5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған



бет2/4
Дата11.01.2017
өлшемі0,77 Mb.
#6999
1   2   3   4

Бақылау сұрақтары:

1.Когнитивизм нені зерттейді?

2. Когнитивизмнің зерттеу нысанына не жатады?

3. Когниция немесе когнитивтік әрекеттер дегеніміз не?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Маслова. В.А. Когнитивная лингвистика: учебное пособие.– Минск., 2004.

2.Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы; А.2007.

3.Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана. – Алматы: Ғылым, 1998ж.


№11 дәріс тақырыбы: Когнитологияның жеке тармақтары.

1. Когнитивтік психологияның зерттеу нысаны.

2. Когнитивтік әлеуметтанудың тілдік табиғаты.

3. Когнитивтік антропологияның қарастыратын мәселесі.

Когнитивтік психологияның нысанын білімнің құрылымы мен түсінік аппараты немесе адамның ойлау әрекеті құрайды. «Когнитивтік психология» деген терминді 1967 жылы У.Найсер ұсынды. Алғашқы кезең үшін структурализм мен бихевиоризм идеяларының әсері тән болса, екіншісі лингвистика мен психолингвистикадағы трансформациялық туындатушы грамматиканың басым болуымен байланысты. Психолингвистика дамуының ағымдық кезеңі когнитивтік әдістің психолингвистикалық білімдер, ділдік репрезентациялық табиғатын орнатумен байланысты зерттеуге әкеліп соғады.

Когнитивтік психология дегеніміз- адамдардың дүние, әлем, қоршаған орта жайлы ақпаратты қалай алатыны мен адам осы ақпаратты қалай ұғынады, ақпарттың есте сақталып білімге айналуы мен осы білімдердің біздің зейініміз бен жүріс-тұрысымызға тигізетін әсерін зерттейтін психологияның бір саласы.



Дәрісті қорытындылау:

1. Когнитивтік психологияның нысанын білімнің құрылымы мен түсінік аппараты немесе адамның ойлау әрекеті құрайды.

2 Когнитивтік әлеуметтану социолингвистика мен когнитивтік лингивистика ғылымдарының қалыптасып дамуына ықпал жасады.

Бақылау сұрақтары:

1. Когнитивтік психологияның нені зерттейді?

2. Когнитивтік әлеуметтанудың қарастыратын мәселесіне не жатады?

3. Когнитивтік антропология нені зерттейтін ғылым?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Маслова.В.А.Когнитивная лингвистика: учебное пособие.– Минск., 2004.

2. Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы; А., 2007.

3. Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана. – А., 1998.

3 модуль. Тіл білімінде танымдық бағыт.

№12 дәріс тақырыбы: Тіл мен таным бірлестігі.


1.Тіл – ойлау мен таным құралы.

2. Ой мен сана әрекеттері, олардың тіл арқылы көрінісі.

3. Ойлау мен таным үдерістерінің өзара байланысы.
Ғаламдағы заттар мен құбылыстарға атау берумен қатар, олардың ерекшелігін танып білуде таным үдерісінің екі жолы мен оның қызметін зерттеушілер былайша түсіндіреді.: «Таным үдерісінің негізгі екі жолы бар. Біріншісі – сезім түйсіктерінің қызметі арқылы тану болса, екіншісі – ойлау арқылы жүзеге асатын логикалық таным. Бұл жолдың екеуі де бір – бірімен тығыз байланысты және бірін – бірі толықтырып байытып отырады.

Тіл білімінде танымдық бағыттың бастау көзі ғалымдардың атасы саналатын Аристотель, Платон, Әл–Фараби еңбектеріндегі тіл философиясынан алады.



Адам қоршаған ортаны ой қабілеті арқылы танып біледі. Ал тіл ой қызметін бейнеге, модельге түсіреді. Ми қызметі арқылы адам дүниені таниды. Ал осы танымның нәтижелері тілдік таңбалар арқылы тілден көрініс табады.

