, А.Ислам, Э.Оразалиева, Г.Снасапова, М.Күштаева, С.Жапақов, Б.Ақбердиева, Б.Тілеубердиев, Ш.Ниятова, Ш.Елемесова, Ф.Қожахметова т.б. зерттеушілер еңбектерінде әр қырынан зерттеліп келеді.
Концептілік талдау арқылы нақты бір социумның лингвомәдениеттанымдық жүйесінде жинақталған дүниенің ұлттық сипат, ұлттық ерекшелік иеленген бейнесімен «жүздесуге» мүмкіндік аламыз.
Дәрісті қорытындылау:
1.Концептілік талдау арқылы нақты бір социумның лингвомәдениеттанымдық жүйесінде жинақталған дүниенің ұлттық сипат, ұлттық ерекшелік иеленген бейнесімен «жүздесуге» мүмкіндік аламыз.
2. Көркем мәтіндегі концептіні айқындау үшін концептуалдық талдау жүргізу керек.
Бақылау сұрақтары:
1.Концептуалдық талдау жүргізудің өзіндік ерекшелігі неде?
2.Концептуалдық талдаудың мақсатына не жатады?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Манкеева Ж. Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері. Тілтаным.
2.Маслова. В.А.Когнитивная лингвистика., – Минск., 2004.
3.Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы; А.,2007.
4.Хұсайынов Б.Концептуалды талдаудың рөлі// Тілтаным.№1.
№26 дәріс тақырыбы: Концептуалдық талдаудың өзіндік ерекшелігі.
1. Концептуалдық талдау мақсаты.
2. Пропозиция –ұғымды түсінудің ерекше құрылымы.
Концептуалдық талдау мақсаты – концептінің ақпараттық, мәдени, бейнелі маңыздылығын айқындау және оның концептосферасындағы (концептілік орта) бейнеленуін, яғни концептінің ментальді өрісін құрайтын компоненттердің суреттелуін анықтау.
Ғалым Б.Е.Хұсайынов: «Концептуалдық талдау барысында нені ескеру қажет? Алдымен концептінің көп компонентті екенін және білім өрісін, түсінік,ұғым, ассоциациясын, олардың ядролары мен периферияларын ескеру қажет. Мәтіннің концептуалдық кеңістігі концептінің ортақ қасиеттерінің топтасуы, бірігуі, бір-біріне тартылуы дәрежесінде ортақ семантикалық өріс құруынан көрінеді »,-дейді.
Р.М.Фрумкина концептуалды талдаудың 4 түрлі типін көрсетеді. Концепт талдау субьектісі ретінде түсіндіріледі: 1. Талдауға алынған материалға әр түрлі шығармадан контекст алынады. Мағынаны түсіндіруде автордың жеке тәжірибесі сол мәдениетті тасымалдаушы, философиялық дәстүрді тасымалдаушы ретінде таратылады. 2. Нысана ретінде пропозицияның модальды шылау, кванторлар предикатты лексиканың кейбір типтері алынады. Лингвистика дәстүріне сай тәсілдер қолданылады, мағына интерпретациясы негізгі назарға алынады. 3. Кез-келген кең контекссіз лексика алынады. Зерттеудің интроспекция тәсілі талдауға қолданылады, формаландырылған семантикалық метатілдегі концептерді түсіндіру жазбасы нәтиже болады. 4. Бағыты жөнінен айырмашылығы бар және мәдени, философиялық, не әлеуметтік жоспардағы жұмысты біріктіреді [13.35].
Дәрісті қорытындылау:
1.Концептуалдық талдау мақсаты – концептінің ақпараттық, мәдени, бейнелі маңыздылығын айқындау және оның концептосферасындағы бейнеленуін, яғни концептінің ментальді өрісін құрайтын компоненттердің суреттелуін анықтау.
2. Пропозиция –ұғымды түсінудің ерекше құрылымы.
Бақылау сұрақтары:
1.Концептуалдық талдау жүргізудің өзіндік ерекшелігі неде?
2.Концептуалдық талдаудың мақсатына не жатады?
3. Р.М.Фрумкина концептуалды талдаудың 4 түрлі типін көрсетеді. Концепт талдау субьектісі ретінде түсіндіріледі.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Маслова. В.А.Когнитивная лингвистика., – Минск., 2004.
2.Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы; А.,2007.
3.Хұсайынов Б.Концептуалды талдаудың рөлі// Тілтаным.№1.
№27 дәріс тақырыбы: Тілдің танымдық құрылымының мифтік негіздері.
1.Тіл мен мифтің сабақтастығы.
2.Тіл бірліктеріндегі «ғаламның мифтік бейнесі».
Мифология, миф – ойдан шығарылған қиял емес, ол – өткен заманның адамының шындығын бойына сақтап қалған ата-баба сарқыты. Ол өткенді саналы бұрмалаудың, жалғандықтың есерткіші емес, бірнеше мәрте бүктетіліп, оралып, ақиқаты мен қасиеті қатар өрілген, еріксіз шатасудың тозаңының арасында байқалмай қалған ақиқаттың өрім қамшысы .
Тіл мен мифологияны сабақтастықта қарауға ерекше көңіл бөлген,өзіндік із қалдырған орыстың көрнекті ғалымы - А.А.Потебня.
«Ғаламның мифтік моделі» мифологиялық ілімдер жүйесінің көрсеткіші болғандықтан, ол белгілі бір когнитивтік аспектіге ие. Дүниенің осы күнгі көрінісі – жер беті, аспан шырақтары, аңдар мен құстардың, өсімдіктердің түрлері, адамдардың өмір салты, әлеуметтік топтар, діни қағидалар, яғни өмірдегі барлық нәрсенің қазіргі күй-жайы – мифтік таным бойынша о баста болған оқиғалардың нәтижесі.
Қазақ ұлтының мәдени өмірінің көрінісі – фразеологиялық қордан ерекше байқалады. Өйткені қазақ фразеологизмдері – халық өмірінің айнасы. Бұл айнада ұлт менталитеті тұтастай қамтылады.
Дәрісті қорытындылау:
1. Тіл мен мифологияны сабақтастықта қарауға ерекше көңіл бөлген,өзіндік із қалдырған орыстың көрнекті ғалымы - А.А.Потебня.
2. «Ғаламның мифтік моделі» мифологиялық ілімдер жүйесінің көрсеткіші болғандықтан, ол белгілі бір когнитивтік аспектіге ие.
Бақылау сұрақтары:
1.Тіл мен мифтің сабақтастығы неден көрінеді?
2. Қазақ тіліндегі мифтік-танымдық жүйе туралы не білесіз?
3.Тіл бірліктеріндегі «ғаламның мифтік бейнесі» қалай көрініс тапқан?
Ұсынылатын әдебиеттер:
Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. А., 1999
Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. А., 1992
3. Ақбердиева Б. Когнитивтік лингвистикаА.,2009ж.
№28 дәріс тақырыбы: Этнографиялық фразеологизмдердің когнитивтік аспектісі.
1. Фразеологизмдердің этномәдени негізі.
2. Этнофразеологизмдердің пайда болу мотивтеріндегі ұлттық
мәдени ерекшеліктер.
Халықтың дүниені танып білуі, өзі өмір сүріп отырғын ақиқат дүниеге деген көзқарасы күнделікті тұрмыс-тіршілігіндегі, шаруашылығы мен кәсіби қызметіндегі тәжірибеге негізделген. Бұрынғы тұрмыстағы адам ақыл-ойы мен еңбегінің арқасында жасалған сан алуан заттар, бұйымдар, құбылыстар халқымыздың этнографиялық мұрасы болып табылады. Олай болса этнографизмдер дегеніміз – этнографиялық заттар мен құбылыстардың атауы. Басқаша айтқанда, «этнографизмдер дегеніміз – өткен тұрмысымызда болған, көбі әлі де қолданылып келе жатқан тұрмыстық бұйымдардың, белгілі бір кәсіпке, шаруашылыққа, салт-дәстүрге, әдет-ғұрыпқа, наным-сенімге, баспанаға, киім-кешекке, ішер асқа, туыстық қатынасқа, ел билеу ерекшелігіне, заң тәртібіне, әдеттік правоға байланысты қолданылатын, халқымыздың тұрмыстық және тілдік өзіндік ерекшелігін көрсететін арнаулы атаулар мен сөз тіркестері» . Этнографизмдерді зерттейтін сала тіл білімінде этнолингвистика деп аталады. Қазақ фразеологизмдері мәдени деректерінің тағы бір үлкен саласы – ұлттың адамзат тарихында жасаған интеллектуалдық рухани мұрасы.Бұл төл мәдениеттің өсуі мен гүлденуі,өркениет заманындағы ұлт тарихының бүкіл мәдениетін көрсететін философиялық көзқарасы,тарихы, әдебиеті, тілі.