Дәрісті қорытындылау:

1.Таным үдерісінің негізгі екі жолы бар. Біріншісі – сезім түйсіктерінің қызметі арқылы тану болса, екіншісі – ойлау арқылы жүзеге асатын логикалық таным.

2. Адам қоршаған ортаны ой қабілеті арқылы танып біледі. Ал тіл ой қызметін бейнеге, модельге түсіреді.

Бақылау сұрақтары:

1.Тіл білімінде танымдық бағыттың бастау көзі неден басталады?

2.Тіл – ойлау мен таным құралы, ойлау мен таным үдерістерінің өзара байланысы қалай көрінеді?

3. Ой мен сана әрекеттері, олардың тіл арқылы көрінісі жайлы не білесіз?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Маслова.В.А.Когнитивная лингвистика: учебное пособие.– Минск., 2004.

2. Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы; А., 2007.

3. Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана. – А., 1998.

№13 дәріс тақырыбы: Тіл мен сана.
1. Тіл мен сананың өзара байланысы.

2. Сананы қалыптастыратын факторлар.


Таным дегеніміз — нағыздықтың адам санасында мақсатты және белсенді түрде бейнелену үдерісі болып табылады. Таным кезінде болмыстың түрлі жақтары айқындалады. Заттардың сыртқы және ішкі мәні, қоршаған орта құбылыстары, сонымен қоса адамның санасында танымдық қызметтің субъектісі — адамның қызметі зерттеледі. Демек, адам өзін-өзі зерттейді. Осының бәрі адамның санасы барлығынан болып жатады. Өйтпесе онсыз таным үдерісі шынайы болмас еді. Сондықтан адамның санасы сияқты ғажап құбылыстың негізгі нысандарын зерттеп білу керек. Адамда оның денесі (физиологиялық организм) және жаны (рухани-психикалық) сияқты қарама-қарсы екі бастама бар. Адам жануарлар дүниесінен шыққандықтан, ол биологиялық заңдылықтарға бағынады. Сонымен қоса адам сөйлей алады. Оған күрделі ойлау және эмоциялық қызмет тән. Ол "сана" деп аталады.

Сана — қоғамдық құбылыс. Адамның санасы адамзат коғамының ұзаққа созылған дамуының нәтижесінде пайда болды.

Ойлау — адам санасының маңызды ерекшелігі. Ұжымдық еңбектің пайда болуы мен дамуы бір-бірінен ажырамайтын ойлау мен тілдің болуын қажет етті.

Дәрісті қорытындылау:

1. Таным дегеніміз — нағыздықтың адам санасында мақсатты және белсенді түрде бейнелену үдерісі болып табылады.

2. Сана — қоғамдық құбылыс.

Бақылау сұрақтары:

1. Таным дегеніміз не?

2. Тіл мен сананың өзара байланысы неден көрінеді?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Маслова.В.А.Когнитивная лингвистика: учебное пособие.– Минск., 2004.

2. Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы; А., 2007.

3. Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана. – А., 1998.

№14 дәріс тақырыбы: Тілдік таным және ғаламды зерделеу.
1.«Ғалам бейнесі», «ғаламның тілдік бейнесі», «ғалам моделі» ұғымдары туралы түсінік.

2. В.фон Гумбольдтың «тілдік әлемді қабылдау» тұжырымдамасының «аралық әлем және ғаламның тілдік бейнесі» деп қарастырылуы.


Ғаламның тілдік бейнесі дегеніміз – адамды қоршаған обьективті шындық. Ол танымға тәуелсіз өмір сүреді. Ал табиғи тіл біздің ғалам туралы біліміміз толық қамтып бейнеленген негізгі форма.

Көптеген ғылыми еңбектерде ғалам бейнесі ғаламның тілдік бейнесінің орнына қолданыла береді. Мәні бойынша бұл екі ұғым, екі нәрсе болғандықтан ажыратып қолдану қажет. «Ғаламның тілдік бейнесі» термині философия мен логикада Л.Витгенштейн енгізген. Қоршаған шындық болмыстың адам тілінде бейне құрап, адамның дүниені, әлемді көзі, тілі арқылы тани алатынын тұтас теория ретінде алғаш ұсынып, антропология, семиотика, лингвистикаға енгізген неміс ғалымы Л.Вайсгербер болатын. Ол мұны «ғаламның тілдік құрылуы» деп атады.