Дәрісті қорытындылау:
1.Әр фразеологизмде мәдени ақпар беретін дағдылы қалыптасқан дүниетаным, ұлт ерекшелігі аңғарылады.
2. Тілімізде сақталып қалған көптеген халықтық атаулар мен көнерген сөздердің астарында этнографиялық мән, этнофразеологизмдер жататындығын Р. Сыздық, Н. Уәли, Г. Смағұлова сияқты ғалымдар зерттеулерінде тарихи, тілдік, мифтік, этнографиялық, танымдық мәліметтерге сүйене отырып, өз тұжырымдарын келтіреді.
Бақылау сұрақтары:
1. Этнографизмдер дегеніміз не?
2. Әр фразеологизмде мәдени ақпар беретін дағдылы қалыптасқан дүниетаным, ұлт ерекшелігі аңғарылады,- дегенді қалай түсінесің?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Уәлиұлы Н. Фразеология және тілдік норма.- Алматы: РБК, 1998.-126б.
2.Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. –Алматы: «Ана тілі», 1998.-304б.
3.Жанпейісов Е. Қазақ прозасының тілі. -Алматы, 1968 – 264 б.
4.Копыленко М.М. Основы этнолингвистики. –Алматы: Евразия, 1995. -178с.
№29 дәріс тақырыбы: Дискурс – когнитивтік танымының негізгі зерттеу нысаны
1. Т.А Ван Дейктің дискурсы және когнитивті талдау ерекшелігі
2. Дискурстық талдаудың пәнаралық бағыт ретіндегі қалыптасу тарихы.
Дискурс – (фр. discours – сөйлеу) ағыл. discoursе – дискурс термині XX ғ. 70-жылдарының басында кең қолданыла бастады. В.В.Виноградов пен Г.О.Винокуровтың айтуынша, дискурс алғашқыда “функционалдық стиль” терминіне жақын болды. Дискурс - “тілдегі тіл”, бірақ қоғамның ерекше түрі ретінде көрінген. Ю.С.Степановтың пікірі бойынша, дискурс бәрінен бұрын және ең бастысы мәтіндерде орын алады. Ол сөйлемдерде ерекше грамматика, ерекше лексикон, ал синтаксисте сөз қолданудың ерекше ережелері, семантикалық ерекшеліктері ретінде ұсынылады.
Дискурс – көп мағыналы термин, лингвистикалық, философиялық, психологиялық, тарихи зерттеулерде қолданылып келеді. Шетел тіл білімінде дискурс сөзі «ауызша сөз» мағынасында да қолданылған. Дискурс сөзінің алғашқы мағынасы «ақылды ойлану» деген сөздің мағынасында айтылған. Д. Ван Дейктің мектебінің ықпалы тікелей әсер етті.
Дәрісті қорытындылау:
1. Дискурс – (фр. discours – сөйлеу) ағыл. discoursе – дискурс термині XX ғ. 70- жылдарының басында кең қолданыла бастады.
2. В.В.Виноградов пен Г.О.Винокуровтың айтуынша, дискурс алғашқыда “функционалдық стиль” терминіне жақын болды.
3. Дискурс - “тілдегі тіл”, бірақ қоғамның ерекше түрі ретінде көрінген.
Бақылау сұрақтары:
1. Дискурс термині қай кезден бастап қолданыла бастады ?
2. Қазақ тіл білімінде дискурс теориясының жеке пән ретінде қалыптасып, ғылыми айналысқа түсуі қашаннан басталады?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Маслова. В.А. Когнитивная лингвистика. – Минск., 2004.
2.Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы.А.,2007.
3.Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана. – А.,1998.
№30 дәріс тақырыбы: Адам танымындағы аялық білімнің орны.
1. Когнитивтік тіл білімінің басты мақсаты.
2. Когнитивтік лингвистиканың өзекті мәселелері.
Когнитивтік тіл білімінің басты мақсаты ойда әмбебеп модель қалыптастыруға, тілдің құрылымында когнитивтік модель тудыруға негізделеді.
Сөйлеу әрекетіндегі когнитивтік модельдердің дамуы мен түрлерін зерттеген Г.Гиздатов өз еңбегінде американ тілші ғалымдары көрсеткен когнитивтік лингвистиканың өзекті мәселелері деп мыналарды атайды: 1. Білім жүйесі дегеніміз не? 2. Тілде, сөйлеушінің санасында нелер сақталады? 3. Білім жүйесі санада қалай сақталады? 4. Бұл білімді сөйлеу барысында қалай қолданады?
Шынында да, когнитивтік ғылымның басты мәселесі – адамның білімін жүйелеу. Сондықтан да, осы мәселені шешетін фактор ретінде ішкі құрылымдарды тереңінен басқаратын ойлау әрекеті негізгі қызмет атқарады.
Ғалым когнитивтік модельді бірнеше сатыларға жіктеп танытады: «Когнитивтік модель үш түрлі сатыдан тұрады: біріншісі – ойлау дәрежесі. Онда сана әрекетінің дәрежесі көрініс табады. Екіншісі – алдын-ала ойлау дәрежесі. Мұнда логикалық ойлаудың бастапқы үлгілерін білдіретін сана әрекетінің дәрежесі көрініс табады. Үшіншісі – ойлаудың төменгі дәрежесі. Онда сезім арқылы бейне қалыптастыру әрекетінің дәрежесі көрініс табады Сонда). Демек, когнитивтік лингвистика мен дәстүрлі құрылымдық-семантикалық тіл білімі ғылыми ойлардың баламалы ағымы емес, олар – өзара тілдік ақиқатты танудың екі түрлі бағыты.
Дәрісті қорытындылау:
1. Когнитивтік ғылымның басты мәселесі – адамның білімін жүйелеу.
2. Когнитивтік лингвистикада бұл қызмет «фрейм», «семантикалық өріс», «когнитивтік модель» сияқты құрылымдар көмегімен жүзеге асатыны анықталған.
Бақылау сұрақтары:
1 Адам танымындағы аялық білімнің орны қандай?
2. Когнитивтік модель неше сатыдан тұрады?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Гиздатов Г. Типология и динамика когнитивных моделей в речевой деятельности. Дисс. док. филол.наук. – Алматы, 1999.
2. Маслова. В.А. Когнитивная лингвистика. – Минск., 2004.
3.Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы.А.,2007.
3 Тәжірибелік сабақтар
№1 тақырыбы: Когнитивтік лингвистиканың зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері.
Мақсаты: Когнитивтік лингвистиканың зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері жайлы түсінік беру.
Әдістемелік нұсқаулар: XX ғасыр ғылымының тарихында аса маңызды да, қызықты да құбылыстардың бірі – когнитология немесе когнитивтік ғылым болып табылады. Бұл ғылым сананың барлық жақтарын зерттеуге арналған ғылым. Ол ХХ ғасырдың орта шенінен бастап бір емес бірнеше негізгі ғылымдардың арасында байланыс құра бастаған. Когнитивтік ғылымның негізгі пәні – адам санасы мен оның технологиялық ойлауы. Когнитивтік лингвистика – тілдің танымдық теориясы мен танымдық қызметін зерттеп, адамзат білімінің түзілуі мен оның қызмет болмысын қарастырады.Когнитивті лингвистиканың зерттеу нысанына сондай-ақ концептілер жатады. Олар концептілік жүйе құрап, өзіндік белгілермен ерекшеленетін концептуальды кеңістікті құрайды.