Когнитивтік ғылым мен жасанды интелектінің маңызды ұғымы «ғалам моделі» немесе «когнитивтік моделмен» тікелей байланысты. Ғалам моделі – концептуалды табиғатқа ие құрылым. Е.С.Кубякова, Б.А.Серебренников т.б. ғалымдар ғаламның концептуалдық бейнесін тілдік бейнеге қарағанда әлдеқайда бай деп есептейді.

Дәрісті қорытындылау:

1. Ғаламның тілдік бейнесі дегеніміз – адамды қоршаған обьективті шындық.

2.«Ғаламның тілдік бейнесі» термині философия мен логикада Л.Витгенштейн енгізген.

Бақылау сұрақтары:

1. Ғаламның тілдік бейнесі дегеніміз не?

2. «Ғаламның тілдік бейнесі» терминін философия мен логикада енгізген қай ғалым?

3. Ғаламның тілдік құрылуы дегеніміз не?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Маслова.В.А.Когнитивная лингвистика: учебное пособие.– Минск., 2004.

2. Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы; А., 2007.

3. Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана. – А., 1998.


№15дәріс тақырыбы: Тілдік таным және ғаламды зерделеу.
1.Когнитивтік лингвистика ғылымындағы «ғаламның тілдік бейнесі» теориясының зерттелуі.

2. Ғаламның тілдік бейнесі мәселесі.
Тіл мен танымның, тіл мен адамның,тіл мен ойдың,тіл мен сананың, тіл мен мәдениеттің, тіл мен қоғамның бірлестіктерін, олардың өзара бір-бірімен сабақтастығын зерттеу – қазақ тіл білімінде дамып келе жатқан тың лингвистиқалық ғылыми бағыттардың мәселесі.

Ғалам бейнесі адам санасында тұтас күйінде қайталанып өмір сүреді. Оны іс жүзіне асыратын, объективтендіретін форма – тіл. Сонда адам баласының тілі «адам-әлем» қатынасының нәтижесінде пайда болатын жалпы адамзат атаулыға ортақ әлемдік бейне «тіл - ойлау» бірлігінің көрінісі болып табылады.

Қазіргі таңда ғаламның тілдік бейнесі мәселесі Ю.Н.Караулов, А.А.Уфимцева, В.И.Поствалова, Е.С.Кубрякова, В.Н.Телия және басқалардың еңбектерінде қарастырылып жүр.

Дәрісті қорытындылау:

1. Тіл адамзат дүниетанымымен ойлауды, сананы қалыптастырып дамытуға қызмет ететін күрделі құбылыс.

2. «Ғалам бейнесі деген ұғым адамның қоршаған ғалам жайлы көзқарастарын зерттеуге құрылады.

Бақылау сұрақтары:

1. «Ғаламның тілдік бейнесі» дегеніміз не?

2. Қазіргі таңда ғаламның тілдік бейнесі мәселесін зерттегендер кімдер?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Маслова.В.А.Когнитивная лингвистика: учебное пособие.– Минск., 2004.

2. Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы; А., 2007.

3. Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана. – А., 1998.


4модуль. Когнитивтік лингвистиканың теориялық мәселелері.
№16 дәріс тақырыбы: Когнитивтік лингвистика және тіл білімінің салалары.
1. Когнитивтік лингвистиканың тіл білімінің салаларымен байланысы.

2. Лексикалық жүйе когнитивтік жүйенің құрамдас бөлігі.


Когнитивтік лингвистиканың негізі толық қаланып болмаса да, бүгінгі таңда бір жағынан онда көбінесе когнитивтік грамматика, когнитивтік лексикология айқындалса, екінші жағынан, семантика саласында когнитивтік фактілердің түрлі варианттары – прототиптік семантика, концептуальды семантика, фреймалық семантика, процедуралық семантика орын алады.

Когнитивтік лингвистика когнитивтік психологиямен, оның ішінде вербальды ес құбылысымен, ішкі лексиконмен, сонымен қатар тілді қабылдау мен түсінуді талдаумен байланысты. Білімнің әрбір жаңа парадигмасы жаңа мәселелерді ғылыми таным нысанына алудың өз үлгісін, өз моделін және оны шешу жолының да өзіндік әдістерін ұсынатыны белгілі.



Дәрісті қорытындылау:

1. Когнитивтік лингвистика бір жағынан когницияның лингвистикалық жағынан зерттелуімен байланысты болса, екінші жағынан когнитивтік жақтарды, яғни лексикалық, грамматикалық және басқа да құбылыстарды қарастырумен байланысты.

2. Когнитивтік лингвистиканың негізгі мәселесі – таным мен тіл мәселесі.

Бақылау сұрақтары:

1. Когнитивтік лингвистиканың тіл білімінің салаларымен байланысы қандай?

2.Когнитивтік лингвистиканың когнитивтік грамматика, когнитивтік лексикологиямен байланысы қандай?

Ұсынылатын і әдебиеттер:

1.Маслова. В.А. Когнитивная лингвистика: учебное пособие. – Минск: Театра Системе, 2004г.

2.Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы; А., 2007ж.

3.Тілеубердиев Б. Қазақ ономастикасының лингвоконцептологиялық негіздері. А.,2007.

№17дәріс тақырыбы: Когнитивтік лингвистика және тіл білімінің салалары.
1. Лексикалық бірліктер – таным көрсеткіші.

2. Когнитивтік лингвистиканың семантикамен байланысы.

ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап дүниеге келген зерттеулердің басым көпшілігі тілдік материалды антропологиялық және ғаламдық деректер арқылы меңгере талдауымен көзге түседі. Тілді тек қарым-қатынас құралы ретінде ғана емес, барша ақпараттар мен хабарлар жиынтығы, адамзат тіршілігінің негізі, тәжірибе мен білім арнасы, таным өзегі деп қарастырған ғалымдар оның сөздік қоры мен сөздік құрамын, стильдік тармақтарын, тарихи дереккөздерін, грамматикалық бірліктерін әрі мағына мен пішін бірлігі тұрғысынан, әрі ұғым мен таным арақатынасы негізінде дәйектеп көрсете білген. Тіл адам баласының қол жеткен табыстарын сөздер арқылы көрсетеді. Әрбір тілдің сөздік құрамындағы сөздер халықтың басынан өткен ұзақ сонар тарихын, оның саяси-әлеуметтік өмірін, тұрмыс-салтын, күнкөріс-тіршілігін, мәдени-рухани өмірін, бүкіл экономикасын айнытпай айқын бейнелеп бере алады.

Когнитивті семантика – лексикалық мағынадан тарайтын семантикалық өрістен қалыптасады. Ол сөздің атауыштық мәнін және ішкі мазмұнын анықтайтын мағыналық құралымның танымдық ерекшелігін анықтайды.



Дәрісті қорытындылау:

1. Тілді тек қарым-қатынас құралы ретінде ғана емес, таным өзегі деп қарастырған ғалымдар оның сөздік қоры мен сөздік құрамын, стильдік тармақтарын, грамматикалық бірліктерін ұғым мен таным арақатынасы негізінде дәйектеп көрсете білген.

2. Когнитивті семантика – лексикалық мағынадан тарайтын семантикалық өрістен қалыптасады.

Бақылау сұрақтары:

1. Лексикалық бірліктер – таным көрсеткіші екендігі неден көрінеді?

2.Когнитивтік фактілердің прототиптік семантика, концептуальды семантика, фреймалық семантика, процедуралық семантикамен арақатынасы неде?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Маслова. В.А. Когнитивная лингвистика: учебное пособие. – Минск: Театра Системе, 2004г.

2.Бабушкин А.К Типы концептов в лексико – фразеологический семантике языка их личная и национальная специфика. Дис... док филиал, наук. Воронеж, 1998г

3.Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы; А., 2007ж.