Бақылау сұрақтары:
1. Когнитивті лингвистиканың зерттеу нысанына, мақсаты мен міндеттеріне не жатады?
2. Когнитивтік лингвистиканың жеке ғылым саласы ретінде қалыптасуы мен дамуының өзіндік ерекшеліктерін неден көреміз?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Жаманбаева Қ.Ә.Тіл қолданысының когнитивтік негіздері.-А.,1998
2.Манкеева Ж. Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері.Тілтаным., 2004.№1
3.Маслова В.А. Когнитивная лингвистика.-М,. 2003.
№2 тақырыбы: Когнитивтік лингвистиканың зерттелу тарихы.
Мақсаты: Когнитивтік лингвистиканың зерттелу тарихына түсінік беру.
Әдістемелік нұсқаулар: Тіл біліміндегі жаңа ғылыми бағыттардың қайнар көзі, шығу арнасы Еуропада В.Гумьболдтың линго-философиялық тұжырымдамаларынан, ал Америкада Ф.Боас, Э.Сепир, Б.Л.Уорфтардың көзқарастарынан бастау алады.
Ресейлік филологиялық және тілтанымдық дәстүрді жалғастырушы Н.И.Толстой,Н.Топоров, В.В.Воробьев,А.Вежбицкая, Ю.С.Степанов, А.Д.Арутюнова, В.Маслова т.б ғалымдардың зерттеулерінде ақиқат шындық болмыс, халық тарихы, ел тарихы, дүниетаным, рухани және материалдық мәдениеттің құрамдас бөліктерін құраушы ұлттық құндылықтар жүйесі тіл құрылымының танымдық астарымен,таңбалық сипатымен,тілдік бірліктердің ұлттық-мәдени семантикасымен тығыз байланыста сарапталады.
Бақылау сұрақтары:
1. Когнитивтік лингвистикадағы адамның рөлі мен маңызы қандай?
2. Тіл біліміндегі антропоцеөзектік бағыт дегеніміз не?
3. Когнитивтік лингвистиканы зерттеген ғалымдар кімдер?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Жаманбаева Қ.Ә.Тіл қолданысының когнитивтік негіздері.-А.,1998
2.Манкеева Ж. Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері.Тілтаным., 2004.№1
3.Маслова В.А. Когнитивная лингвистика.-М,. 2003.
№3 тақырыбы: Когнитивтік лингвистиканың басқа ғылымдармен байланысы.
Мақсаты: Когнитивтік лингвистиканың басқа ғылымдармен байланысын түсіндіру.
Әдістемелік нұсқаулар: Антропоөзектік парадигма өз шеңберінде лингвомәдениеттану, когнитивтік лингвистика, лингвопсихология сияқты жаңа бағыттарға жол ашады. Антропоцентристік бағыттағы зерттеулер төмендегідей когнитивтік құрылымдарға ерекше мән беред і: қабылдау, ойлау, тіл, есте сақтау т.б.
Адамның тілге, тілдің адамға өзара ықпал етуінен туындаған осы салалардың әрқайсысының өзіндік зерттеу нысаны, тәсілдері, қолданылу аясы бар. Қазіргі тіл білімінде әлеуметтік лингвистика, психолингвистика, лингвомәдениеттану, этнолингвистика салалары тілді антропологиялық бағытта қарастыруда.
Соңғы онжылдық ішіндегі психолингвистикалық еңбектерді талдай келе, психолингвистиканың когнитивтік психология, когнитивтік лингвистика, жасанды интеллект, сонымен қатар, прагматика саласындағы зерттеулердің ортақ мәселені қарастыратынын байқауға болады.
Бақылау сұрақтары:
1.Тілдің универсалды табиғаты және когнитивтік лингвистиканың өзара байланысы жайлы не білеміз?
2. Психолингвистика мен когнитивтік лингвистиканың байланысы неден
көрінеді?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Оразалиева Э.Когнитивтік лингвистика:қалыптасуы мен дамуы,-А,2007.
2.Ақбердиева Б. Когнитивтік лингвистика,-А,2009.
№4 тақырыбы: Когнитивтік лингвистиканың басқа ғылымдармен байланысы.
Мақсаты: Когнитивтік лингвистиканың басқа ғылымдармен байланысын айту.
Әдістемелік нұсқаулар: Этнолингвистика – этнос болмысын оның тілі арқылы танып-білу мақсатынан туындаған тіл білімінің жаңа да дербес саласы.
Когнитивтік лингвистика адамның менталитетімен, білімімен байланысты болса, лингвистикалық мәдениеттану мәдениет пен тілдің арақатынасына көңіл бөледі. Лингвомәдениеттану тіл мен мәдениеттің өзара байланысын зерттейді. Когнитивтік лингвистика адамның менталитетімен, білімімен байланысты болса, лингвистикалық мәдениеттану мәдениет пен тілдің ара қатынасына көңіл бөледі.
Бақылау сұрақтары:
1. Этнолингвистика және танымдық тіл білімінің зерттейтін ортақ мәселелері қандай?.
2. Лингвомәдениеттанудың когнитивтік лингвистикамен өзара байланысы неде?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Оразалиева Э.Когнитивтік лингвистика:қалыптасуы мен дамуы,-А,2007.
2.Ақбердиева Б. Когнитивтік лингвистика,-А,2009.
3.Ислам А. Ұлттық мәдениет контексіндегі дүниенің тілдік суреті. (салыстырмалы-салғастырмалы лингво-мәдени сараптама): филол.ғыл.док. дисс. –Алматы, 2004.
№5 тақырыбы: Когнитивтік лингвистика және терминология.
Мақсаты: Когнитивтік лингвистика және терминология жайлы мағлұмат беру.
Әдістемелік нұсқаулар: Когнитивтік лингвистика терминдерді зерттеуде жаңа бағыттарға жол ашады. Ғылымның қай саласына назар аударсақ та, сол саланың қаншалықты деңгейге жетіп, қаншалықты дәрежеге көтерілгені терминологиялық жүйесінен көрініп тұрады.
Терминдердің концептуалдық құрылымын анықтауда ұғым мен мазмұн мәселесінің маңызы зор. Себебі терминнің концептуалды құрылымы дегеніміз – белгілі бір ұғымдық сала иелерінің коммуникативтік байланысын қамтамасыз ететін референциялардың инвариантты жүйесі, концептуалды құрылымды тіл жүйелері мен арнайы ұғымдар арасын байланыстыратын негізгі буын деп қарастыруға болады.
Бақылау сұрақтары:
1.Терминдерде әлем түсінігі жайлы арнайы білім, ұғымдар қалай қамтылған?
2. Когнитивтік лингвистиканың тірек терминдеріне қай терминдер жатады?
3. Терминнің концептуалды құрылымы дегеніміз не?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы.А., 2007.
2. Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана. – А.,1998 .
№6 тақырыбы: Когнитивизм және когнитология.
Мақсаты: Когнитивизм мен когнитологияны зерттелуі жайлы түсінік беру.
Әдістемелік нұсқаулар: Бүгінгі таңда тіл біліміндегі когнитивтік бағыт тілдік мәселелерге мүлде өзге қырынан келуді алға тартып отыр. Когнитивизм саласы ғылымның философия, логика, лингвистика, психология, мәдениеттану, интеллект сияқты бірнеше салалардың басын тоғыстыру арқылы тілдік мәселелерді шешуді ұсынады. Когнитивизм ғылымының құрамына енетін когнитивтік лингвистика адамның дүниетанымы туралы ғылым. Когнитивизм негізінен адамзаттық когнитацияны зерттейді.
Когнитивизмнің зерттеу нысаны- когнитивтік тіл білімі когнитивизм ғылымымен тікелей байланысты .Оның зерттейтін нысаны – адамзаттық когниция екендігі, ол – ақиқат дүние туралы санада қалыптасқан білімді ішкі рухани танымы мен моделі арқылы, заңдылығын, теориясын зерттейтін ғылым. Когнитивтік лингвистикада когниция ұғымына ерекше назар аударылады. Когниция – адам санасындағы білім арқылы көрініс табатын ақпараттар жүйесі.
Достарыңызбен бөлісу: |