№18дәріс тақырыбы: Тіл біліміндегі концепт теориясының негіздері мен зерттелу тарихы.
1. Тіл білімінде концепт мәселесінің зерттелуі.

2. «Концепт» ұғымына қатысты ғалымдардың пікірлері.

Концептадам санасының ойлау бірліктері мен психикалық ресурстарын, білім мен тәжірибенің бейнелі көрсеткіштерін құрайтын, хабарлы құрылымдарды түсіндіруге мүмкіндік беретін когнитивті лингвистиканың негізгі ұғымдарының бірі. Адамның танымдық ерекшелігін сипаттар концепттік жүйе қазіргі лингвистикалық ғылымда 3 түрлі негізде айқындалады: 1. Адам ойының негізгі мәдени көрсеткіші ретінде; яғни барлық мәдени құндылықтар жекеленген концепттер мен олардың қарым-қатынасының жиынтығы деп танылатын тұжырым арқылы дәйектеледі (Ю.С.Степанов);

2. Тілдік таңбаның семантикасы концепт мазмұнын айғақтайтын бір ғана құрал деп есептеледі, сондықтан ғалымдар аталмыш терминді когнитивті семантика элементі есебінде қарастырады.

1928 ж. С.А.Аскольдов концепт терминін алғаш қолдана отырып, оның табиғатын ой құрылымы деп қарастырса, қазіргі таңда бұл ұғымның аясы кеңейе отырып, анықтама шеңберінде адамның барша психикалық ресурстары, сана қызметі, жинақталған тәжірибені танытар құрылымдар сөз болуда.

Дәрісті қорытындылау:

1. Концептадам санасының ойлау бірліктері мен психикалық ресурстарын, хабарлы құрылымдарды түсіндіруге мүмкіндік беретін когнитивті лингвистиканың негізгі ұғымдарының бірі.

2. 1928 ж. С.А.Аскольдов концепт терминін алғаш қолдана отырып, оның табиғатын ой құрылымы деп қарастырған.

Бақылау сұрақтары:

1. Тіл білімінде концепт мәселесінің зерттеген кімдер?

2. «Концепт» ұғымына қатысты ғалымдардың пікірлері қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Маслова. В.А. Когнитивная лингвистика: учебное пособие. – Минск: Театра Системе, 2004г.

2.Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы; А., 2007ж.
№19дәріс тақырыбы: Тіл біліміндегі концепт теориясының негіздері мен зерттелу тарихы.
1. Тіл білімінде концептінің кешенді қолданыста екендігі.

2. Концепт және оның түрлері.


Қазіргі лингвистикада «концепт» термині көптеген пікірталастың өзегіне айналғаны, осыған байланысты бірнеше ғылыми бағыттар қалыптасқаны белгілі.

Тіл білімінде концепт кешенді қолданыста ұғым береді:

1.Лингвомәдениеттаным аспектісінде, концепт – ақиқат дүниенің санадағы ұлттық-мәдени танымда, әлеуметтік, этикалық, рухани танымда (Н.Д.Арутюнова, А.М.Мороховский, Д.С. Лихачев т.б.).

2.Психолингвистикалық аспектіде, концепт – ақиқат дүние туралы психикалық қабілеттер (Дж.Келли, Дж.Каган, Р.И.Павеленис)

3.Лингвокогнитивтік аспектіде, концепт – ақиқат дүниені санада жинақталған ақпараттары (Е.Н.Кубрякова,А.Вежбицкая).

Концепт санада танылу деңгейіне қарай бірнеше топқа бөлінеді: Олар: метафизикалық (жан, өлім), ұлттық мәдени концепт (жусан, домбыра, баспалдақ), эмоционалды концептілер (қуаныш, қайғы, бақыт).

Концепт түрлері поэтикалық мәтіндегі тілдік көрінісіне қарай фрейм – қарапайым форма, скрипт – күрделі форма, сценарий – оқиғалы форма, схема – сызбалы форма, ойсурет – бейнелі форма деп танылды.

Дәрісті қорытындылау:

1. Когнитивтік құрылымның негізгі элементтерінің бірі – концепт.

2. Концепт санада танылу деңгейіне қарай бірнеше топқа бөлінеді: Олар: метафизикалық (жан, өлім), ұлттық мәдени концепт (жусан, домбыра, баспалдақ), эмоционалды концептілер (қуаныш, қайғы, бақыт).

Бақылау сұрақтары:

1. Қазіргі лингвистикада «концепт» терминіне қатысты пікірталастар қандай?

2. Концепт санада танылу деңгейіне қарай қандай топтарға бөлінеді?

5модуль. Когнитивтік ұғымдар жүйесі.

№20 дәріс тақырыбы: Когнитивтік ұғымдардың ерекшелігі.
1. Танымдық тіл білімінің құралдары.

2. Когнитивтік лингвистиканың терминологиялық жүйесі.

Басты танымдық ұғымдардың қатарында когнитивистер логикалық таным мен когницияның ара-жігін ажырату қажеттігін ескертті, сөйтіп, екеуінің өзіндік белгілері мен байланысқа түсер мүмкіндіктерін ғылыми негізде жіктеп зерделеген дұрыс деген қорытындыға келді. Когниция - бұл танымның өзгеше сипаты, ол адамды қоршаған шынайы болмыс туралы жан-жақты мәлімет беретін, сезім, эмоция, жады, қиял, қабылдау, ақыл-парасат сияқты әрекеттермен бірлікте дамитын құбылыс ретінде айқындалады.

Когнитивтік лингвистиканың терминологиялық жүйесі жоқтан емес, тіл білімінде бұрыннан қолданылып келе жатқан және өзге ғылымдар жүйесінен алынған ұғымдардан құралатындығын” атай отырып, В.А.Маслова оқу құралында оның ұғымдық бірліктері қатарында ақыл-ой, білім, концепт, концептуалды жүйе, когниция, әлемнің тілдік көрінісі немесе бейнесі, когнитивтік база, ментальді көзқарастар, танымдық модель немесе үлгі, категоризация, вербалдану, мәдениет константтары, концепттік ая, ұлттық мәдени кеңістік және т.б. сөздер сөз тіркестерін қарастырады.



Дәрісті қорытындылау:

1. Когниция - бұл адамды қоршаған шынайы болмыс туралы жан-жақты мәлімет беретін, сезім, эмоция, жады, қиял, қабылдау, ақыл-парасат сияқты әрекеттермен бірлікте дамитын құбылыс.

2. Танымдық тіл білімінің құралдары ретінде– фреймдер немесе стереотипті жағдайлар, сценарийлер; концепттер, яки барлық мағыналар жиынтығы; т.б. – танылып келеді.

Бақылау сұрақтары:

1. Қазіргі лингвистикада «концепт» терминіне қатысты пікірталастар қандай?

2. Концепт санада танылу деңгейіне қарай қандай топтарға бөлінеді?

3. Зерттеуші В.А. Маслова концептілерді қандай топтарға бөлген?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы.А., 2007.

2. Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана. – А.,1998 .

3. Манкеева Ж. Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері. – Тілтаным, Алматы, 2002ж. ‑ №4


№21 дәріс тақырыбы: Когнитивтік ұғымдардың ерекшелігі.
1. Танымдық бірліктердің тілдік құралдар арқылы көрініс табуы.

2. Когнитивтік ұғымдарға жалпы сипаттама беру.


Қазақ тілтаным ғылымы өзіндік үрдіспен қалыптаса отырып, маңызды танымдық бірліктердің тілдік құралдар арқылы көрініс тауып, талдануына да ұтымды әсер етті, сол себепті классикалық үлгіде қабылданатын когнитивтік ұғымдармен қатар, мұнда ұлттық таным мен пәлсапа қағидаларына құрылған әрі универсалды танымдық әрекеттерден өрбіген бірліктер де жіктеліп ұсынылды.

Фрейм. Лингвистикада фрейм ұғымының негізін қалаған ғалым – Ч.Филлмор. Фреймге „концептуалдық жүйенің құрылымдық элементтерін танытатын қарапайым формасы” деген анықтама беріліп, басты өзгешелігі ретінде „концептінің ең жақын семаларынан құрылуы және ең жақын ассоциативтік, стереотиптік таңбалар арқылы көрініс табуы” өзектеліп отыр. Сана. В.А.Маслова бұл танымдық бірліктің шеңберінде „адамның құндылықтарды, заттар мен құбылыстардың универсалды байланысын тану мүмкіндіктерін әрі сол сабақтастық негізінде әрекет ету өзгешеліктерін” қарастырады.



Білім. Бұл „бұрыннан орныққан тәжірибе мен қалыптасқан түсінік негізінде субъективті-объективті қатынастарды реттейтін, сөйтіп тұжырымдар мен қорытындыларды негіздеуге көмектесетін, бір мақсатқа бағытталған әрекет” деп танылатын термин үнемі дамып, толығып отыратын функционалды құрылымдар қатарынан орын алатын вербалды және бейвербалды тәжірибелер нәтижесі болып табылады. Гештальт. Тілдік гештальттар теориясын ұсынған Дж.Лакофф оларды тілдің терең мағыналы ерекше бірліктері ретінде қарастыру керектігін атап өтті. Жалпы гештальт деген сөздің мағынасының өзі „бейне, құрылым, біртұтас форма” дегенді білдіреді. Прототип ұғымы - белгілі бір өлшемдермен немесе параметрлермен тығыз байланысты анықталатын танымдық көрсеткіш.

Дәрісті қорытындылау:

1.Фрейм- концептуалдық жүйенің құрылымдық элементтерін танытатын қарапайым формасы.

2. Жалпы гештальт деген сөздің мағынасының өзі „бейне, құрылым, біртұтас форма” дегенді білдіреді.

3.Прототип ұғымы - белгілі бір өлшемдермен немесе параметрлермен тығыз байланысты анықталатын танымдық көрсеткіш.

Бақылау сұрақтары:

1. Когнитивтік ұғымдарға қандай ұғымдарды жатқызамыз?

2.Фрейм, сана, білім, жады, прототип, гештальт дегеніміз не?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы.А., 2007.

2. Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана. – А.,1998 .

3.Жиренов С.Ж. Когнитивтік лингвистика. А., 2010.

№22 дәріс тақырыбы: Концептуалдық метафораның тілдік табиғаты.

1. Метафора тілде ерекше танымдық қасиеті бар құбылыс.



2.Концептуальдық метафора туралы түсінік.
Метафора құбылысының құпиясы ерте заманнан-ақ көптеген ірі ойшыл-ғалымдардың назарын өзіне аударып келеді. Метафора құбылысының құпиясы ерте заманнан-ақ көптеген ірі ойшыл-ғалымдардың назарын өзіне аударып келеді. Әлемдік тілдерде, орыс тіл білімінде метафораның теориясын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлініп, оның болмысы, мән-маңызы жан-жақты зерттелуде.

Орыс тіліндегі метафоралардың концептуалдық қызметін арнайы зерттеген ғалым Е.О.Опарина еңбегінде концептуалдық метафораның жасалуына, танымдық қырларына, оның мағыналық ерекшеліктері, түрлері мен тілдегі қызметтеріне, ғылым тіліндегі концептуалдық қызметіне тоқталады. Концептуалдық метафора заттық дүниені белгілеу құралы ғана емес,ол сонымен қатар абстрактілі болмыстарды табу,оларға сай келетін немесе тілдік ұғымдарды қалыптастыру болып табылады.

Дәрісті қорытындылау:

1. Концептуалдық метафора термині шетел ғалымдары еңбектерінде, орыс тілшілері Е.О.Опарина, В.Н.Телия, Н.А.Арутюнова зерттеулерінде танымдық, жаңа ұғым жасау мағыналарында қолданылады.

2. Концептуалдық метафора жаңа ұғым (концепт) жасауды мақсат ететін метафоралық үдерістің нәтижесінен туындайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет